Жаңалықтар

Жалпы мәлімет

Сарыарқа кіндігіндегі Ақмола-Қараөткел, Есіл-Нұра атырабы – ежелден жыр тұнған, өнер қонған өңір. Шығысын Ерейменнің қарт жоталары көмкеріп, солтүстігінде Домбыралы мен Моншақтының қалың қарағайы сыңсыған, оңтүстігінде құба белді алып дала шалқыған құтты аймақта ақын-жырау, әнші-күйшілердің дәстүрі бағзыдан қалыптасқан. Соның жарқын айғағы ретінде б.з.б. 3 ғасырдан бар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең көп жырланған жері осы өңір екендігін, толық әрі барынша көркем нұсқасы қорғалжындық Құлтума ақыннан қалғанын айта аламыз. Ал көне жыраулар дәстүрі ереймендік Үмбетей арқылы көркейе түскені белгілі. Үмбетей Тілеуұлының туған жылы 1706 жыл делінеді, 1778 ж. Ерейменде дүние салған. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың үзеңгілес серігі болған әрі ақын, әрі жаужүрек найзагер. Жыраудың бізге «Жантай батыр» атты көлемді дастаны, «Бұқарға», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» секілді толғаулары жетті. Құлтума Өтемісұлы 1860 ж. Қорғалжын жеріндегі Абылай алқымы деген жерде туған. 1915 ж. сол топырақта көз жұмады. Айтыс ақыны және композитор ретінде танымал. Шөже, Орынбай ақындарға ілесіп, Біржан салмен әзіл-қалжыңы жарасқан. Серілік құрып, ел аралаған, Сыр бойында Рысбай ақынмен айтысқан. «Тайпалмалы», «Соқпай-соқпа», «Құла атым», «Шайқалма», «Тау қиялап», «Үш көтерме», «Пау-ой», «Дөңбек» секілді әндері халық арасына кең таралған. Бұлардың біразы Брусиловский операларына молынан енген. Ақынның «Шабыт шақыру», «Бір ақынға», «Термелер», «Қарттық жөнінде», «Билер жөнінде», «Өмір туралы», т.б. өлеңдері бүгінгіге мұра болып қалды. Есіл мен Нұра аралығын думанга бөлеген Әзденбай сал Құдербайұлы (1836-1916), Иманжүсіп Күтпанұлы (1863-1929), Ғазиз Файзоллаұлы (1860-1930), Балуан Шолақ (1864-1919) есімдері – жалпы қазақ әдебиеті мен өнерінің мақтанышы. Осы жарық жұлдыздар шоғырында Олжабай Нұралыұлының (1881-1935) алар орны ерекше. 1906-1916 жылдары үш рет қатарынан Ереймендегі Қоржынкөлге болыс болып сайланған, ақындық дарын Қанжығалы қарт Бөгенбайдан тарайтын Тұраналы, Бапан, Сакқұлақ, Нұралы сынды от ауызды, орақ тілді билерден дарыған. Олжабайдан 75 өлең, 17 көлемді толғау, 6 поэма-дастан қалды. Солардың ішінде, «Абылай қалай хан болған», «Сабалақ» дастандары көлемі жағынан да, тарихи деректерінің молдығымен де, көркемдік деңгейінің жоғары екендігімен де дараланады. «Жиырма екі қайшылык», «Өмір (Мінәжәт)», «Сор мен бақ», «Мұңды мен мұңсыз», «Қиял», «Арзан мен қымбат», «Жаратылыс», «Хан мен қара», «Үш жүз», т.б. философиялық пайымы терең толғаулары соңғы жылдары жан-жақты зерттеліп, ғылыми диссертацияларға арқау болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:18 5578

Сарыарқа кіндігіндегі Ақмола-Қараөткел, Есіл-Нұра атырабы – ежелден жыр тұнған, өнер қонған өңір. Шығысын Ерейменнің қарт жоталары көмкеріп, солтүстігінде Домбыралы мен Моншақтының қалың қарағайы сыңсыған, оңтүстігінде құба белді алып дала шалқыған құтты аймақта ақын-жырау, әнші-күйшілердің дәстүрі бағзыдан қалыптасқан. Соның жарқын айғағы ретінде б.з.б. 3 ғасырдан бар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең көп жырланған жері осы өңір екендігін, толық әрі барынша көркем нұсқасы қорғалжындық Құлтума ақыннан қалғанын айта аламыз. Ал көне жыраулар дәстүрі ереймендік Үмбетей арқылы көркейе түскені белгілі. Үмбетей Тілеуұлының туған жылы 1706 жыл делінеді, 1778 ж. Ерейменде дүние салған. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың үзеңгілес серігі болған әрі ақын, әрі жаужүрек найзагер. Жыраудың бізге «Жантай батыр» атты көлемді дастаны, «Бұқарға», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» секілді толғаулары жетті. Құлтума Өтемісұлы 1860 ж. Қорғалжын жеріндегі Абылай алқымы деген жерде туған. 1915 ж. сол топырақта көз жұмады. Айтыс ақыны және композитор ретінде танымал. Шөже, Орынбай ақындарға ілесіп, Біржан салмен әзіл-қалжыңы жарасқан. Серілік құрып, ел аралаған, Сыр бойында Рысбай ақынмен айтысқан. «Тайпалмалы», «Соқпай-соқпа», «Құла атым», «Шайқалма», «Тау қиялап», «Үш көтерме», «Пау-ой», «Дөңбек» секілді әндері халық арасына кең таралған. Бұлардың біразы Брусиловский операларына молынан енген. Ақынның «Шабыт шақыру», «Бір ақынға», «Термелер», «Қарттық жөнінде», «Билер жөнінде», «Өмір туралы», т.б. өлеңдері бүгінгіге мұра болып қалды. Есіл мен Нұра аралығын думанга бөлеген Әзденбай сал Құдербайұлы (1836-1916), Иманжүсіп Күтпанұлы (1863-1929), Ғазиз Файзоллаұлы (1860-1930), Балуан Шолақ (1864-1919) есімдері – жалпы қазақ әдебиеті мен өнерінің мақтанышы. Осы жарық жұлдыздар шоғырында Олжабай Нұралыұлының (1881-1935) алар орны ерекше. 1906-1916 жылдары үш рет қатарынан Ереймендегі Қоржынкөлге болыс болып сайланған, ақындық дарын Қанжығалы қарт Бөгенбайдан тарайтын Тұраналы, Бапан, Сакқұлақ, Нұралы сынды от ауызды, орақ тілді билерден дарыған. Олжабайдан 75 өлең, 17 көлемді толғау, 6 поэма-дастан қалды. Солардың ішінде, «Абылай қалай хан болған», «Сабалақ» дастандары көлемі жағынан да, тарихи деректерінің молдығымен де, көркемдік деңгейінің жоғары екендігімен де дараланады. «Жиырма екі қайшылык», «Өмір (Мінәжәт)», «Сор мен бақ», «Мұңды мен мұңсыз», «Қиял», «Арзан мен қымбат», «Жаратылыс», «Хан мен қара», «Үш жүз», т.б. философиялық пайымы терең толғаулары соңғы жылдары жан-жақты зерттеліп, ғылыми диссертацияларға арқау болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға