Жаңалықтар

Ақмолаға мекенін көшіргендер

Ақмолаға мекенінен көшірілгендер де келе бастады. Соғыстың алғашқы жылдарында қалаға 30 мыңға жуық адам қоныстанды. Соғыс жағдайына қарамастан оларды үймен қамтамасыз етіп, медициналық жәрдем беру керек болатын. Жаңа емдеу мекемелері, соның ішінде, Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектеріне арналған емханалар ашылды. Қала аумағына соғыс жүріп жатқан жерлерден көшірілген №1600 және №3006 госпитальдар орналастырылды. Өнеркәсіпті соғыс жағдайына ыңғайлау, үлкен өндірістерді осы жерге көшіру, соғыс аймақтарынан көшірілген адамдардан пайда болған жұмысшы күші – осының барлығы қаланың экономикалық дамуына зор ықпал етті. Өнеркәсіп мекемелері екі жарым есе өсті. Одақ көлемі деңгейіне мәлім атақты «Казахсельмаш» және №317 зауыттары пайда болды. 1944 жылы он алты мекемеде 2800 адам жұмыс істеді. Мұндай индустриялық екпін Ақмола темір жолын Қарағанды темір жолының маңызды жалғасына айналдырды. Жаңа қабылдау-жөнелту жолдарының салынуы және паровоз паркын қайта жабдықталуы нәтижесінде темір жолдың пойыздарды өткізу мүмкіндігі мейлінше артты. Ақмола халқының өсуіне, көші-қонға әсер еткен 1954-56 жылдар арасындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстары болатын. Осы кездері Қазақстанға Тың өлкесі тұрғындарының 45,3%-ын құрайтын 640 мың адам көшіп келді. Ол кездегі көші-қон жұмыс істеу міндетін атқарды, тың игерушілердің көбісінің жоғары біліктілігі мен білімі болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1953-58 жылдар аралығында Ақмола облысына 270 мың адам келіп, олардың көбісі осы аймақта қоныстанып қалды. Ақмола облысы сол кездері еліміздің халық мол шоғырланған аймағына, ауыл шаруашылық машиналарын құрастырудың үлкен орталығына айналды. 1953-56 жылдар аралығында облыста 3,5 млн гектар тың жер игерілді. Тың игеру науқаны ауылдық жерлерді қоныстанушылар санын арттырды. Сол кезеңде жүздеген ауылдық пункттер ашылды. Аймақта 1954 ж. - 30, 1955 ж. - 14, 1956 ж. - 1, 1957 ж.-7,1958 ж. - 3,1960 ж.- 3,1961 ж. 10 ауыл кұрылды. Сонымен қатар негізінен алғанда шағын қазақ ауылдары құрып кетіп отырған. Аймаққа қоныстандыру саясатының өзгеруіне байланысты өндірістер іріленді, үлкен ауыл шаруашылық мекемелері пайда болды, ауыл шаруашылық техникалары бір жерге шоғырландырылды, аймақта жаппай қалаға шоғырлану үрдісі жүрді. Облыста Ақмоламен қатар оған қарайтын Степногорск, Атбасар қалалары, аудандарға карайтын Ақкөл (бұрынғы Алексеевка), Ерейментау және Макинск қалалары, тау-кен өндірісі бар Ақсу, Балқаш, Бестөбе, Жолымбет кенттері пайда болды. Халықтың тығыздығы тек қана ауыл шаруашылығының көлемімен емес, коныстану тарихымен, климаттық жағдайымен және өндірістің дамуымен де өсе бастады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 01:06 3447

Ақмолаға мекенінен көшірілгендер де келе бастады. Соғыстың алғашқы жылдарында қалаға 30 мыңға жуық адам қоныстанды. Соғыс жағдайына қарамастан оларды үймен қамтамасыз етіп, медициналық жәрдем беру керек болатын. Жаңа емдеу мекемелері, соның ішінде, Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектеріне арналған емханалар ашылды. Қала аумағына соғыс жүріп жатқан жерлерден көшірілген №1600 және №3006 госпитальдар орналастырылды.

Өнеркәсіпті соғыс жағдайына ыңғайлау, үлкен өндірістерді осы жерге көшіру, соғыс аймақтарынан көшірілген адамдардан пайда болған жұмысшы күші – осының барлығы қаланың экономикалық дамуына зор ықпал етті. Өнеркәсіп мекемелері екі жарым есе өсті. Одақ көлемі деңгейіне мәлім атақты «Казахсельмаш» және №317 зауыттары пайда болды. 1944 жылы он алты мекемеде 2800 адам жұмыс істеді. Мұндай индустриялық екпін Ақмола темір жолын Қарағанды темір жолының маңызды жалғасына айналдырды. Жаңа қабылдау-жөнелту жолдарының салынуы және паровоз паркын қайта жабдықталуы нәтижесінде темір жолдың пойыздарды өткізу мүмкіндігі мейлінше артты.

Ақмола халқының өсуіне, көші-қонға әсер еткен 1954-56 жылдар арасындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстары болатын. Осы кездері Қазақстанға Тың өлкесі тұрғындарының 45,3%-ын құрайтын 640 мың адам көшіп келді. Ол кездегі көші-қон жұмыс істеу міндетін атқарды, тың игерушілердің көбісінің жоғары біліктілігі мен білімі болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1953-58 жылдар аралығында Ақмола облысына 270 мың адам келіп, олардың көбісі осы аймақта қоныстанып қалды. Ақмола облысы сол кездері еліміздің халық мол шоғырланған аймағына, ауыл шаруашылық машиналарын құрастырудың үлкен орталығына айналды. 1953-56 жылдар аралығында облыста 3,5 млн гектар тың жер игерілді.

Тың игеру науқаны ауылдық жерлерді қоныстанушылар санын арттырды. Сол кезеңде жүздеген ауылдық пункттер ашылды. Аймақта 1954 ж. - 30, 1955 ж. - 14, 1956 ж. - 1, 1957 ж.-7,1958 ж. - 3,1960 ж.- 3,1961 ж. 10 ауыл кұрылды. Сонымен қатар негізінен алғанда шағын қазақ ауылдары құрып кетіп отырған. Аймаққа қоныстандыру саясатының өзгеруіне байланысты өндірістер іріленді, үлкен ауыл шаруашылық мекемелері пайда болды, ауыл шаруашылық техникалары бір жерге шоғырландырылды, аймақта жаппай қалаға шоғырлану үрдісі жүрді. Облыста Ақмоламен қатар оған қарайтын Степногорск, Атбасар қалалары, аудандарға карайтын Ақкөл (бұрынғы Алексеевка), Ерейментау және Макинск қалалары, тау-кен өндірісі бар Ақсу, Балқаш, Бестөбе, Жолымбет кенттері пайда болды. Халықтың тығыздығы тек қана ауыл шаруашылығының көлемімен емес, коныстану тарихымен, климаттық жағдайымен және өндірістің дамуымен де өсе бастады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға