Жаңалықтар

Швейцария 2022 жылғы Қысқы Олимпиададан бас тартып отыр

Швейцарияның Граубюн кантонының тұрғындары жексенбі күнгі референдумде 2022 жылы Санкт-Мориц немесе Давос қалаларының бірінде өтетін Қысқы Олимпиададан бас тартқалы отыр.   Референдумде тұрғындарға Олимпиада ойындарын өткізуге Граубюн бюджетінен бөлінетін 300 млн. швейцар франкқа (320 млн. доллар) байланысты халықтың пікірін білді. Референдумге жиналған халықтың 54 пайызы қарсы екендігін айтты. Санкт-Мориц пен Давос тұрғындары ғана өткізуге қарсы еместігін айтты. Сарапшылардың айтуынша, Олимпиада ойындарын өткізуге 1,5 млрд. франк кетеді екен. Үкімет басшылары оның 1,3 млрд. франкын өз мойнымызға аламыз деп отыр. Швейария спорт министрінің айтуынша, кеткен шығынды инвесторлар мен туристер қайтарады дейді. Ал, қолдамайтындар олимпиадаға дайындық халықты дағдарысқа алып барады деп отыр. Бұған дейін Санкт-Мориц 1928 және 1948 жылдары Олимпиада астанасы атанған. Ал, Давоста Қысқы Олимпиад мүлде өтпеген. Халықаралық Олимпиада комитеті 2015 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 2022 жылы Олимпиада астанасы қай қала болатынын анықтайды. BAQ.kz
04.03.2013 10:57 3237

Швейцарияның Граубюн кантонының тұрғындары жексенбі күнгі референдумде 2022 жылы Санкт-Мориц немесе Давос қалаларының бірінде өтетін Қысқы Олимпиададан бас тартқалы отыр.  
Референдумде тұрғындарға Олимпиада ойындарын өткізуге Граубюн бюджетінен бөлінетін 300 млн. швейцар франкқа (320 млн. доллар) байланысты халықтың пікірін білді. Референдумге жиналған халықтың 54 пайызы қарсы екендігін айтты. Санкт-Мориц пен Давос тұрғындары ғана өткізуге қарсы еместігін айтты.
Сарапшылардың айтуынша, Олимпиада ойындарын өткізуге 1,5 млрд. франк кетеді екен. Үкімет басшылары оның 1,3 млрд. франкын өз мойнымызға аламыз деп отыр.
Швейария спорт министрінің айтуынша, кеткен шығынды инвесторлар мен туристер қайтарады дейді. Ал, қолдамайтындар олимпиадаға дайындық халықты дағдарысқа алып барады деп отыр. Бұған дейін Санкт-Мориц 1928 және 1948 жылдары Олимпиада астанасы атанған. Ал, Давоста Қысқы Олимпиад мүлде өтпеген. Халықаралық Олимпиада комитеті 2015 жылы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 2022 жылы Олимпиада астанасы қай қала болатынын анықтайды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға