Жаңалықтар

ХХ ғасырдың бірінші жартысы

Қазақтың басқа да спорт түрлері сияқты ат спортының тарихы ғасырлар қойнауына көш тартады. Әсіресе бәйге, теңге алу, көкпар және басқа да ұлттық ойындар – тоғызқұмалақ, күрес көпшілікке ежелден танымал болды. Ақмола жәрмеңкесінде балуандар күресі жиі өткізіліп тұрған. 1907 ж. небір әйгілі балуандарды тізе бүктірген жеңісімен Сарыарқаны бүкіл әлемге әйгілі еткен Қ. Мұңайтпасов Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1927 жылдың 22 сәуірінде Акмола атқару комитетінің президиумы Дене шынықтыру кеңесін құруға шешім қабылдады. 1936 ж. Ақмолада «Стрела» ерікті спорт қоғамының (ЕСҚ) аудандық кеңесі ұйымдастырылып, 500 орындық тұңғыш стадион салынды. 1939 ж. «Стрела», «Локомотив» ЕСҚ-ның құрамына кірді. 1958 жылдан Ақмолада «Урожай» спорт қоғамы жұмыс істей бастады. 1958 ж. Денешынықтырушылар үйі, 1961 ж. «Локомотив» жаңа стадионы пайдалануға берілді. 70-жылдары «Энергия» спорт сарайы, жүзу бассейні мен спорт залы бар Жастар сарайы салынды. Осы кезеңнен бастап қала спортшылары халықаралық ірі жарыстарға қатысып, жеңіс тұғырына көтеріле бастады. Чемпиондар дәстүрін ақмолалық Әлем және Еуропаның бес дүркін чемпионы, Сеулдегі 24-ші жазғы олимпиадалық ойындардың чемпионы, олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетші А.М. Храпатый жалғастырды. Жасөспірімдер арасындағы КСРО (1977-1979), Әлем және Еуропа чемпионы (1979), ауыр атлетші А. Л. Хилажев серпе көтеруден әлемдік рекорд жасады. Ақмолалық велосипедшілер арасынан В.А. Волошин командалық жарыстардан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы (1979), халықаралық дәрежедегі спорт шебері Л.Ю. Тетерюк КСРО чемпионы (1986) болды. Қаладағы танымал боксшылар – КСРО спорт шебері Б.Б. Маржықпаев пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Р. Каспер есімі республика жұртшылығына белгілі. Астана республиканың тек саяси және әкімшілік ғана емес, сондай-ақ спорттың да орталығы болып отыр. Астанадағы күшті қарқынмен салынып жатқан құрылыстар мен қайта жаңғыртылған спорт ғимараттарының Қазақстанда ешбір теңдесі жоқ. Сондай ірі спорт кешені – 1998 ж. ҚР астанасының тұсаукесер күніне саябак аймағынан салынған теннис орталығы. Бұл бір инфрақұрылыммен жабдықталған бес ашық және екі жабық корты бар республикадағы бірден-бір алып кешен болып саналады. Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион толық жөндеуден өткізілді. Орындықтардың саны көбейтіліп, футбол алаңына бірінші рет табиғи көгал отыргызылды. «Алатау» спорт сарайы пайдалануға берілді. «Каспий» жаңа спорттық-сауықтыру кешені тұрғызылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 12:47 3934

Қазақтың басқа да спорт түрлері сияқты ат спортының тарихы ғасырлар қойнауына көш тартады. Әсіресе бәйге, теңге алу, көкпар және басқа да ұлттық ойындар – тоғызқұмалақ, күрес көпшілікке ежелден танымал болды. Ақмола жәрмеңкесінде балуандар күресі жиі өткізіліп тұрған. 1907 ж. небір әйгілі балуандарды тізе бүктірген жеңісімен Сарыарқаны бүкіл әлемге әйгілі еткен Қ. Мұңайтпасов Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 1927 жылдың 22 сәуірінде Акмола атқару комитетінің президиумы Дене шынықтыру кеңесін құруға шешім қабылдады. 1936 ж. Ақмолада «Стрела» ерікті спорт қоғамының (ЕСҚ) аудандық кеңесі ұйымдастырылып, 500 орындық тұңғыш стадион салынды. 1939 ж. «Стрела», «Локомотив» ЕСҚ-ның құрамына кірді. 1958 жылдан Ақмолада «Урожай» спорт қоғамы жұмыс істей бастады. 1958 ж. Денешынықтырушылар үйі, 1961 ж. «Локомотив» жаңа стадионы пайдалануға берілді. 70-жылдары «Энергия» спорт сарайы, жүзу бассейні мен спорт залы бар Жастар сарайы салынды. Осы кезеңнен бастап қала спортшылары халықаралық ірі жарыстарға қатысып, жеңіс тұғырына көтеріле бастады. Чемпиондар дәстүрін ақмолалық Әлем және Еуропаның бес дүркін чемпионы, Сеулдегі 24-ші жазғы олимпиадалық ойындардың чемпионы, олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетші А.М. Храпатый жалғастырды. Жасөспірімдер арасындағы КСРО (1977-1979), Әлем және Еуропа чемпионы (1979), ауыр атлетші А. Л. Хилажев серпе көтеруден әлемдік рекорд жасады. Ақмолалық велосипедшілер арасынан В.А. Волошин командалық жарыстардан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы (1979), халықаралық дәрежедегі спорт шебері Л.Ю. Тетерюк КСРО чемпионы (1986) болды. Қаладағы танымал боксшылар – КСРО спорт шебері Б.Б. Маржықпаев пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Р. Каспер есімі республика жұртшылығына белгілі. Астана республиканың тек саяси және әкімшілік ғана емес, сондай-ақ спорттың да орталығы болып отыр. Астанадағы күшті қарқынмен салынып жатқан құрылыстар мен қайта жаңғыртылған спорт ғимараттарының Қазақстанда ешбір теңдесі жоқ. Сондай ірі спорт кешені – 1998 ж. ҚР астанасының тұсаукесер күніне саябак аймағынан салынған теннис орталығы. Бұл бір инфрақұрылыммен жабдықталған бес ашық және екі жабық корты бар республикадағы бірден-бір алып кешен болып саналады. Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион толық жөндеуден өткізілді. Орындықтардың саны көбейтіліп, футбол алаңына бірінші рет табиғи көгал отыргызылды. «Алатау» спорт сарайы пайдалануға берілді. «Каспий» жаңа спорттық-сауықтыру кешені тұрғызылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға