Жаңалықтар

Тың игеру жылдарының халық санына әсері

Тың игеру Ақмола каласының дамуында шешуші рөл атқарды. 1960 жылдың 26 желтоқсанында Тың игеру аймағының құрылғаны туралы жарлық шықты. 1961 жылы Акмола Целиноград болып өзгерді. Бір кездегі шағын ғана қаланың халқы шұғыл өсті. Бұл жағдай кала кварталдарының жоспарын қайта карауға, кей жағдайда оларды жаңадан салуға итермеледі. Бейбітшілік (бұрын Мир, одан бұрын Солтүстік жайылым болған) көшесінен бастап Акмоланы Тың өлкесінің астанасына айналдыру науканы басталды. Бұрын ол жердегі ми батпаққа тілерсектен батып кетуге болатын. Алайда көп ұзамай батпақ құрғатылып, типтендірілген бес қабатты үйлер салына бастады. Ленинградтық құрылысшылар өздерінің балконы жоқ үйлерінің жобасын алып келді. Ол үйлер «ленинградтық» деп аталды. Қаланы мәскеулік, ленинградтық және жергілікті құрылысшылар салды. Сол кезде құрылысшы мамандығы қажеттігі жағынан теміржолшыдан кейінгі екінші орында түрды. Целиноград та қазіргі Астана сиякты үлкен құрылыс алаңын елестетіп, оның тұрғындары зәйімке үйлерден ірі панельді үйлерге коныс аудара бастады. 1961 жылдың басына қарай каланың 115 мың адамға арналған тұрғын үй қоры 600 мың шаршы метрді құрады. Жарты жыл ішінде шеттен келген құрылысшылар 650 абат-тандырылған пәтерлерді, бес қабатты 4 мектепті пайдалануға беріп, жеті қабатты Советтер үйін салуды бастады. 1962 жылдың соңына қарай ленинградтықтар көп қабатты 8 үйді және бес қабатты 2 мектепті салып бітірді. Бұл жылы тұрғын үй қоры бұрынғының үстіне 11 мың шаршы метрге өсті. 1960 ж. Ақмола құрамына Қазақстанның солтүстік аймақтары енген Тың өлкесінің орталығы мәртебесін алып, тұрғындарының саны 100 мыңға жетті. Кезекті әкімшілік-аумақтық өзгертудің нәтижесінде Целиноград 1971 ж. өзі аттас облыстың орталығына айналды. 1978 ж. КСРО Министрлер Кеңесі Целиноградты дамыту туралы қаулыға қол қойды, нәтижесінде үлкен құрылыс жүргізіліп, қалада алғашқы үлкен өндіріс орындары пайда болды, салтанат сарайлары (Тың игерушілер сарайы, Теміржолшылар сарайы) мен жоғары оқу орындарының (медицина, педагогика және ауыл шаруашылық институттарының) жаңа ғимараттары салынып, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы (ауруханалар, мектептер, жолдар құрылысы) дамыды. Аймактың әлеуметтік-экономикалық жетілуі оның әлеуметтік құрылымына да (жұмысшылар, колхозшылар мен қызметкерлер) әсер етті. Колхозшылардың саны біртіндеп азайып, жұмысшылар мен қызметкерлердің саны артты. Аймақтың этнодемографиялық құрылымы қалада орыс тілді тұрғындардың басым, ал ауылдық жерде қазақтардың көп болуымен сипатталды. Аймақтың әлеуметтік-аумактық құрылымында біртіндеп өзгерістер аңғарыла бастады. Ауылдық тұрғындар азайып, Ақмола облысында қалалық тұрғындардың көбеюі байкалды. Әлеуметтік-аумақтық өзгерістердің түп негізінде еңбек өнімділігі, ауылдық-қалалық көші-қон және 1970 жылдардың соңында тың игерушілердің қайта көші-қоны жатты. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 01:08 4847

Тың игеру Ақмола каласының дамуында шешуші рөл атқарды. 1960 жылдың 26 желтоқсанында Тың игеру аймағының құрылғаны туралы жарлық шықты. 1961 жылы Акмола Целиноград болып өзгерді. Бір кездегі шағын ғана қаланың халқы шұғыл өсті. Бұл жағдай кала кварталдарының жоспарын қайта карауға, кей жағдайда оларды жаңадан салуға итермеледі. Бейбітшілік (бұрын Мир, одан бұрын Солтүстік жайылым болған) көшесінен бастап Акмоланы Тың өлкесінің астанасына айналдыру науканы басталды. Бұрын ол жердегі ми батпаққа тілерсектен батып кетуге болатын. Алайда көп ұзамай батпақ құрғатылып, типтендірілген бес қабатты үйлер салына бастады. Ленинградтық құрылысшылар өздерінің балконы жоқ үйлерінің жобасын алып келді. Ол үйлер «ленинградтық» деп аталды. Қаланы мәскеулік, ленинградтық және жергілікті құрылысшылар салды. Сол кезде құрылысшы мамандығы қажеттігі жағынан теміржолшыдан кейінгі екінші орында түрды. Целиноград та қазіргі Астана сиякты үлкен құрылыс алаңын елестетіп, оның тұрғындары зәйімке үйлерден ірі панельді үйлерге коныс аудара бастады. 1961 жылдың басына қарай каланың 115 мың адамға арналған тұрғын үй қоры 600 мың шаршы метрді құрады. Жарты жыл ішінде шеттен келген құрылысшылар 650 абат-тандырылған пәтерлерді, бес қабатты 4 мектепті пайдалануға беріп, жеті қабатты Советтер үйін салуды бастады. 1962 жылдың соңына қарай ленинградтықтар көп қабатты 8 үйді және бес қабатты 2 мектепті салып бітірді. Бұл жылы тұрғын үй қоры бұрынғының үстіне 11 мың шаршы метрге өсті.

1960 ж. Ақмола құрамына Қазақстанның солтүстік аймақтары енген Тың өлкесінің орталығы мәртебесін алып, тұрғындарының саны 100 мыңға жетті. Кезекті әкімшілік-аумақтық өзгертудің нәтижесінде Целиноград 1971 ж. өзі аттас облыстың орталығына айналды. 1978 ж. КСРО Министрлер Кеңесі Целиноградты дамыту туралы қаулыға қол қойды, нәтижесінде үлкен құрылыс жүргізіліп, қалада алғашқы үлкен өндіріс орындары пайда болды, салтанат сарайлары (Тың игерушілер сарайы, Теміржолшылар сарайы) мен жоғары оқу орындарының (медицина, педагогика және ауыл шаруашылық институттарының) жаңа ғимараттары салынып, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы (ауруханалар, мектептер, жолдар құрылысы) дамыды.

Аймактың әлеуметтік-экономикалық жетілуі оның әлеуметтік құрылымына да (жұмысшылар, колхозшылар мен қызметкерлер) әсер етті. Колхозшылардың саны біртіндеп азайып, жұмысшылар мен қызметкерлердің саны артты. Аймақтың этнодемографиялық құрылымы қалада орыс тілді тұрғындардың басым, ал ауылдық жерде қазақтардың көп болуымен сипатталды. Аймақтың әлеуметтік-аумактық құрылымында біртіндеп өзгерістер аңғарыла бастады. Ауылдық тұрғындар азайып, Ақмола облысында қалалық тұрғындардың көбеюі байкалды. Әлеуметтік-аумақтық өзгерістердің түп негізінде еңбек өнімділігі, ауылдық-қалалық көші-қон және 1970 жылдардың соңында тың игерушілердің қайта көші-қоны жатты.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға