Жаңалықтар

Баукең мен Ғабеңнің әңгімесі

Қазақтың хас батыры, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлы заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповке өкпе-назын былай білдірген екен: - Ғабе, сізге бір ренішім бар. - Ол қандай реніш? - Сіз Сәкен Сейфуллин туралы повесть жаздыңыз ғой? - Иә, жаздым. - Оны зерттеп жаздыңыз ба, зерттемей жаздыңыз ба? ОГПУ құжаттарымен таныстыңыз ба? - Таныстым. - Өтірік айтпаңыз! Танысқан жоқсыз. Таныссаңыз, Сәкеннің күрескер, ержүрек рухын ашар ең маңызды, ұрпағымыздың ұрпағына қажет ең басты құжатты назардан тыс қалдырар ма едіңіз? - Ол қандай құжат? - Тыңдаңыз: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде»,– Бұл әлі жарияланбаған өлең, өстіп айтсам деп айта алмай кеткен ағаларымның ойы. Түсіндіңіз бе? Жоғарыдағы екі жол арманда кеткен ағаларыма менің қалай түсінгендігімнің жемісі. Мысалға жүгінейік, Сіздің кейіпкеріңіз, Қазақстан Министрлер кеңесінің бірінші төрағасы, тұңғыш революционер, ақын Сәкен Сейфуллинді қамап, атып жібердік қой. Мен ОГПУ мұражайындағы ол кісінің жеке ісімен танысқам. Сәкенді атуға алып келгендегі суретін мен көрдім. Үстінде жыртық-жыртық ала пижама. Тік тұр. Сәкен табиғатынан ақылды, өр кісі. ОГПУ-де үштік болғанын сіз білесіз ғой. « Сіздің фамилияңыз кім?»- дейді. Бұл кекету, мазақтау ғой. Соған түсініп, қайтарған жауабының кереметін қараңыз: «Біліп тұрып несін сұрайсыз?» – бұдан оның қанша азап шексе де, қанша қорлық көрсе де жасып, сынбағаны көрініп тұрған жоқ па? Жауабы қандай өр, қандай арлы, асыл жауап?! Ол осы бір ауыз сөзімен-ақ ажал көзіне жасқанбай қарап, жауын кінәлап тұр. - Үштіктің шешімімен сіз атуға бұйырылдыңыз,- дегенде Сәкен: - Басқа, басқа мен мұны Совет үкіметінен күткен жоқ едім,- дейді. Ойланыңызшы, бұл сөздер оңай ма? Оның олай деуі совет үкіметін тірідей көму ғой. Кейбіреулер: «жоқ, мен кінәлі емеспін» деп бақырып-шақырады. Кімнің өлгісі келеді. Бірақ Сәкен олай етпейді, халқымыздың «қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» деген мақалына лайық ұстамдылық танытады. Сәкен өлді. Бірақ оның: «Басқа-басқа, мен мұны Совет үкіметінен күткен жоқ едім» - деген сөзін миллион оқпен, снаряд, бомбамен өлтіру мүмкін бе? - Бауыржан, мен сен айтқандай ашық жаза алмайтын едім. - Ғабе! - дедім ашуланып. – Онда несіне қалам ұстап жүрсіз?! Мұныңызды кешегі Сәкеннің «халық жауы» аталып, атылып кеткен басқа да ағаларымның рухы кешіре ме? Міне, менің сізге деген ренішім. Егер мен Сәкен образын сомдар болсам, дәл осылай сомдар едім...»,- деп сұңқар мінезді Баукең сұсты көзін қадапты. Шіркін, бұлай деген Баукең арамызда болса, қазақтың ардақты ұлы Сәкенді қазіргі «қандендерге» қапқызбас еді. Сапиянова Назгүл, С.Сейфуллин атын.мұражайдың ғылыми қызметкері
05.03.2013 12:20 4247

Қазақтың хас батыры, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлы заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповке өкпе-назын былай білдірген екен:
- Ғабе, сізге бір ренішім бар.
- Ол қандай реніш?
- Сіз Сәкен Сейфуллин туралы повесть жаздыңыз ғой?
- Иә, жаздым.
- Оны зерттеп жаздыңыз ба, зерттемей жаздыңыз ба? ОГПУ құжаттарымен таныстыңыз ба?
- Таныстым.
- Өтірік айтпаңыз! Танысқан жоқсыз. Таныссаңыз, Сәкеннің күрескер, ержүрек рухын ашар ең маңызды, ұрпағымыздың ұрпағына қажет ең басты құжатты назардан тыс қалдырар ма едіңіз?
- Ол қандай құжат?
- Тыңдаңыз: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде»,–
Бұл әлі жарияланбаған өлең, өстіп айтсам деп айта алмай кеткен ағаларымның ойы. Түсіндіңіз бе? Жоғарыдағы екі жол арманда кеткен ағаларыма менің қалай түсінгендігімнің жемісі. Мысалға жүгінейік, Сіздің кейіпкеріңіз, Қазақстан Министрлер кеңесінің бірінші төрағасы, тұңғыш революционер, ақын Сәкен Сейфуллинді қамап, атып жібердік қой. Мен ОГПУ мұражайындағы ол кісінің жеке ісімен танысқам. Сәкенді атуға алып келгендегі суретін мен көрдім. Үстінде жыртық-жыртық ала пижама. Тік тұр. Сәкен табиғатынан ақылды, өр кісі. ОГПУ-де үштік болғанын сіз білесіз ғой.
« Сіздің фамилияңыз кім?»- дейді. Бұл кекету, мазақтау ғой. Соған түсініп, қайтарған жауабының кереметін қараңыз: «Біліп тұрып несін сұрайсыз?» – бұдан оның қанша азап шексе де, қанша қорлық көрсе де жасып, сынбағаны көрініп тұрған жоқ па? Жауабы қандай өр, қандай арлы, асыл жауап?! Ол осы бір ауыз сөзімен-ақ ажал көзіне жасқанбай қарап, жауын кінәлап тұр.
- Үштіктің шешімімен сіз атуға бұйырылдыңыз,- дегенде Сәкен:
- Басқа, басқа мен мұны Совет үкіметінен күткен жоқ едім,- дейді.
Ойланыңызшы, бұл сөздер оңай ма? Оның олай деуі совет үкіметін тірідей көму ғой. Кейбіреулер: «жоқ, мен кінәлі емеспін» деп бақырып-шақырады. Кімнің өлгісі келеді. Бірақ Сәкен олай етпейді, халқымыздың «қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» деген мақалына лайық ұстамдылық танытады. Сәкен өлді. Бірақ оның: «Басқа-басқа, мен мұны Совет үкіметінен күткен жоқ едім» - деген сөзін миллион оқпен, снаряд, бомбамен өлтіру мүмкін бе?
- Бауыржан, мен сен айтқандай ашық жаза алмайтын едім.
- Ғабе! - дедім ашуланып. – Онда несіне қалам ұстап жүрсіз?! Мұныңызды кешегі Сәкеннің «халық жауы» аталып, атылып кеткен басқа да ағаларымның рухы кешіре ме? Міне, менің сізге деген ренішім. Егер мен Сәкен образын сомдар болсам, дәл осылай сомдар едім...»,- деп сұңқар мінезді Баукең сұсты көзін қадапты.
Шіркін, бұлай деген Баукең арамызда болса, қазақтың ардақты ұлы Сәкенді қазіргі «қандендерге» қапқызбас еді.

Сапиянова Назгүл,
С.Сейфуллин атын.мұражайдың ғылыми қызметкері

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға