Жаңалықтар

Өскеменде 1 наурыз - Аналар күні деп жарияланды

Шығыста тағы бір ізгі бастама көтерілді. Облыс орталығында тұңғыш рет Аналар күні аталып өтті. Көктем келген күн, яғни бірінші наурыз қалада Аналар күні деп жарияланды! Көктем лебі сезіле жасарған табиғатпен бірге қуанып, жақын жандарымызға жақсылық жасағымыз келіп тұратыны бар. Өзімізге ең жақын, ең аяулы жандар Аналарға шаттық сыйлау, көктемнің көңіл күйін сыйлау парыз секілді боп тұратын. Өскемендіктер осы сәтті тамаша мерекеге айналдырды. Серік Тәукебаев, Өскемен қаласының әкімі: Біздің бұл көктеміміз тамаша мерекемен басталды. Сәйкесінше, ана мен бала әр үйге қуаныш апарады, ол бүкіл қалаға жайылатын қуаныш! Ана - ошақтың ұйытқысы! Жүзінен шуақ төгілген асыл жандар ошағының басында отырып Отанға амандық тілеген абзал жандар. Бар баланы бөтенсіремей бауырына тартқан ақпейіл адамдар! Жансая Ерланова, Өскемен қаласының тұрғыны: Ана - біздің басты қамқоршымыз... Мамамызға еркелей бергіміз келеді. Солардың арамызда жүргені қандай қуанышты! Жансая Заманбекова, Өскемен қаласының тұрғыны: Аналар мерекесі деген әдемі мереке, аналарға өз баласының әр сәтті қадамы мереке ғой, соның өзінде осындай мереке қуанышты еселейтіні сөзсіз. Аналарға арнап Өскеменнің көркемөнерпаз ұжымдары концерт берді. Бұл күні әр бала өз анасына гүлдер ұсынды, қолдан жасалған ашықхаттар ұсынды... Тіпті, аналарының суреттерін салып әкелгендер де болды. Және тағы бір тың жаңалық, осы жазда Өскеменде өтетін мүсіншілер конкурсы кезінде қаланың орталық көшелерінің біріне Ана ескерткіші қойылатын болды. Бұл қала әкімшілігінің бастамасы. Ендігі кезек Әкеге деп кеп қалған секілді, қазір билікке Әкелер күнін тойлау туралы да ұсыныс берілді, әкімшілік құптады. Енді тек сол күнді нақтылау ғана қалды. Алмас АЛТАЙ  Астана  
04.03.2013 10:54 3580

Шығыста тағы бір ізгі бастама көтерілді. Облыс орталығында тұңғыш рет Аналар күні аталып өтті. Көктем келген күн, яғни бірінші наурыз қалада Аналар күні деп жарияланды!

Көктем лебі сезіле жасарған табиғатпен бірге қуанып, жақын жандарымызға жақсылық жасағымыз келіп тұратыны бар. Өзімізге ең жақын, ең аяулы жандар Аналарға шаттық сыйлау, көктемнің көңіл күйін сыйлау парыз секілді боп тұратын. Өскемендіктер осы сәтті тамаша мерекеге айналдырды.

Серік Тәукебаев, Өскемен қаласының әкімі:

Біздің бұл көктеміміз тамаша мерекемен басталды. Сәйкесінше, ана мен бала әр үйге қуаныш апарады, ол бүкіл қалаға жайылатын қуаныш!

Ана - ошақтың ұйытқысы! Жүзінен шуақ төгілген асыл жандар ошағының басында отырып Отанға амандық тілеген абзал жандар. Бар баланы бөтенсіремей бауырына тартқан ақпейіл адамдар!

Жансая Ерланова, Өскемен қаласының тұрғыны:

Ана - біздің басты қамқоршымыз... Мамамызға еркелей бергіміз келеді. Солардың арамызда жүргені қандай қуанышты!

Жансая Заманбекова, Өскемен қаласының тұрғыны:

Аналар мерекесі деген әдемі мереке, аналарға өз баласының әр сәтті қадамы мереке ғой, соның өзінде осындай мереке қуанышты еселейтіні сөзсіз.

Аналарға арнап Өскеменнің көркемөнерпаз ұжымдары концерт берді. Бұл күні әр бала өз анасына гүлдер ұсынды, қолдан жасалған ашықхаттар ұсынды... Тіпті, аналарының суреттерін салып әкелгендер де болды. Және тағы бір тың жаңалық, осы жазда Өскеменде өтетін мүсіншілер конкурсы кезінде қаланың орталық көшелерінің біріне Ана ескерткіші қойылатын болды. Бұл қала әкімшілігінің бастамасы. Ендігі кезек Әкеге деп кеп қалған секілді, қазір билікке Әкелер күнін тойлау туралы да ұсыныс берілді, әкімшілік құптады. Енді тек сол күнді нақтылау ғана қалды.

Алмас АЛТАЙ 
Астана

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға