Астана - 1919-1921 жылдар аралығы
1919
6 маусым - Ақмолада Колчак жазалаушылары 38 қызыл партизанды атып өлтірді.
25 қараша – Қызыл армия жауынгерлері Ақмоланы контрреволюцияшылардан азат етті.
27 қараша – Ақмолада кеңсе қызметкерлерінің штаты анықталып, милицияның шені белгіленді.
1 желтоқсан – Ақмола уездік милициясы құрылды, оны Филатов басқарды. Ақмолауездік милициясы басқармасы 1919 жылғы желтоқсанның ортасында құрылды, оны А. Афанасьев басқарды, 1918 ж. ол Қызыл армияның нұсқаушысы болған еді. Жұмысшы-шаруа милициясы көпес Балашовтың бұрынғы үйінде орналасты.
2 желтоқсан — Ақмолада революциялық комитет (ревком) құрылды.
1920
26 шілде — Жұмысшы, шаруа және қызыл армияшылар депутаттары Кеңесінің I уездік съезінде Ақмола уездік атқарушы комитет (исполком) сайланды. Оның құрамында: азық-түлік, милиция, білім, халық шаруашылығы, жер, еңбек, әскери, қаржы, денсаулық сақтау, қырғыз, коммуналдық, нұсқаушы және мал азықтық 13 бөлім ұйымдастырылды. Ақмола исполкомы 1920 жылғы 20 тамызда 25 адамнан тұрды. Ақмола исполкомының төрағасы болып Г.Коротков сайланды. Басқарма бөлімін Сәдуақас (Сәкен) Сейфуллин басқарды әрі ол, сонымен қатар төрағаның орынбасарлығына тағайындалды. Әшім Омаров – жер бөлімін, Асылхан Әпсаламов – денсаулық сақтау бөлімін, Ғалым Әбубәкіров – коммуналдық бөлімді, Тұрысбек Мыңбаев – қырғыз секциясын, Захар Катченко – нұсқаушы бөлімін, Баталов – халық шаруашылығы бөлімін, Булочников - қаржы бөлімін, Гордиевский – халық білімі бөлімін басқарды, Байсейіт Әділов – исполком хатшысы болды. Исполкомның президиумына Коротков, Сейфуллин, Катченко, Булочников және Әділов хатшы ретінде сайланды. Редакциялық алқа құрамына Коротков, Сейфуллин, Филатов, Гордиевский кірді.
26 тамыз – Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы Декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді.
1 қыркуйек — Орталығы Петропавл қаласында орналасқан Ақмола губерниясы құрылды.
4 қазан – Орынборда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының Құрылтай съезі ашылды. Ақмолада педагогикалық техникум ашылды.
25 сәуір – Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Атбасар уездері Омбы облысы құрамынан шығарылды. Орталығы Петропавл қаласы болған Ақмола губерниясы құрылды.
Қыркүйек - Ақмола және Ақмола уезінде ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі Төтенше комиссия (Помгол) құрылды.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы