Жаңалықтар

Туристік фирмалар

Астана – жаңа елорда ретінде Қазақстанның басқа қалаларына ұқсамайтын өзінің тартымдылығы жағынан әлемдегі озық астаналармен тең түсетін, қайталанбас келбеті бар қала. Астана қ. архитектурасы мен қала құрылысы тұжырымының өзіндік ерекшелігі осындай. Таяу шетелмен ақпараттық біте қайнасып жатқан шақта Астананың өзіндік бейнесі Жаңа Қазақстанның серпінді дамуы мен өмір салтын көз алдыға келтіреді. Елдің әлемдік аренадағы белсенді саяси рөлі астананың аса жоғары деңгейдегі халықаралық форумдарды қабылдау және өткізу мүмкіндігін арттырып отыр. Сол арқылы Астана халықаралық жаңа деңгейге көтерілді. Алайда астананың қазіргі кезде қолға алып отырған іскерлік туризмі сұранысты түгел шеше алмайды, қазіргі кезде экологиялық туризмді дамыту ерекше назарға ілігуде. Экологиялық туризм көзқарасымен алғанда – Астана нағыз қолайлы өңірде, Қазақстанның солтүстік орта бөлігінде орналасқан. Бұл өлке табиғат байлығы, орман-тоғайлы көлдермен ерекшеленеді. Алайда турфирмалар арасында бір кездердегі жаппай сыртқа саяхат жасау деген ұғым саябырлап, астана бойынша саяхат өзінің алуан түрлі бағдарламасымен қонақтарды тарту жағынан басымдық танытуға бет бұрып отыр. Туристік фирмалар қазіргі кезде фототуризм, аңшылық, жертану, археологиялық қазба, тарихи ескерткіш орындарына саяхат, «Байқоңыр» космодромында болу секілді, т.б. туристік қызмет көрсету бағыттарын ұсынады. Экологиялық туризм алуан түрлі қорлар мен жергілікті қоғамдастықтардың бірлескен жобаларының арқауы болуда. 2006 жылдың мамыр айынан Еуразия қорының қолдауымен экотуризм бағдарламасы қолға алынды. Экотуризм танымдық табиғат турларымен тығыз байланысты, міне, осы сегментке мектеп каникулы туризмін тартуға мол мүмкіндік бар. Астана кейінгі үш жыл ішінде Қазақстанның өз аймақтары және көршілес республикалар оқушыларына арналған ішкі туризмді дамытып, оны астана маңайында орналасқан қорықтармен таныстыру турларына ұластыру жағын қолға алып отыр. Тейджерлік туризмнің әлемдік тәжірибесі, нақ осы мектеп жасында баланың санасы жергілікті табиғат байлықтарынан өшпес әсер алып, рухани байи түседі екен. Қаланың балалары, өз отанының нақты табиғи бастауымен қауышады, олар демалыс кезіндегі инфрақұрылымға да жоғары талап қойып жатпайды. Солай бола тұрғанмен, экологиялық туризм кезінде бір нәрсені естен шығармаған жөн, табиғат ауқымындағы демалыс орындарының адамға қызмет ету қабілеті шексіз емес. Бұған бұрыннан келе жатқан «Ақмолатурист» туристік фирмасының іс-тәжірибесі мысал бола алады. Олар Сарыобаны қолға алып, аялап, қайтадан жан кіргізу ісімен шұғылдануда. «Саят» фирмасы да Астанадағы ірі турфирма санатына жатады, олар «Ел жүрегі – Астана» сититур ұйымдастырды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 13:10 9524

Астана – жаңа елорда ретінде Қазақстанның басқа қалаларына ұқсамайтын өзінің тартымдылығы жағынан әлемдегі озық астаналармен тең түсетін, қайталанбас келбеті бар қала. Астана қ. архитектурасы мен қала құрылысы тұжырымының өзіндік ерекшелігі осындай. Таяу шетелмен ақпараттық біте қайнасып жатқан шақта Астананың өзіндік бейнесі Жаңа Қазақстанның серпінді дамуы мен өмір салтын көз алдыға келтіреді. Елдің әлемдік аренадағы белсенді саяси рөлі астананың аса жоғары деңгейдегі халықаралық форумдарды қабылдау және өткізу мүмкіндігін арттырып отыр. Сол арқылы Астана халықаралық жаңа деңгейге көтерілді. Алайда астананың қазіргі кезде қолға алып отырған іскерлік туризмі сұранысты түгел шеше алмайды, қазіргі кезде экологиялық туризмді дамыту ерекше назарға ілігуде. Экологиялық туризм көзқарасымен алғанда – Астана нағыз қолайлы өңірде, Қазақстанның солтүстік орта бөлігінде орналасқан. Бұл өлке табиғат байлығы, орман-тоғайлы көлдермен ерекшеленеді. Алайда турфирмалар арасында бір кездердегі жаппай сыртқа саяхат жасау деген ұғым саябырлап, астана бойынша саяхат өзінің алуан түрлі бағдарламасымен қонақтарды тарту жағынан басымдық танытуға бет бұрып отыр. Туристік фирмалар қазіргі кезде фототуризм, аңшылық, жертану, археологиялық қазба, тарихи ескерткіш орындарына саяхат, «Байқоңыр» космодромында болу секілді, т.б. туристік қызмет көрсету бағыттарын ұсынады. Экологиялық туризм алуан түрлі қорлар мен жергілікті қоғамдастықтардың бірлескен жобаларының арқауы болуда. 2006 жылдың мамыр айынан Еуразия қорының қолдауымен экотуризм бағдарламасы қолға алынды. Экотуризм танымдық табиғат турларымен тығыз байланысты, міне, осы сегментке мектеп каникулы туризмін тартуға мол мүмкіндік бар. Астана кейінгі үш жыл ішінде Қазақстанның өз аймақтары және көршілес республикалар оқушыларына арналған ішкі туризмді дамытып, оны астана маңайында орналасқан қорықтармен таныстыру турларына ұластыру жағын қолға алып отыр. Тейджерлік туризмнің әлемдік тәжірибесі, нақ осы мектеп жасында баланың санасы жергілікті табиғат байлықтарынан өшпес әсер алып, рухани байи түседі екен. Қаланың балалары, өз отанының нақты табиғи бастауымен қауышады, олар демалыс кезіндегі инфрақұрылымға да жоғары талап қойып жатпайды. Солай бола тұрғанмен, экологиялық туризм кезінде бір нәрсені естен шығармаған жөн, табиғат ауқымындағы демалыс орындарының адамға қызмет ету қабілеті шексіз емес. Бұған бұрыннан келе жатқан «Ақмолатурист» туристік фирмасының іс-тәжірибесі мысал бола алады. Олар Сарыобаны қолға алып, аялап, қайтадан жан кіргізу ісімен шұғылдануда. «Саят» фирмасы да Астанадағы ірі турфирма санатына жатады, олар «Ел жүрегі – Астана» сититур ұйымдастырды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға