Жаңалықтар

Қазақстан жаңа тарихының мұражайы

Қазақстан жаңа тарихының мұражайы – ҚР Түңғыш Президентінің Астанадағы мұражайы болып табылады. Ол Президенттің 2004 ж. 24 тамыздағы Жарлығы бойынша шаңырақ көтерді. Мемлекет Басшысының Резиденциясы болған мұражай өзінің алғашқы көрермендерін 2005 ж. наурыз айында қабылдады. Президенттің бұрынғы Резиденциясы – егемен Қазақстан үшін тарихи орын болып есептеледі. 1997 жылдан 2004 жылға дейінгі 7 жылда республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі шаралардың бәрі осыңда өтті. 1997 ж. 10 желтоқсанда Резиденцияның күмбезді залы тарихи жарлықтың куәгері болды. Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын астана деп жариялады, кейін ол жаңа символикалық «Астана» атауына ие болды. Бұл окиға жас мемлекет жылнамасының алтын бетін ашты. Мұражай экспозицияларына арқау болған басты идея – республика мемлекеттік егемендігінің орнауы және демократиялық егемен мемлекет орнатудағы оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі. 2005-2006 жылдары мұражай қоры сирек экспонаттармен толықты, олардың ішінде – Сингапурдың алтын жалатқан маркалар коллекциясы, Өзбекстан президенті сыйға тартқан күміс атқұйма-мүсіншесі, АҚШ президенті Дж. Буштың табақшасы, Малайзия Жоғарғы Баскарушысының «Гонг» сувенирі, Беларусь Республикасы президенті А. Лукашенконың фарфорға алтын жалатқан «Мәскеу түбіндегі «Бородино» шайқасы» шахматы, АҚШ Мемлекеттік хатшысы К. Райстың өрнек оймышты тостағаны бар. Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер 2 съезі қонақтарының сыйға тартқан заттары да тартымды. Мұражай қызметінің ең басты бағыттарының бірі – адамзат мәдени мұрасының алуан түрлерін қамтитын, әр түрлі елдер мен халықтардың материалдық және рухани мәдениеті ескерткіштері коллекцияларының барлык түрін көрсететін көрмелер ұйымдастыру. Астананың көрікті жерлерінің бірі «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, онда шағын макет экспонат түрінде бүкіл Қазақстан көрсетілген. Ол дүние жүзі парктерінде бар макеттерге ұқсас, әлемдегі 17-парк болып саналады. Этнокешен 2001 ж. 8 кыркүйекте ҚР Президентінің қолдауымен ашылды. «Атамекен» Қазақстан картасы» сирек архитектуралық құрылыс, бұл әлемде бірде-бір тендесі жоқ, қайталанбас төл туынды, ғажайып кешен, ол алып жатқан 1,7 га алаңда Алматы мен Астананың және 14 облыстың бейнелі түрде тарихы, экономикасы, мәдениеті көрсетілген. 300-ден астам макет арқылы біздің еліміздің көз тоқтатар орындары бейнеленген: онда әр аймаққа тән ландшафт, белгілі тарихи-архитектуралық ескерткіштен бастап қазіргі қала құрылысы ансамбльдеріне дейін көрініс тапқан. Әсіресе архитектуралық стиль тақырыбы ерекше көз тартады. Қазақстан мұражайларының ішінде, мұнда бірінші рет табиғат нысандары – қазаншұңқырлар, көлдер, орман, дала, өзен, тау, батырлар жерленген орындар, ғимараттар мен ғибадатханалар, мазарлар, қазіргі қала құрылысы ансамбльдері қамтылған. Кешеннің бесжылдық тойы аясында мұнда 2006 ж. 7 қыркүйекте Қазақстан және ҚР-мен шекаралас Республикалардың сән және қосалқы өнер шеберлері бұйымдарының Халықаралық көрме-фестивалі өтті. Көршілес бес елдің ғажайып архитектуралық ескерткіштерінің: Василий Блаженный соборы (РФ), Ұлы Қытай қорғанының (ҚХР), Тәуелсіздік монументінің (Түркіменстан), Ыстыккөл алабының (Қырғызстан), Шер-Дор медресесінің (Өзбекстан), Қыз мұнарасының (Әзірбайжан) макеттерінің тұсаукесері өткізілді. 8 қыркүйекте Еуразия кеңістігі – рухани және мәдени құндылықтар тоғысы халықаралық конференциясы өткізіліп, конференция материалдары жинақ болып басылып шықты. «Атамекен» Қазақстан картасы» - Астананың мақтаныш етер нысандарының бірі. Ол – халықтың мәдени-тарихи мұрасын көз алдыңа әкелетін, көрермен жүрегінің Отанға деген мақтаныш сезімін оятатын, тарихи жадын бекітіп әрі байытуға, тарих туралы түсінігін қалыптастыруға жетелейтін мәдени-тарихи көрме әрі серуен орны. Астана ірге тепкен сәтте алғаш қайта салу назарына іліккен, кеңестік заманның таңдаулы ғимараттарының бірі – Тың игерушілер сарайы болды. 60-жылдардың орта тұсында ригалық архитекторлар жобасы бойынша ірге көтерген бұл ғимарат қаланың ең негізгі кино-концерт залы және бірнеше буынның бас қосар орны болды. Жаңадан Конгресс-холл атауына ие болған бұл ғимарат қазірде Астанадағы ең сәулетті сарай қызметін атқарып келеді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 02:17 2989

Қазақстан жаңа тарихының мұражайы – ҚР Түңғыш Президентінің Астанадағы мұражайы болып табылады. Ол Президенттің 2004 ж. 24 тамыздағы Жарлығы бойынша шаңырақ көтерді. Мемлекет Басшысының Резиденциясы болған мұражай өзінің алғашқы көрермендерін 2005 ж. наурыз айында қабылдады. Президенттің бұрынғы Резиденциясы – егемен Қазақстан үшін тарихи орын болып есептеледі. 1997 жылдан 2004 жылға дейінгі 7 жылда республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі шаралардың бәрі осыңда өтті. 1997 ж. 10 желтоқсанда Резиденцияның күмбезді залы тарихи жарлықтың куәгері болды. Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын астана деп жариялады, кейін ол жаңа символикалық «Астана» атауына ие болды. Бұл окиға жас мемлекет жылнамасының алтын бетін ашты. Мұражай экспозицияларына арқау болған басты идея – республика мемлекеттік егемендігінің орнауы және демократиялық егемен мемлекет орнатудағы оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі. 2005-2006 жылдары мұражай қоры сирек экспонаттармен толықты, олардың ішінде – Сингапурдың алтын жалатқан маркалар коллекциясы, Өзбекстан президенті сыйға тартқан күміс атқұйма-мүсіншесі, АҚШ президенті Дж. Буштың табақшасы, Малайзия Жоғарғы Баскарушысының «Гонг» сувенирі, Беларусь Республикасы президенті А. Лукашенконың фарфорға алтын жалатқан «Мәскеу түбіндегі «Бородино» шайқасы» шахматы, АҚШ Мемлекеттік хатшысы К. Райстың өрнек оймышты тостағаны бар. Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер 2 съезі қонақтарының сыйға тартқан заттары да тартымды. Мұражай қызметінің ең басты бағыттарының бірі – адамзат мәдени мұрасының алуан түрлерін қамтитын, әр түрлі елдер мен халықтардың материалдық және рухани мәдениеті ескерткіштері коллекцияларының барлык түрін көрсететін көрмелер ұйымдастыру. Астананың көрікті жерлерінің бірі «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, онда шағын макет экспонат түрінде бүкіл Қазақстан көрсетілген. Ол дүние жүзі парктерінде бар макеттерге ұқсас, әлемдегі 17-парк болып саналады. Этнокешен 2001 ж. 8 кыркүйекте ҚР Президентінің қолдауымен ашылды. «Атамекен» Қазақстан картасы» сирек архитектуралық құрылыс, бұл әлемде бірде-бір тендесі жоқ, қайталанбас төл туынды, ғажайып кешен, ол алып жатқан 1,7 га алаңда Алматы мен Астананың және 14 облыстың бейнелі түрде тарихы, экономикасы, мәдениеті көрсетілген. 300-ден астам макет арқылы біздің еліміздің көз тоқтатар орындары бейнеленген: онда әр аймаққа тән ландшафт, белгілі тарихи-архитектуралық ескерткіштен бастап қазіргі қала құрылысы ансамбльдеріне дейін көрініс тапқан. Әсіресе архитектуралық стиль тақырыбы ерекше көз тартады. Қазақстан мұражайларының ішінде, мұнда бірінші рет табиғат нысандары – қазаншұңқырлар, көлдер, орман, дала, өзен, тау, батырлар жерленген орындар, ғимараттар мен ғибадатханалар, мазарлар, қазіргі қала құрылысы ансамбльдері қамтылған. Кешеннің бесжылдық тойы аясында мұнда 2006 ж. 7 қыркүйекте Қазақстан және ҚР-мен шекаралас Республикалардың сән және қосалқы өнер шеберлері бұйымдарының Халықаралық көрме-фестивалі өтті. Көршілес бес елдің ғажайып архитектуралық ескерткіштерінің: Василий Блаженный соборы (РФ), Ұлы Қытай қорғанының (ҚХР), Тәуелсіздік монументінің (Түркіменстан), Ыстыккөл алабының (Қырғызстан), Шер-Дор медресесінің (Өзбекстан), Қыз мұнарасының (Әзірбайжан) макеттерінің тұсаукесері өткізілді. 8 қыркүйекте Еуразия кеңістігі – рухани және мәдени құндылықтар тоғысы халықаралық конференциясы өткізіліп, конференция материалдары жинақ болып басылып шықты. «Атамекен» Қазақстан картасы» - Астананың мақтаныш етер нысандарының бірі. Ол – халықтың мәдени-тарихи мұрасын көз алдыңа әкелетін, көрермен жүрегінің Отанға деген мақтаныш сезімін оятатын, тарихи жадын бекітіп әрі байытуға, тарих туралы түсінігін қалыптастыруға жетелейтін мәдени-тарихи көрме әрі серуен орны. Астана ірге тепкен сәтте алғаш қайта салу назарына іліккен, кеңестік заманның таңдаулы ғимараттарының бірі – Тың игерушілер сарайы болды. 60-жылдардың орта тұсында ригалық архитекторлар жобасы бойынша ірге көтерген бұл ғимарат қаланың ең негізгі кино-концерт залы және бірнеше буынның бас қосар орны болды. Жаңадан Конгресс-холл атауына ие болған бұл ғимарат қазірде Астанадағы ең сәулетті сарай қызметін атқарып келеді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға