Астана - 1995-2008 жылдар аралығы
1995
15 қыркүйек - Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» тарихи Жарлығы жарық көрді.
1996
23 мамыр — ҚР Президентінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Үлттық университетін құру туралы Жарлығы шықты. 9 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы аумақтарының әкімшілік шекараларында Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды.
1997
20 қазан — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан астанасын Ақмолаға көшіру туралы Жарлыкқа қол қойды.
8 қараша — Ақмола қаласына Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба мен Президент байрағы жеткізілді.
1998
6 мамыр — ҚР Президенті «Ақмола қаласын Астана қаласы деп атау туралы» Жарлыққа қол қойды. 2 аудан: Алматы және Сарыарқа құрылды.
20 мамыр — ПрезидентН.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңға қол қойды.
9-10маусым — Астананың ресми халықаралық тұсаукесері өтті. Ж.Қ.Қасымбаев пен Н.Ж.Ағыбаевтың «Ақмола тарихы. XIX-XX ғасырдың басы: зерттеулер, деректер, түсіндірмелер» (Алматы: «Жеті жарғы», 1988) еңбегі жарық көрді.
1999
Маусым - Астананың бірінші елтаңбасы бекітілді. Елтаңба авторлары – Д.Салауат пен А.Чиканаев.
Қазакстандық белгілі ғалым К. Ақышев Бозок көне елді мекенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
2000
27 қазан — ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Мемлекеттік мұражайы мен С. Сейфуллин атындағы Республикалық көпшілік кітапханасы біріктіріліп, ҚР Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2001
19 наурыз — ҚР Президентінің Жарлығы бойынша 2005 жылға дейінгі аралықта «Астананың көркеюі — Қазақстанның көркеюі» атты Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
29 маусым — Мемлекет басшысы «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыкқа қол қойды.
Маусым — Астанада ҚР Президентінің резиденциясын салу жұмыстары басталды.
Қыркуйек — Астанаға Рим Папасы II Иоанн Павел келді. Отан қорғаушылар монументі алаңында дінге сенушілер мен барлық адамдарға арналған құлшылық ету рәсімі өтті.
2002
29 тамыз — ҚР Президентінің қатысуымен «Бәйтерек» монументі салтанатты түрде ашылды.
2003
6 мамыр — «Думан» ойын-сауық кешені ашылды.
Астанада Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының I съезі өтті, оган 17 елден делегаттар мен түрлі діни конфессия өкілдері қатысты. Съездің қорытынды кезеңінде Әлемдік дін және конфессия басшылары Қазақстанның жаңа астанасына бата берді, олар «Бәйтерек» монументінің шолу алаңында ағаштан жасалған тақ тай төсемге қол қойды, онда үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Бейбітшілік пен келісім жері - Қазақстанға батамызды береміз» деген сөздер ойып жазылды.
2004
28 тамыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы Жарлығы шықты. Мұражай құру идеясын Мемлекет басшысы айтты.
24 желтоқсан — Астанада ҚР Президенті резиденциясы — Ақорда салтанатты түрде ашылды.
2005
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты еңбегі жарық көрді.
2006
Бейбітшілік пен келісім сарайының ресми тұсаукесері өтті.
12 қыркүйек — Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік дін өкілдерінің II съезі ашылды. Оған әлемнің 20 елінен 49 делегат қатысты.
16-18 қазан - Астанада Рухани келісім күндері өтті. Астана қаласы әкімдігі шетелдік кеңесшілермен бірлесе отырып, «Астананың 2030 жылға дейін тұрақты дамуының стратегиялық жоспарын» әзірлеп, бекітті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты еңбегі жарыққа шықты.
2007
21 шілде — «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Есіл арқылы өтетін жаңа екі көпір ашылды.
2008
Маусым — Астана мәслихаты Астананың жаңа рәміздерін - Елтаңба мен Туын бекітті.
6 шілде — Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы