Жаңалықтар

Айманов Шакен (Шаһкерім)

  Соңғы редакциялау: 15 қазан 2012 Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964 жыл). Болашақ актер 1914 жылдың 15 ақпанында қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.  Айманов 1932 – 1933 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері  ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 1951 жылғы қазіргі Қазақтың академиялық  драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945 жыл), «Жамбыл» (1947 жыл) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 1970 жылғы «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953 жыл), «Алдар көсе» (1965 жыл), «Атамекен» (1966 жыл), «Найзатас баурайында» (1968 жыл). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан  «Біздің сүйікті дәрігер» (1958 жыл) мен «Тақиялы періште» (1969 жыл) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970 жыл) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 1970 жылы) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952 жыл) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968 жыл) лауреаты. 1970 жылдың 24 желтоқсанында Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972 жыл) және «Қазақфильм» студиясы (1984 жыл) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған. Айманов — режиссер: 1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге) 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге) 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге) 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» 1961 «Бір ауданда» 1961 «Әуен шақырады» 1962 «Жол торабы» 1964 «Алдар көсе» 1966 «Атамекен» 1968 «Тақиялы періште» 1970 «Атаманның ақыры» Айманов — актер: 1938 «Амангелді» — эпизод 1940 «Райхан» — Сәрсен 1943 «Ақ раушан» — майдангер 1945 «Абай әндері» — Шәріп 1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов 1953 «Жамбыл» — Жамбыл 1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод 1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе 1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай Айманов — сценаршы: 1968 «Тақиялы періште» (Я. Зискиндпен бірге) Айманов — көркемдік жетекші: 1959 «Өмірге жол» 1966 «Ән қанатында» Марапаттар мен жүлделер: 1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін) 1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз»фильмі үшін) 1958 — Ташкент. Африка және  Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін) 1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін) 1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік  режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін) 1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік  К.Байсейітова атындағы сыйлық  (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне) 1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін) 1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік  сыйлығы  (марқұм болған соң,  «Атаманның ақыры» фильміне) Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені екі «Құрмет Белгісі» ордені
08.11.2012 11:22 7463

 

Соңғы редакциялау:
15 қазан 2012

Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964 жыл). Болашақ актер 1914 жылдың 15 ақпанында қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.  Айманов 1932 – 1933 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері  ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды. 1947 – 1951 жылғы қазіргі Қазақтың академиялық  драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945 жыл), «Жамбыл» (1947 жыл) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 1970 жылғы «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953 жыл), «Алдар көсе» (1965 жыл), «Атамекен» (1966 жыл), «Найзатас баурайында» (1968 жыл). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан  «Біздің сүйікті дәрігер» (1958 жыл) мен «Тақиялы періште» (1969 жыл) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970 жыл) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 1970 жылы) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952 жыл) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968 жыл) лауреаты. 1970 жылдың 24 желтоқсанында Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді. Алматы қаласының көшесі (1972 жыл) және «Қазақфильм» студиясы (1984 жыл) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Айманов — режиссер:

  • 1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
  • 1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)
  • 1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
  • 1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
  • 1961 «Бір ауданда»
  • 1961 «Әуен шақырады»
  • 1962 «Жол торабы»
  • 1964 «Алдар көсе»
  • 1966 «Атамекен»
  • 1968 «Тақиялы періште»
  • 1970 «Атаманның ақыры»

Айманов — актер:

  • 1938 «Амангелді» — эпизод
  • 1940 «Райхан» — Сәрсен
  • 1943 «Ақ раушан» — майдангер
  • 1945 «Абай әндері» — Шәріп
  • 1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
  • 1953 «Жамбыл» — Жамбыл
  • 1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
  • 1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
  • 1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
  • 1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай

Айманов — сценаршы:

  • 1968 «Тақиялы періште» (Я. Зискиндпен бірге)

Айманов — көркемдік жетекші:

  • 1959 «Өмірге жол»
  • 1966 «Ән қанатында»

Марапаттар мен жүлделер:

  • 1952 — КСРО Мемлекеттік сыйлығы (театрдағы еңбегі үшін)
  • 1958 — Бүкілодақтық кинофестиваль (үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз»фильмі үшін)
  • 1958 — Ташкент. Африка және  Азия елдерінің Халықаралық кинофестивалі (диплом, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
  • 1959 — Бүкілодақтық кинофестиваль (Құрмет дипломы, «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін)
  • 1963 — Орта Азия мен Қазақстан кинематографистерінің конкурсы («үздік  режиссерлік жұмысы үшін» жүлдесі, «Жол торабы» фильмі үшін)
  • 1967 — Қазақ КСР Мемлекеттік  К.Байсейітова атындағы сыйлық  (көркем шығармашылығы үшін, «Ән қанатында» фильміне)
  • 1969 — Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің конкурсы (диплом, «Тақиялы періште» фильмі үшін)
  • 1972 — Қазақ КСР Мемлекеттік  сыйлығы  (марқұм болған соң,  «Атаманның ақыры» фильміне)
  • Ленин ордені
  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • екі «Құрмет Белгісі» ордені
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға