Жаңалықтар

Астана - 1930-1941 жылдар аралығы

1930 17 желтоқсан — Жаңа аймақтық-әкімшілік аудандандыру нәтижесінде Ақмола аудандык орталыққа айналды.
19.06.2014 07:26 5917

1930

17 желтоқсан — Жаңа аймақтық-әкімшілік аудандандыру нәтижесінде Ақмола аудандык орталыққа айналды.


1931

31 қаңтар — Ақмола-Қарағанды темір жол желісі құрылысы аяқталды.


1932

20 ақпан — Қарағанды облысы құрылды, оның құрамына 21 аудан мен 5 қала кірді: Қарағанды, Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Петропавл. Облыстық әкімшілік орталығы Қарағанды қаласы болды.


1936

Ақмола қаласында екі жылдық медицина мектебі ұйымдастырылды.

5 желтоқсан — КСРО Конституциясы қабыданды, Қазақ АКСР-і Одақтық Қазак Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды.


1937

Ақмола қаласында Қазан төңкерісінің 19 жылдығына пошта құрылысы аяқталды.


1937-1953

Ақмола облысы Малиновка ауылында АЛЖИР лагерінің қызмет жасауы.


1939

Сәуір-Ақмола-Қарталы магистралінің құрылысы, ол Оңтүстік-Сібір темір жол магистралінің алғашқы желісі болды. Қазақстан Компартиясы комитетінің жіберуімен құрылысқа 1200 коммунист пен 10 мыңдай комсомол келді, ал 1939 жылғы мамырда барлық желі бойынша 21730 жұмысшы жұмыс істеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен Ақмола мен Қарталыға құрылысшы эшелондары жетті. Автомашина, көлік, түйе керуенімен, тіпті жаяулап өздеріне бөлінген, салынып жатқан жол бөлігіне бағыт алды. Құрылысшылардың ерен еңбегі арқасында жол қысқа мерзімде салынып бітті, сегіз жарым айда 806 километр жол салынды. 1940 жылғы ақпанда 417-ші километрде соңғы темір жол бөлігі іске қосылып, Магнитогорскіге алғашқы эшелон кетті.

14 қазан — Қарағанды облысы құрамынан орталығы Ақмола қаласы болған Ақмола облысы бөлініп шықты.

29 қазан — Облыстық «Акмолинская правда» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.


1940

Қаңтар — Облыстық өндірістік одақтың Ақмола оргбюросының шешімімен «Швейник» артелі ұйымдастырылды, бұл болашақтағы тігін фабрикасы еді. Онда 137 адам жүмыс істеді. Соғыс жылдары фабрика соғыс үшін әскери киім тікті. 1944 ж. оған Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың аты берілді.

26 қаңтар — Қарағандыдан Ақмола-Қарталы жаңа темір жолы бойынша Қарағанды көмірімен алғашкы эшелон жол тартты. Осы уақыттан бастап Қарағанды көмірін Магниткаға жеткізу басталды.


1941

Наурыз — Қалада вагон жөндейтін зауыт құрылысы басталды, ол толығымен 1964 жылғы желтоқсанда аяқталды.

Мамыр — «Металлист» артелі ұйымдастырылды, оның негізінде кейінірек 2 зауыт: шойын құю және газ аппаратурасы зауыты құрылды.

22маусым — Ақмоланың орталық алаңында көп адам қатысқан митинг өтті, сөз сөйлегендер Отанды қорғауға шақырды.

Шілде - Ақмолада Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әскерге шақырылушыларынан тұратын 310 атқыштар дивизиясы жасақталды.

Қыркүйек — Ақмоладағы темір жол вокзалы жанында эвакуациялық пункт құрылды.

4 қазан — Ақмола қалалық кеңесі атқару комитетінің шешімімен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс Штабы ұйымдастырылды.

Қараша — Мелитопольдан Ақмолаға көшірілген насос зауыты өзінің алғашқы өнімін шығарды.

15 желтоқсан — Ақмолада 29-атқыштар дивизиясы құрылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға