Жаңалықтар

Қазақ әдебиетіндегі сыни-көркем публицистика

Өткен ғасырдың 20-жылдарында әдебиет аламанына ат қосқан қаламгерлер легінде сыншы-зерттеуші Мақыш Қалтаев та (1869-1916) бар. Ол Қазан қаласында туған халқының дәстүр-танымын зерделеген «Насихат қазақия» (1907), «Қалтайұлының қазақтардың өмірін баяндайтын кітабы» (1909), «Қазақ айнасы» (1910), «Мәшһүр Қалтаев» (1910), «Сара жол» (1910), «Белгілі ахуал» (1913) еңбектерін жариялады. Өз кезеңіндегі заман және әдебиет ағымының тамырын дөп басқан Мақыш аударма саласында да көзге түсті. 3. Каримидің «Айна» (1913) туындысын, Г. Рашидидің еңбектерін қазақ тілінде сөйлетті. Қаламгер дәуір тынысын дәл басты, Ресей империясының отарындағы Алаш жұртының келешегін болжады, тәуелсіздікке үндеді, ежелгі салт-дәстүрдің озығы мен тозығын жіліктеді, ұлт тағдыры туралы толғанып, діни наным-сенім жөніндегі пайымдарын ортаға салды, қазақ аясынан тыс әлемге ел азаматының ой-түсінігімен барлау жасады. Туған жері мен елін перзенттік жүрекпен ерекше сүйген М. Қалтаев – қазақ әдебиетіндегі сыни-көркем публицистиканың негізін қалаушылардың бірі. Осы тұста Ә. Ғалимовтың (1892-1913) өлеңдері мен әңгімелері «Шора», «Ақмолла», «Айқап» журналдарында жарияланып тұрды. Ол 1911-1913 жылдары «Айқап» журналының жауапты хатшысы қызметін атқарды. «Жастық жемісі» (1912), «Май мәселесі» (1913) атты туындылары бар. Ақмола-Қараөткел өңірінің байырғы ақындық дәстүрі ешқашан үзілген емес, уақыт пен қоғамның аласапырандарында да заманмен бірге бұлқынды. Қазақ әдебиетінде ақмолалық С. Байқошқаров (1876-1956), К. Тәкежанов (1886-1972), М. Жадайұлы (т.-ө.ж.белгісіз), С. Әзденбаев (1890-1967), В. Меркемелиденов (1891-1963), А. Әлжанов (1902 ж. т.) сынды суырып салма және жазба ақындарының аттары жақсы таныс. Олардың таңдаулы өлең-жырлары «Халық ақындары» (1953), «Пернедегі термелер» (1969), «1916 жыл» (1916, 1936, 1940), «Еңбек күйі» (1972), «Шұғыла» (1977), «Айтыс» (3 т., 1960), «Қазіргі халық поэзиясы» (1973), «Ақындар жыры» (1963), «Қазақ ақындарының В.И. Ленин туралы жырлары» (1969) жинақтарында жарияланды. К. Тәкежановтың еңбектері «Сырқаттарға кеңес» (1928), «Термелер» (1969), «Қарияның толғауы» (1971) топтамалары түрінде жарық көрді. 1967 ж. С. Мұқановтың «Аңыз» кітабы шықты. Өңірдің айтыс ақындары республикалық жыр додаларына қатысып, халықтың қошеметіне бөленді. Жамбылдың 125 жылдығына, К. Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысқан М. Сағымбаев, Б. Сембаев, Б. Оспан, О. Қаңтарбаев Қараөткел жерінде суырып салма дарындардың жыр көші тізгін тартпағанын, дәстүрлі ағынын сақтап қалғанын дәлелдеп берді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:24 7864

Өткен ғасырдың 20-жылдарында әдебиет аламанына ат қосқан қаламгерлер легінде сыншы-зерттеуші Мақыш Қалтаев та (1869-1916) бар. Ол Қазан қаласында туған халқының дәстүр-танымын зерделеген «Насихат қазақия» (1907), «Қалтайұлының қазақтардың өмірін баяндайтын кітабы» (1909), «Қазақ айнасы» (1910), «Мәшһүр Қалтаев» (1910), «Сара жол» (1910), «Белгілі ахуал» (1913) еңбектерін жариялады. Өз кезеңіндегі заман және әдебиет ағымының тамырын дөп басқан Мақыш аударма саласында да көзге түсті. 3. Каримидің «Айна» (1913) туындысын, Г. Рашидидің еңбектерін қазақ тілінде сөйлетті. Қаламгер дәуір тынысын дәл басты, Ресей империясының отарындағы Алаш жұртының келешегін болжады, тәуелсіздікке үндеді, ежелгі салт-дәстүрдің озығы мен тозығын жіліктеді, ұлт тағдыры туралы толғанып, діни наным-сенім жөніндегі пайымдарын ортаға салды, қазақ аясынан тыс әлемге ел азаматының ой-түсінігімен барлау жасады. Туған жері мен елін перзенттік жүрекпен ерекше сүйген М. Қалтаев – қазақ әдебиетіндегі сыни-көркем публицистиканың негізін қалаушылардың бірі. Осы тұста Ә. Ғалимовтың (1892-1913) өлеңдері мен әңгімелері «Шора», «Ақмолла», «Айқап» журналдарында жарияланып тұрды. Ол 1911-1913 жылдары «Айқап» журналының жауапты хатшысы қызметін атқарды. «Жастық жемісі» (1912), «Май мәселесі» (1913) атты туындылары бар.

Ақмола-Қараөткел өңірінің байырғы ақындық дәстүрі ешқашан үзілген емес, уақыт пен қоғамның аласапырандарында да заманмен бірге бұлқынды. Қазақ әдебиетінде ақмолалық С. Байқошқаров (1876-1956), К. Тәкежанов (1886-1972), М. Жадайұлы (т.-ө.ж.белгісіз), С. Әзденбаев (1890-1967), В. Меркемелиденов (1891-1963), А. Әлжанов (1902 ж. т.) сынды суырып салма және жазба ақындарының аттары жақсы таныс. Олардың таңдаулы өлең-жырлары «Халық ақындары» (1953), «Пернедегі термелер» (1969), «1916 жыл» (1916, 1936, 1940), «Еңбек күйі» (1972), «Шұғыла» (1977), «Айтыс» (3 т., 1960), «Қазіргі халық поэзиясы» (1973), «Ақындар жыры» (1963), «Қазақ ақындарының В.И. Ленин туралы жырлары» (1969) жинақтарында жарияланды. К. Тәкежановтың еңбектері «Сырқаттарға кеңес» (1928), «Термелер» (1969), «Қарияның толғауы» (1971) топтамалары түрінде жарық көрді. 1967 ж. С. Мұқановтың «Аңыз» кітабы шықты. Өңірдің айтыс ақындары республикалық жыр додаларына қатысып, халықтың қошеметіне бөленді. Жамбылдың 125 жылдығына, К. Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысқан М. Сағымбаев, Б. Сембаев, Б. Оспан, О. Қаңтарбаев Қараөткел жерінде суырып салма дарындардың жыр көші тізгін тартпағанын, дәстүрлі ағынын сақтап қалғанын дәлелдеп берді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға