Жаңалықтар

Астана - 1918 жыл

1918 19 қаңтар — Ақмола облысы Омбы облысы бо-лып өзгертілді. Облыс құрамына Омбы, Пет-ропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар (бұрын Акмола облысы қүрамындағы), Тарский, Теке-лі (бүрын Тобыл губерниясы құрамындағы) уездері кірді.
19.06.2014 06:57 5245

1918

19 қаңтар — Ақмола облысы Омбы облысы бо-лып өзгертілді. Облыс құрамына Омбы, Пет-ропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар (бұрын Акмола облысы қүрамындағы), Тарский, Теке-лі (бүрын Тобыл губерниясы құрамындағы) уездері кірді.


Ақпан — Ақмола уезі кеңесі болыстық съезі ұйымдастырды.


15-18 ақпан — «Прогресс» кинотеатры ғимаратында жұмысшы, шаруалар мен мұсылмандар депутатының съезі өтті. Съезге негізінен болыс шаруаларының мүддесін білдіретін 224 делегат келді. Съезді ашып, салтанатты сөзді Т. Бачок сөйледі, ол съезд төрағасы болып сайланды. Съездің бірінші күнінде ағымдағы жағдай туралы баяндама тыңдалды, оны Бачок жасады. Съезге қатысушылар Омбы облыстық совдеп атына жергілікті кеңес мүшелері, жергілікті ұйым делегаттары, соның ішінде Ақмола еңбекші казактары атынан құттықтау жедел хаттарын жіберді. Съездің басты мәселесі – жұмысшы, шаруалар, солдаттар мен мұсылман депутаттарының уездік Кеңесін сайлау болды. Сайлау съезд жұмысының екінші күнінде өтті. Кеңеске 79 адам: орыстар қоныстанған болыстардан 30 депутат, қазак халқынан - 24, қаладан – 20, оның ішінде 5-і қала пролетариатынан, «Жарымжан және жаралы жауынгерлер одағынан» - 5 депутат сайланды. Кеңес төрағасы болып З.Катченко сайланды, оның орынбасары Т. Бачок, хатшылығына Ф. Кривогуз тағайындалды. Қаладан кеңеске депутаттыққа Бачок, Кривогуз, Монин, Горбунов, ағайынды Грязновтар (Михаил және Василий), Лозяной, Богомолов, Кондратьева (совдептегі жалғыз әйел) және т.б. сайланды. Қазақ болыстарынан сайланғандар: Бәкен Серікбаев – Көктас болысынан, Байсейіт Әділов – Шудан, Сәдуақас Сейфуллин – Нілдіден, Арын Малдыбаев – қалада тұратын қазақтар атынан, А.Асылбеков – Жыландыдан, Баттал Смағүлов – Сілетіден, Жүмабай Нұркин – Қарабұлақтан, Тінәлинов – Спасскіден, Ахмет Байғарин – Қызылтопырақтан және т.б. Орыстар қоныстанған болыстардан кеңеске А.Олейников, И.Гниненко, З.Катченко және т.б. енді.


3 наурыз - Жүмысшы, шаруалар мен мұсылман депутаттарының (совдеп) Ақмола кеңесі «Зингер» компаниясы қызметкерлерінің кәсіпорынға жұмысшы бақылауды орнату туралы өтінішін талқылады.


5 наурыз - Кеңестің уездік съезд Ақмола уезіндегі биліктің совдептің қолына көшкені туралы жариялады.


5 наурыз — Кеңес мүшелерінің міндеттері анықталды және Совдеп бөлімдері: азық-түлік, заң, қаржы, шаруашылық және т.б. құрылды.


7 наурыз - Құрамында Байсейіт Жүманов, Сәдуақас Сейфуллин, Жұртшыбай Омаров, Жұмабай Нұркин және Баттал Смағұлов бар қазақ секциясы сайланды.


11 наурыз – 15 адамнан тұратын халық шаруашылығы кеңесі ұйымдастырылды және «Зингер» компаниясы үстінен бақылайтын комиссия құрамы бекітілді.


13 сәуір - Совдеп болімдері қайта қүрылып, төрағасы болып Бачок сайланды. 19 сәуір - Ақмола совдепі Қарағанды тас комір кенін, жергілікті былғары зауыты мен бу диірменін мемлекет қарамағына алу туралы шешім қабылдады.


Сәуір - Ақмола совдепі Ақмола копестеріне контрибуция салу туралы шешім қабылдады. Сәуір - Ақмола совдепі Қызыл гвардия үйым-дастырды, оны М. Авдеев басқарды. Гвардия штабы мен бірінші рота көпес Халфиннің бү-рынғы үйінде орналасты. Екінші рота қала бағына жақын жердегі копес Силиннің үйінде орналасты, оған Г.Фандов басшылық етті.


1 мамыр - Ақмолада жастар шеруі болып өтті, жастар қала кошелерімен жүріп, С. Сейфуллиннің «Қазақжастарының марсельезасы» әнін шырқады.


З маусым - Ақмоладағы контрреволюциялық төңкеріс.


4 маусым - Жұмысшы, шаруа, солдаттар мен мұсылман депутаттарының Ақмола кеңесіндегі көрнекті қайраткерлер тұтқындалды.


5 қаңтар – Ақмолалық совдеп мүшелері күшейтілген күзетпен Петропавлға, кейін Анненковтың «азап вагонымен» Омбыға жөнелтіліп, 1919 жылғы наурызда Омбы концентрациялық лагеріне қамалды. Олардың бір болігі «азап вагонында» қайтыс болды (Дризге, Пионтковский, Павлов және т.б.). Бірқатар большевиктер: Бачок, Монин, Серікбаев, Жанаков, Кривогуз, Богомолов және т.б. лагерьде қаза тапты. Омбы лагерінен Катченко, Сейфуллин, Макалкин, Мартылоге, Авдеев, Кондратьеваларға қашып кету мүмкіндігі туды. Ақмола совдепінің 57 мүшесінен Анненковтың «азап вагоны» мен лагерьлерден Пригода, Сейфуллин, Катченко, ағайынды Грязновтар, Краменский, Лозяной, Стреколовскийлер ғана тірі қалды. Ақмола түрмесінен большевиктерді Қызыл армия 1919 жылы 25 қарашада Ақмоланы басып алғанда босатты.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға