Жаңалықтар

Архитектура және қала құрылысы: Қаланың жоспарлы құрылымы

Бас жоспардың жекелеген тарауларын жүзеге асыру мақсатында авторлық ұжым құрамына Е. Қайыргелдинов, Б. Тайталиев, А. Чиканаев, Б. Қонысбай, А. Фисенко, В.И. Швец және т.б. сәулетшілер кіргізілді. Осы сәулетшілер ұжымы дайындаған Бас жоспар астана тұрғындары санының болжамдық есебіне негізделді. Ол барынша кең таралған және кеңестік қала салу тәжірибесінде базалық болып есептелетін еңбек балансы тәсілі бойынша орындалған болатын. Бұл есеп бойынша 2005 ж. Астана қаласы тұрғындарының саны 350 мың адам шамасына жетуге тиіс еді. Авторлар бас жоспардың негізгі тарауларын көрсете отырып, қала құрылысын дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге талпыныстар жасады. Қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту тұжырымдамасы мынадай идеялардан көрініс тапты: 1. Қаланың аумақтық дамуы тек батыс және шығыс бағыттарға ғана емес, сонымен қатар оңтүстікке, Есіл өзенінің сол жағалауы бойына қарай да жүргізілуге тиіс. 2. Есілдің сол жағалауын астаналық үкімет-әкімшілігі орталығы мен көпқабатты тұрғын үй құрылысының жаңа ауданын құру мақсатына пайдалану. 3. Су айдынын қаланың сәулеттік композициясы ретінде пайдаланып және жағалауына көркем ансамбльді көпқабатты құрылыс жүргізе отырып, өзен арнасын қаланы дамытудың өзек-сызығына айналдыру. Осылайша авторлар «Ленгорстройпроект» сәулетшілері дайындаған, қаланы дамытудың кезеңді жоспарлы тұжырымдамасынан саналы түрде бас тартып, өзеннің биік, су тасқыны алмайтын оң жағалауы бойынша астана қаласын аумақтық-жоспарлы дамыту сызбасын тандады. 2000 жылға дейін осы жоба қала аумағында құрылыс пен қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде саналып келді. Алайда 1998 ж. әлемдік сәулет шеберлерін тарта отырып, Астана қаласының Бас жоспарының эскизидеясын дайындау үшін ашық конкурс өткізу қажеттігі белгілі болды. Конкурсқа Еуропаның, Азияның және Австралияның 19 елінен танымал сәулетшілер, сондай-ақТМД елдері мен Қазақстаннан шығармашылық ұжымдар қатысты. Беделі жоғары халықаралық қазылар алқасы, әлемдік деңгейде танымал теоретик және қазіргі сәулет шебері К. Курокаваның шығармашылық ұжымын конкурс жеңімпазы, олар ұсынған жобаны үздік деп тапты. Конкурс аяқталғаннан кейін доктор К. Курокава Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жұмыстарына жетекшілік етті. Жұмыс Жапон үкіметінің грантына Халықаралық әріптестік бойынша Жапон Агенттігі (ХӘЖА) мен Астана қаласын Дамыту Корпорациясы арасындағы келісімнің негізінде орындалды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
02.03.2013 00:34 4768

Бас жоспардың жекелеген тарауларын жүзеге асыру мақсатында авторлық ұжым құрамына Е. Қайыргелдинов, Б. Тайталиев, А. Чиканаев, Б. Қонысбай, А. Фисенко, В.И. Швец және т.б. сәулетшілер кіргізілді. Осы сәулетшілер ұжымы дайындаған Бас жоспар астана тұрғындары санының болжамдық есебіне негізделді. Ол барынша кең таралған және кеңестік қала салу тәжірибесінде базалық болып есептелетін еңбек балансы тәсілі бойынша орындалған болатын. Бұл есеп бойынша 2005 ж. Астана қаласы тұрғындарының саны 350 мың адам шамасына жетуге тиіс еді. Авторлар бас жоспардың негізгі тарауларын көрсете отырып, қала құрылысын дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге талпыныстар жасады. Қаланың жоспарлы құрылымы мен құрылысын дамыту тұжырымдамасы мынадай идеялардан көрініс тапты: 1. Қаланың аумақтық дамуы тек батыс және шығыс бағыттарға ғана емес, сонымен қатар оңтүстікке, Есіл өзенінің сол жағалауы бойына қарай да жүргізілуге тиіс. 2. Есілдің сол жағалауын астаналық үкімет-әкімшілігі орталығы мен көпқабатты тұрғын үй құрылысының жаңа ауданын құру мақсатына пайдалану. 3. Су айдынын қаланың сәулеттік композициясы ретінде пайдаланып және жағалауына көркем ансамбльді көпқабатты құрылыс жүргізе отырып, өзен арнасын қаланы дамытудың өзек-сызығына айналдыру. Осылайша авторлар «Ленгорстройпроект» сәулетшілері дайындаған, қаланы дамытудың кезеңді жоспарлы тұжырымдамасынан саналы түрде бас тартып, өзеннің биік, су тасқыны алмайтын оң жағалауы бойынша астана қаласын аумақтық-жоспарлы дамыту сызбасын тандады. 2000 жылға дейін осы жоба қала аумағында құрылыс пен қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде саналып келді.

Алайда 1998 ж. әлемдік сәулет шеберлерін тарта отырып, Астана қаласының Бас жоспарының эскизидеясын дайындау үшін ашық конкурс өткізу қажеттігі белгілі болды. Конкурсқа Еуропаның, Азияның және Австралияның 19 елінен танымал сәулетшілер, сондай-ақТМД елдері мен Қазақстаннан шығармашылық ұжымдар қатысты. Беделі жоғары халықаралық қазылар алқасы, әлемдік деңгейде танымал теоретик және қазіргі сәулет шебері К. Курокаваның шығармашылық ұжымын конкурс жеңімпазы, олар ұсынған жобаны үздік деп тапты. Конкурс аяқталғаннан кейін доктор К. Курокава Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жұмыстарына жетекшілік етті. Жұмыс Жапон үкіметінің грантына Халықаралық әріптестік бойынша Жапон Агенттігі (ХӘЖА) мен Астана қаласын Дамыту Корпорациясы арасындағы келісімнің негізінде орындалды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға