Астана - 1894-1895 жылдар аралығы
1894-1938
Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын С. Сейфуллиннің өмір сүрген жылдары.
1883-1948
Әйгілі қазақ балуаны Қ. Мұңайтпасовтың өмір сүрген жылдары.
1891-1970
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушы Жақып Жоламановтың (Афанасий Латута) өмір сүрген жылдары.
1891
Қала меншігі болып табылатын тастан Сауда үйі салынды. 1890 ж. қала басшылығы ресейлік бір банктен несие алып, орталық алаңда Сауда үйін (Сауда қатарларын) салды, тастан тұрғызылған бір қабатты дүкеннің екі ғимараты, қасбеті бір кварталды алып жатты. Екі ғимаратты жағалай дүкенге кіретін есік пен торланған терезенің жоғарғы жағына шойын бағаналарға қалқалар бекітіліп маңдайшасына жазу жазылды. Дүкендердің алдында келушілерге арналған ат байлайтын көлденең орнатылған бөренелер болды. Жергілікті көпестер мен келуші саудагерлер жерді уақытша және тұрақты сауда жасауға жалға алып отырған. Екі сауда үйінде жалпы алғанда 221 дүкен болған.
1891-1893
Қаланың орталық алаңында Александр Невский православ соборы тастан тұрғызылды. Шіркеудің ерекшелігі оның ішкі қабырғалары мен төбесі әйгілі орыс суретшісі В.М.Васнецовтың шәкірті мәскеулік суретші М.И.Тимофеевтің суреттерімен өрнектеледі. Оның кұрылысы қаланың сәулеттік ажарына өзіндік рең енгізеді. Тобыл діни семинариясын бітірген В.П.Плотников Священник болып тағайындалды, оған діни қызметтен бөлек қала мен уезд шежіресін жазу міндеттері де жүктелді.
1893
Алғашқы қалалық қоғамдық ғимарат – Қала басқармасы салынды. Қалалық Думаи қаржысынан осы мақсатқа 9934 сом 85 тиын жұмсалды. Қала басқармасына жақын жерде өрт бақылайтын мұнара тұрғызылды, ол сол уақыттағы ең биік ғимараттың бірі болды. Уездік бастық Троицкийдің бастамасымен Есілдің оң жағалауында жалпы көлемі 1,5 десятина болатын қала бағы, сол жағалауда 4,2 десятина питомник салынды. Қаладан үш шақырым жерде Есілдің қалалық бөлігіндегі жағалауда 7,5 десятинаға қала тұрғындары терек, қайың және қараағаштан тұратын үш бақ отырғызған. Көпестер қалалық биліктен жерді жалға алған. Солардың бірі иесінің атымен «Кубрин саяжайы» деп аталып кеткен.
1894-1937
Алаш қозғалысына қатысушы, Қоқан автономиясының негізін салушылардың бірі Хайретдин Болғанбаевтың өмір сүрген жылдары.
1895
Қаладағы екінші мұсылман мешітінің салынуы. Халық арасында «татарлық» немесе «жасыл» деп аталып кеткен мешіт ақмолалык бай татар-көпес Н. Забировтың қаражатына салынған. Қазіргі Абай мен Республика көшелері қиылысында орналасқан.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы