Жаңалықтар

Аймақтық экономикалық дамудың қоршаған ортаға әсерін тигізуі

Аймақтың экономикалық дамуы, оның кейбір салаларының жедел қарқын алуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізетіні, табиғи ортадан орын тепкен өндіріс мекемелерінің ауаға, суға, жер бетіне шығаратын қалдықтары мен іркінділері техногендік ластандырудың кезі екендігі қоршаған ортаны қорғау мәселесін жедел қолға алуды кажет етеді. Қаланың тұрақты дамуы көп жағдайда оның экономикалық әлуеті, жер, адам және басқа қорларымен ғана емес, қала экожүйесі ахуалымен сабақтас екені белгілі. Қаланың әуе бассейнін ластайтын негізінен үш шығарынды көзі бар. Олар: тұрақты ластағыштар (жылу беру орталықтары, қазандықтар), автокөлік және бір жүйеге түспеген іс-әрекет барысында пайда болатын шығарындылар (құрылыс алаңы, өндіріс алаңы, цемент нүктелері, асфальтбетон зауыттары және т.б.). Диаграммада көрсетілгендей қаланың әуе бассейнін ластау үлесінің басым мөлшері автокөлікке тиесілі, ал тұрақты ластағыштар одан кейінгі орында. Осы жағдайды ескере келіп, «Астана қаласының жаңа көлік қатынасы жүйесін» енгізу жұмысы қолға алынды. Бұл жаңа жүйе аясында 2011 жылы көлік қатынасының экологиялық таза түріне жататын жеңіл рельсті трамвай қатынасын іске қосу жоспарға енгізілді. Қаланың Угольная, Бейсекова көшелері арқылы өтетін күре жолдарын іске қосу барысында автокөліктің қоршаған ортаны ластауы біршама азаяды. Осы күре жолдар бойында темір жол қиылысынан өтетін 2 өтпе жол, 3 автокөлік жол айрығы және 3 көпір іске қосылып, жүк таситын 10 мыңнан астам машина кала сыртымен жүру мүмкіндігіне ие болады. 2008 ж. 13 инженерлік құрылғы: 5 автокөлік көпірі, 5 автокөлік жол айрығы және 3 темір жол қиылысынан өтетін өтпе жол пайдалануға беріледі. Сол жағалаудың жоспардағы аудандармен және қаланың орталық бөлігімен көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатымен Есілден өтетін М-3 көпірін салу қолға алынды, сондай-ақ Есілден өтетін М-2 автокөлік көпірі, Ақбұлақ өзенінен өтетін автокөлік көпірі, Манас көшесіндегі көлік нөпірін жеңілдету мақсатымен Иманов және Гумилев көшелері ауданынан автокөлік жол айрығы пайдалануға берілді. «Жасыл аралдағы» көпір мен жол құрылысы аяқталды. Республика даңғылы мен Бараев көшесі қиылысында автокөлік қозғалысының кедергісіз болуын қамтамасыз ету үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Есіл өзенінен өтетін көпірді кеңейтіп, 6 жолақты етіп қайта салу, «Рамстор» сауда орталығы тұсынан жол айрығын жасау қолға алынды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 00:41 4318

Аймақтың экономикалық дамуы, оның кейбір салаларының жедел қарқын алуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізетіні, табиғи ортадан орын тепкен өндіріс мекемелерінің ауаға, суға, жер бетіне шығаратын қалдықтары мен іркінділері техногендік ластандырудың кезі екендігі қоршаған ортаны қорғау мәселесін жедел қолға алуды кажет етеді. Қаланың тұрақты дамуы көп жағдайда оның экономикалық әлуеті, жер, адам және басқа қорларымен ғана емес, қала экожүйесі ахуалымен сабақтас екені белгілі.

Қаланың әуе бассейнін ластайтын негізінен үш шығарынды көзі бар. Олар: тұрақты ластағыштар (жылу беру орталықтары, қазандықтар), автокөлік және бір жүйеге түспеген іс-әрекет барысында пайда болатын шығарындылар (құрылыс алаңы, өндіріс алаңы, цемент нүктелері, асфальтбетон зауыттары және т.б.).

Диаграммада көрсетілгендей қаланың әуе бассейнін ластау үлесінің басым мөлшері автокөлікке тиесілі, ал тұрақты ластағыштар одан кейінгі орында. Осы жағдайды ескере келіп, «Астана қаласының жаңа көлік қатынасы жүйесін» енгізу жұмысы қолға алынды. Бұл жаңа жүйе аясында 2011 жылы көлік қатынасының экологиялық таза түріне жататын жеңіл рельсті трамвай қатынасын іске қосу жоспарға енгізілді. Қаланың Угольная, Бейсекова көшелері арқылы өтетін күре жолдарын іске қосу барысында автокөліктің қоршаған ортаны ластауы біршама азаяды. Осы күре жолдар бойында темір жол қиылысынан өтетін 2 өтпе жол, 3 автокөлік жол айрығы және 3 көпір іске қосылып, жүк таситын 10 мыңнан астам машина кала сыртымен жүру мүмкіндігіне ие болады. 2008 ж. 13 инженерлік құрылғы: 5 автокөлік көпірі, 5 автокөлік жол айрығы және 3 темір жол қиылысынан өтетін өтпе жол пайдалануға беріледі. Сол жағалаудың жоспардағы аудандармен және қаланың орталық бөлігімен көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатымен Есілден өтетін М-3 көпірін салу қолға алынды, сондай-ақ Есілден өтетін М-2 автокөлік көпірі, Ақбұлақ өзенінен өтетін автокөлік көпірі, Манас көшесіндегі көлік нөпірін жеңілдету мақсатымен Иманов және Гумилев көшелері ауданынан автокөлік жол айрығы пайдалануға берілді. «Жасыл аралдағы» көпір мен жол құрылысы аяқталды. Республика даңғылы мен Бараев көшесі қиылысында автокөлік қозғалысының кедергісіз болуын қамтамасыз ету үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Есіл өзенінен өтетін көпірді кеңейтіп, 6 жолақты етіп қайта салу, «Рамстор» сауда орталығы тұсынан жол айрығын жасау қолға алынды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға