Жаңалықтар

Астана - 1680-1859 жылдар аралығы

10-11 ғасыр Ортағасырлық Бозоқ қаласының гүлденген дәуірі.
19.06.2014 06:35 4791

10-11 ғасыр

Ортағасырлық Бозоқ қаласының гүлденген дәуірі.


1680-1775

Бөгенбай батырдың өмір сүрген жылдары.


1697-1786

Үмбетей жыраудың өмір сүрген жылдары.


1813

Ақмоланың Есіл өңіріне Ресей елшісі Ф.Назаровтың келуі.


1822

Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.


1830

28мамыр – Подполковник Ф.К.Шубиннің отряды Петропавл бекінісінен Ақмола мекені бағытына аттанды.


1832

9 қаңтар – Император I Николай қазақ даласында Ақмола ішкі округін ашуға рұқсат берді. 22 тамыз – Подполковник Ф.К.Шубин Ақмола ішкі округін ашты.


1834

29 мамыр — Ақмола ішкі округінің аға сүлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин Санкт-Петербургте императордың қабылдауында болды. Ақмола аймақтық приказының ғимараты салынды.


1837

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.


1838

26 мамыр-2 маусым – Кенесары Қасымұлы жасағының Ақмола қамалын қоршауға алуы.


1839

Ақмола приказы үйілген жал-дуалмен қоршалды.


1840

Инженер-полковник Белокопытовтың басшылығымен Омбы инженерлік басқармасы Ақмола бекінісінің алғашқы Бас жоспары әзірленді.


1844

Сүлтан Қ. Құдаймендиннің қаржысына қамалдың қабырғасы артынан 2 қабатты ағаш мешіт салынды. Келесі жылы оның қасынан жергілікті мұсылман балаларының сауатын ашумен айналысатын, Бурабай молдаға арнап шағын үй тұрғызылды. Кезекті керуен келген кезде мешітте міндетті түрде діни қайырымдылық жорасы жасалып отырған. Жай күндері мұнда алыс және жақын ауылдардан мүсылмандар дүға жасауға келеді. Уақыт өте келе мешіттің маңына ұсақ саудагерлер, қолөнершілер, басқа жақтан келетін адамдар орын тебе бастайды. Ағаш мешіт Ақмоланың көрікті орындарының бірі, сондай-ақ оның қайталанбас сәулет және тарихи ескерткіші болып саналды.


1845

Ақмола казак станицасы құрылды.


1852

Ақмола елді мекенінде Константиновск және Дмитриевск жәрмеңкелерінің ашылуы.


1855-1856

Ақмолада православия ағаш шіркеуі салынып, ол Константин-Елена деп аталды. Шіркеу Ақмола қыстағы тұрғындарының ерікті жәрдем жинауының қаржысына салынды. Барлық құрылыс жұмыстары шаруашылық тәсілмен, ақмолалық әскери отряд күшімен орындалды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың ұсынысы бойынша шіркеу құрылысына сол уақытта Ақмола қамалында болған инженер-поручик Г.А. Воротников қатысты, ол гарнизондық инженер міндетін атқарды әрі әскери және азаматтық ғимараттардың басталуы мен жөндеу жұмыстарына техникалық бақылау жүргізді. Құрылыс екі жылдай уақытқа созылды. Шіркеу дәстүрлі жоба бойынша салынды. 1856 ж. шіркеуге иконостасты жеткізіп, оны дәріптеген соң, шіркеуде жүйелі түрде құдайға құлшылық ету дәстүрі басталды. Шіркеудің алғашқы дін уағызшысы М.Никольский болды. 1900 ж. шіркеу бүзылып, станицаға көшірілді. 1913 ж. оны әктеп сылағаннан ол тастан салынған тәрізді көрінеді.

Дерккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға