Жаңалықтар

Астана қаласының мұражайлары

Қала мүражайларында рухани һәм материалдық мұраның мол қоры жинақталған, сол аркылы атадан балаға тарихи-мәдени ақпарат беріліп, жеткіншек ұрпақ санасы кемелдене бермек. Астанадағы Қазіргі заман өнері мұражайы да экспозициялық кеңістікте өткен дәуір өнер ескерткіштерімен қатар бір ғана әлемдік мәдени үрдістің құрамды бөлігі болып қабылданатын алуан бағыт пен стильдердің тілдесу, тоғысу орны болып табылады. Мұражай 1980 ж. шаңырақ көтерді. Тың және тыңайған жерді игерудің 25 жылдығы кезінде ұйымдастырылған «Адам және жер» атты бүкілодақтық көрме (1979) мұражайдың дүниеге келуіне жол ашып берді. Мұражай қоры ең алғаш Бүкілодақтық көрмеден қалаға берілген 500-ге тарта кескіндеме графикалық мүсіндік шығармалардан құралды. Мұражайдың кұралып кетуіне қазақстандық белгілі қылқалам шеберлері де барынша атсалысты. А. Ғалымбаева, Е. Сидоркин, Н. Гаев, Ә. Ысмайылов, Ж. Шәрденов, Ү. Әжиев, т.б. өз шығармаларын мұражайға тарту етті. Мұражай қорында алуан тақырыппен жанрлық бағыттағы үш мыңнан астам өнер шығармалары жинақталған. Сондай-ақ мұражайда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларуссия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония, Тәжікстан, т.б. достас елдер суретшілерінің небір құнды шығармалары асқан ұқыптылықпен сақталуда. Пейзаж жанрының үлкен шеберлері ҚазКСР халық суретшісі Ә. Қастеевтің ҚазКСР еңбек сіңірген суретшілер Ә. Ысмайылов пен Ж. Шәрденовтың, КСРО мен РКФСР халық суретшілері Б. Щербаков, А. Грицай, А. Глебов, Молдаван КСР еңбек сіңірген суретшілері Э. Романеску, С. Шишко, А. Бекорянның шығармалары қойылған. ҚазКСР және Ресей халық суретшілері Г. Ысмайылова, Б. Неменский, Татарстан халық суретшісі К. Муллашев өз шығармаларында портрет иелерінің жан дүнесі құпиясын, көңіл күйінің лұп еткен сәттерін дәл басуды басты мақсат тұтқан. ҚазКСР халық суретшісі А. Ғалымбаеваның, ҚазКСР еңб. сіңірген қайраткері Е. Төлепбаевтың, КСРО халық суретшісі Д. Налбандян, А. Лапуховтың натюрморт жанрында өзінше бір сыр шерткен туындылары да мұражай коллекциясынан орын алған. ҚазКСР халық суретшілері С. Романов, О. Сидоркиннің, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері С.Айтбаев, В. Антощенко-Оленов, В. Джапаридзенің жанрлық жұмыстары көрерменін баурай әрі сол оқиғаның куәгері ете отырып, өз дәуірін бейнелейді. Мұражай ұжымының американ коллекционері, кәсіпкер әрі меценат Р. Спунерге ризашылығы ерекше. Ол мұражайға өзінің жеке коллекциясынан Қазақстан суретшілерінің 14 туындысын тарту етті. Шығарма иелерінің қатарында Қазақстан бейнелеу өнерінің ірі тұлғалары – Ж. Шәрденов, Е. Төлепбаев және қазіргі заман авангардшылары А. Нода, А. Тазиев, А. Обедан, В. ЛюйКо және т.б. бар. Суретші әрі коллекционер А. Қазғұлов пен оның отбасы мұражайға 10 кескіндеме және графика туындыларын сыйға тартты. Олар: И. Исабаевтың графикалық парақтары, А. Эйфер, Л. Леонтьев және т.б. кескіндемелік туындылары. 2006 ж. астаналық суретші И. Свитичтің мұражайға тартқан сыйы айтарлықтай болды. Мұражай оның кескіндемелік және графикалық 60 жұмысымен толықты. Мұражайлардың негізгі қызметі өнер шығармаларын жинастыру, шығармаларға ғылыми зерттеу жүргізу, оның өнердегі бағыты мен құндылығын анықтау, келешек ұрпаққа уағыздай отырып, мұра етіп қалдыру. Ол көрермендер көз алдына бейнелеу өнерінің тұтас бір көрінісін алып келуге, көркем стильдер мен бағыттардың даму кезеңін жүйелеуге, суретшілер шығармаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік тудырады. Көркем сурет галереяларының жұмысы да осы мұражаймен сабақтас. Алайда оның басты мақсаты казірп заман суретшілері шығармаларын уағыздай отырып сатуға, сөйтіп суретшінің өз шығармашылығын одан әрі дамытуына жол ашу. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 02:09 23433

Қала мүражайларында рухани һәм материалдық мұраның мол қоры жинақталған, сол аркылы атадан балаға тарихи-мәдени ақпарат беріліп, жеткіншек ұрпақ санасы кемелдене бермек. Астанадағы Қазіргі заман өнері мұражайы да экспозициялық кеңістікте өткен дәуір өнер ескерткіштерімен қатар бір ғана әлемдік мәдени үрдістің құрамды бөлігі болып қабылданатын алуан бағыт пен стильдердің тілдесу, тоғысу орны болып табылады. Мұражай 1980 ж. шаңырақ көтерді. Тың және тыңайған жерді игерудің 25 жылдығы кезінде ұйымдастырылған «Адам және жер» атты бүкілодақтық көрме (1979) мұражайдың дүниеге келуіне жол ашып берді. Мұражай қоры ең алғаш Бүкілодақтық көрмеден қалаға берілген 500-ге тарта кескіндеме графикалық мүсіндік шығармалардан құралды. Мұражайдың кұралып кетуіне қазақстандық белгілі қылқалам шеберлері де барынша атсалысты. А. Ғалымбаева, Е. Сидоркин, Н. Гаев, Ә. Ысмайылов, Ж. Шәрденов, Ү. Әжиев, т.б. өз шығармаларын мұражайға тарту етті. Мұражай қорында алуан тақырыппен жанрлық бағыттағы үш мыңнан астам өнер шығармалары жинақталған. Сондай-ақ мұражайда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларуссия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония, Тәжікстан, т.б. достас елдер суретшілерінің небір құнды шығармалары асқан ұқыптылықпен сақталуда. Пейзаж жанрының үлкен шеберлері ҚазКСР халық суретшісі Ә. Қастеевтің ҚазКСР еңбек сіңірген суретшілер Ә. Ысмайылов пен Ж. Шәрденовтың, КСРО мен РКФСР халық суретшілері Б. Щербаков, А. Грицай, А. Глебов, Молдаван КСР еңбек сіңірген суретшілері Э. Романеску, С. Шишко, А. Бекорянның шығармалары қойылған. ҚазКСР және Ресей халық суретшілері Г. Ысмайылова, Б. Неменский, Татарстан халық суретшісі К. Муллашев өз шығармаларында портрет иелерінің жан дүнесі құпиясын, көңіл күйінің лұп еткен сәттерін дәл басуды басты мақсат тұтқан. ҚазКСР халық суретшісі А. Ғалымбаеваның, ҚазКСР еңб. сіңірген қайраткері Е. Төлепбаевтың, КСРО халық суретшісі Д. Налбандян, А. Лапуховтың натюрморт жанрында өзінше бір сыр шерткен туындылары да мұражай коллекциясынан орын алған. ҚазКСР халық суретшілері С. Романов, О. Сидоркиннің, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері С.Айтбаев, В. Антощенко-Оленов, В. Джапаридзенің жанрлық жұмыстары көрерменін баурай әрі сол оқиғаның куәгері ете отырып, өз дәуірін бейнелейді. Мұражай ұжымының американ коллекционері, кәсіпкер әрі меценат Р. Спунерге ризашылығы ерекше. Ол мұражайға өзінің жеке коллекциясынан Қазақстан суретшілерінің 14 туындысын тарту етті. Шығарма иелерінің қатарында Қазақстан бейнелеу өнерінің ірі тұлғалары – Ж. Шәрденов, Е. Төлепбаев және қазіргі заман авангардшылары А. Нода, А. Тазиев, А. Обедан, В. ЛюйКо және т.б. бар. Суретші әрі коллекционер А. Қазғұлов пен оның отбасы мұражайға 10 кескіндеме және графика туындыларын сыйға тартты. Олар: И. Исабаевтың графикалық парақтары, А. Эйфер, Л. Леонтьев және т.б. кескіндемелік туындылары. 2006 ж. астаналық суретші И. Свитичтің мұражайға тартқан сыйы айтарлықтай болды. Мұражай оның кескіндемелік және графикалық 60 жұмысымен толықты. Мұражайлардың негізгі қызметі өнер шығармаларын жинастыру, шығармаларға ғылыми зерттеу жүргізу, оның өнердегі бағыты мен құндылығын анықтау, келешек ұрпаққа уағыздай отырып, мұра етіп қалдыру. Ол көрермендер көз алдына бейнелеу өнерінің тұтас бір көрінісін алып келуге, көркем стильдер мен бағыттардың даму кезеңін жүйелеуге, суретшілер шығармаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік тудырады. Көркем сурет галереяларының жұмысы да осы мұражаймен сабақтас. Алайда оның басты мақсаты казірп заман суретшілері шығармаларын уағыздай отырып сатуға, сөйтіп суретшінің өз шығармашылығын одан әрі дамытуына жол ашу.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға