Жаңалықтар

Жамбыл облысы аумағындағы ежелгі қалалар

Ақыртас – Тараз қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай, Ақшолақ темір жол бекеті тұсында таудың үстіне төртбұрышты жобамен тастан қаланған орасан зор құрылыс. Қазба жұмыстары кезінде ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында Әмір Темір әскерлері тұрғаны анықталған. Ұлы Жібек жолында болғандықтан, Қытай және араб деректерінде жиі кездеседі. Аспара – Тараздан шығысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан. Деректерге сүйенсек ХІV ғасырдың соңында Темір Аспара бекінісін салдырған. 1894 жылы шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Қазба жұмысы барысында жазуы бар мал жауырыны табылған. Автор қайғылы оқиғаларды сүйекке түсіріп отырған. Қала тарихында жаугершілік көп болғандығын көрсетеді. 1395 жылға дейін Аспара топырақ үйіндісінің астында жатты. Баласағұн (Ақтөбе) – ортағасырлық қала. Шу ауданындағы (бұрынғы «Калинин») қазіргі Баласағұн ауылының тұсында Ақтөбе деп аталатын көне қала Баласағұн деген деректер бар. Ұзақ жылдар бойы Баласағұнды зерттеуде табылған құнды жәдігерлер Қазақстан Республикасы Орталық мұражайында, Жамбыл облыстық және Шу аудандық Өлкетану мұражайларындағы көрмелерге қойылған. Құлан – VІ-ХІІІ ғасырлардың басындағы ортағасырлық қала орны. Археологиялық қазба жұмыстарының негізінде қалада қолөнер орталығы, айналасында бекіністер болғандығын көрсетеді. Қаланы ХІХ ғасырдың соңында  В.В.Бартольдтің басшылығымен 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы, 1987 жылы Қазақ КСР ҒА Тарихи және мәдени ескерткіштер жинағының экспедициясы зерттеген. Қазба жұмыстарының нәтижесінде ғалымдар Құлан қаласында ірі шарап жасайтын орын және шарапханалар болғандығын анықтаған. Табылған қыш бұйымдар мен шырағдандар соның айғағы деген жорамалдар да бар. Тараз – Ұлы Жібек жолы бойындағы екі мың жылдан астам тарихы бар көне қала, ең ірі сауда, экономика, мәдениет пен әдебиеттің ордасы болған. Ғұламалар мен шайырлар бас қосатын орталық болғандығын тарихтан белгілі. Орналасқан жері – Жамбыл облысының оңтүстік батыс бөлігі, Қырғыз Алатауы жотасының солтүстік тау етегіндегі жазықтықта жатқан Талас-Аса оазисі, Талас өзенінің сол жақ жағалауына орналасқан. Зерттеушілердің пікірінше қаланы Парфия шеберлері, рим легионерлері және жергілікті халық салған. Қаланы 1867 жылы П.П.Лерхпен, 1880-1089 жылдары У.Калмен, 1898 жылы В.В.Бартольд, 1894 жылы В.П.Лаврентьев зерттеді. Төменгі Барысхан – Таразға жақын орналасқан Талас станциясының маңында орналасқан қала. Ол жайлы Х ғасырда Макдиси: «Қалада құрылыс өте көп, ол қабырғалармен қоршалған және оның ішкі қамалы бар», – деп суреттейді. Төрткүл – ХІ-ХІІІ ғасырдағы көне қала. Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз қаласының батыс жақ шетінде (Ы.Сүлейменов көшесі) орналасқан. Оны 1983-1985 жылдары Тараз археологиялық экспедициясы (жетекшісі Карл Байпақов) зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізді. Орта ғасырдағы көшпенділер өмірінен сыр шертетін бұл қаланың батыс қабырғасы сақталмаған. Қабырғаларының ұзындығы 80 метр, ені 60 метр, биіктігі 1,5-2 метр болып келеді.
02.03.2013 23:03 18097

Ақыртас – Тараз қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай, Ақшолақ темір жол бекеті тұсында таудың үстіне төртбұрышты жобамен тастан қаланған орасан зор құрылыс. Қазба жұмыстары кезінде ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында Әмір Темір әскерлері тұрғаны анықталған.
Ұлы Жібек жолында болғандықтан, Қытай және араб деректерінде жиі кездеседі.

Аспара – Тараздан шығысқа қарай 180 шақырым жерде орналасқан. Деректерге сүйенсек ХІV ғасырдың соңында Темір Аспара бекінісін салдырған. 1894 жылы шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Қазба жұмысы барысында жазуы бар мал жауырыны табылған. Автор қайғылы оқиғаларды сүйекке түсіріп отырған. Қала тарихында жаугершілік көп болғандығын көрсетеді. 1395 жылға дейін Аспара топырақ үйіндісінің астында жатты.

Баласағұн (Ақтөбе) – ортағасырлық қала. Шу ауданындағы (бұрынғы «Калинин») қазіргі Баласағұн ауылының тұсында Ақтөбе деп аталатын көне қала Баласағұн деген деректер бар. Ұзақ жылдар бойы Баласағұнды зерттеуде табылған құнды жәдігерлер Қазақстан Республикасы Орталық мұражайында, Жамбыл облыстық және Шу аудандық Өлкетану мұражайларындағы көрмелерге қойылған.

Құлан – VІ-ХІІІ ғасырлардың басындағы ортағасырлық қала орны. Археологиялық қазба жұмыстарының негізінде қалада қолөнер орталығы, айналасында бекіністер болғандығын көрсетеді. Қаланы ХІХ ғасырдың соңында  В.В.Бартольдтің басшылығымен 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы, 1987 жылы Қазақ КСР ҒА Тарихи және мәдени ескерткіштер жинағының экспедициясы зерттеген. Қазба жұмыстарының нәтижесінде ғалымдар Құлан қаласында ірі шарап жасайтын орын және шарапханалар болғандығын анықтаған. Табылған қыш бұйымдар мен шырағдандар соның айғағы деген жорамалдар да бар.

Тараз – Ұлы Жібек жолы бойындағы екі мың жылдан астам тарихы бар көне қала, ең ірі сауда, экономика, мәдениет пен әдебиеттің ордасы болған. Ғұламалар мен шайырлар бас қосатын орталық болғандығын тарихтан белгілі. Орналасқан жері – Жамбыл облысының оңтүстік батыс бөлігі, Қырғыз Алатауы жотасының солтүстік тау етегіндегі жазықтықта жатқан Талас-Аса оазисі, Талас өзенінің сол жақ жағалауына орналасқан.
Зерттеушілердің пікірінше қаланы Парфия шеберлері, рим легионерлері және жергілікті халық салған. Қаланы 1867 жылы П.П.Лерхпен, 1880-1089 жылдары У.Калмен, 1898 жылы В.В.Бартольд, 1894 жылы В.П.Лаврентьев зерттеді.

Төменгі Барысхан – Таразға жақын орналасқан Талас станциясының маңында орналасқан қала. Ол жайлы Х ғасырда Макдиси: «Қалада құрылыс өте көп, ол қабырғалармен қоршалған және оның ішкі қамалы бар», – деп суреттейді.

Төрткүл – ХІ-ХІІІ ғасырдағы көне қала. Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз қаласының батыс жақ шетінде (Ы.Сүлейменов көшесі) орналасқан. Оны 1983-1985 жылдары Тараз археологиялық экспедициясы (жетекшісі Карл Байпақов) зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізді. Орта ғасырдағы көшпенділер өмірінен сыр шертетін бұл қаланың батыс қабырғасы сақталмаған. Қабырғаларының ұзындығы 80 метр, ені 60 метр, биіктігі 1,5-2 метр болып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға