Жаңалықтар

Кәсіпкерлік қызметтерді жандандыру нәтижесі

Соңғы 10 жыл ішінде кәсіпкерлік қызметтерді жандандырудың нәтижесінде Астана қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,45 есеге өсті, егер өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1997 жылы 13768,3 млн теңгені құраса, бұл керсеткіш 2007 жылы қолданыстағы баға бойынша 116 333 млн теңгеден асып түсті. Нақты секторда өндеуші өнеркәсіп барынша жылдам қарқын алды, ондағы өндірістің өсу көлемі 10 есеге көбейді, ал оның өндіріс өнімнің жалпы көлемі бойынша үлесі 1,5 есе артты. 2007 жылғы мәліметтерге қарағанда, қаладағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарған өнімі мен көрсеткен қызметі 102,3 млрд теңгені құрады. Қаланың өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары өндіретін жалпы өнімнің 47% пайыздан астамы басқадай бейметалл минералды өнімдер үлесіне тиеді. Осы саланың кәсіпорындары есепті кезең бойынша 48,3 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл саладағы өндіріс өсу қарқыны бойынша алғанда, құрылыс қыш кірпішін шығару көлемін 1,9 есеге, жиналмалы бетон конструкциялар кәлемін 1,6% пайызға, құрылысқа арналған бетон бұйымдардың көлемін 18,9% пайызға, тұтынысқа шығаратын бетонның көлемін 19,4% пайызға арттырды. Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдар өндірісінің көлемі 2,2 есеге өсті, бұл шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтудің есебінен, яғни металлконструкцияларды және олардың бөлшектерін, цистерналарды, барабандарды, канистрлерді, қара металдан жасалатын сыйымдылығы 50-300 литрлік кез келген балама заттарға (газдан басқа) арналған жәшіктер мен ыдыстарды шығару арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта жалпы өндеу өнеркәсібі көлемінің 12,8% пайызы тамақ өнімдерін өндіру үлесіне тиеді. Өндіріс жүйесінде және электр қуатын, газ бен суды тарату бойынша шығарылған өнім мен өнеркәсіптік сипатта көрсетілген қызметке жұмсалған қаржы 14074,4 млн теңгені құрады. Астаналық энергетика кешеніне жүргізілген кайта кұрылымдау жұмыстары электр энергиясын және газ бен суды өндіру, оны тарату жағдайына оң әсер берді: олардың өндірісі 2 есеге жуық өсті, яғни 1997 жылы 7,9 млрд теңге болса, 2007 жылы 13,9 млрд теңгеге жетті. Астанада барынша дамыған сауда нысандарының желілері пайда болды. Олардың қатарында «Ажар», «Артем», «Гүлжан», «Встреча», «Астықжан» сауда үйлері, «Рамстор» сияқты супермаркеттер мен сауда орталықтарының жүйелері бар. Сөйтіп астананың Ақмолаға көшірілуімен байланысты қала экономикасының қарқындап өсуінің нәтижесінде қаланы салуға үлкен инвестициялар келді, сонымен қатар өндіріс нысандарына жаңа технологиялар тартыла бастады. Дереккөзі; АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 01:36 3506

Соңғы 10 жыл ішінде кәсіпкерлік қызметтерді жандандырудың нәтижесінде Астана қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,45 есеге өсті, егер өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1997 жылы 13768,3 млн теңгені құраса, бұл керсеткіш 2007 жылы қолданыстағы баға бойынша 116 333 млн теңгеден асып түсті. Нақты секторда өндеуші өнеркәсіп барынша жылдам қарқын алды, ондағы өндірістің өсу көлемі 10 есеге көбейді, ал оның өндіріс өнімнің жалпы көлемі бойынша үлесі 1,5 есе артты. 2007 жылғы мәліметтерге қарағанда, қаладағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарған өнімі мен көрсеткен қызметі 102,3 млрд теңгені құрады. Қаланың өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары өндіретін жалпы өнімнің 47% пайыздан астамы басқадай бейметалл минералды өнімдер үлесіне тиеді. Осы саланың кәсіпорындары есепті кезең бойынша 48,3 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл саладағы өндіріс өсу қарқыны бойынша алғанда, құрылыс қыш кірпішін шығару көлемін 1,9 есеге, жиналмалы бетон конструкциялар кәлемін 1,6% пайызға, құрылысқа арналған бетон бұйымдардың көлемін 18,9% пайызға, тұтынысқа шығаратын бетонның көлемін 19,4% пайызға арттырды. Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдар өндірісінің көлемі 2,2 есеге өсті, бұл шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтудің есебінен, яғни металлконструкцияларды және олардың бөлшектерін, цистерналарды, барабандарды, канистрлерді, қара металдан жасалатын сыйымдылығы 50-300 литрлік кез келген балама заттарға (газдан басқа) арналған жәшіктер мен ыдыстарды шығару арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта жалпы өндеу өнеркәсібі көлемінің 12,8% пайызы тамақ өнімдерін өндіру үлесіне тиеді. Өндіріс жүйесінде және электр қуатын, газ бен суды тарату бойынша шығарылған өнім мен өнеркәсіптік сипатта көрсетілген қызметке жұмсалған қаржы 14074,4 млн теңгені құрады. Астаналық энергетика кешеніне жүргізілген кайта кұрылымдау жұмыстары электр энергиясын және газ бен суды өндіру, оны тарату жағдайына оң әсер берді: олардың өндірісі 2 есеге жуық өсті, яғни 1997 жылы 7,9 млрд теңге болса, 2007 жылы 13,9 млрд теңгеге жетті. Астанада барынша дамыған сауда нысандарының желілері пайда болды. Олардың қатарында «Ажар», «Артем», «Гүлжан», «Встреча», «Астықжан» сауда үйлері, «Рамстор» сияқты супермаркеттер мен сауда орталықтарының жүйелері бар.

Сөйтіп астананың Ақмолаға көшірілуімен байланысты қала экономикасының қарқындап өсуінің нәтижесінде қаланы салуға үлкен инвестициялар келді, сонымен қатар өндіріс нысандарына жаңа технологиялар тартыла бастады.

Дереккөзі; АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға