Жаңалықтар

Амбулаторлық көмек көрсету

Амбулаторлық көмек көрсетуге кажет куат жетімсіздігі мәселелерін шешу үшін, 2007 ж. әр ауысымда 500 келушіге арналған 4 амбулаторлық-емханалық кешен пайдалануға берілді, олар казіргі талапқа сай медициналық құралдармен жабдықталған. 34 медициналық ұйым, оның ішінде, жалпы кереует саны 2640 орынды құрайтын 13 аурухана 2007 жылғы қаланың денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіші болып табылады. 2007 ж. медициналық ұйымдарда 1742 дәрігер және 2457 орта буындағы медбикелер жұмыс істеді. Қала халқына республикалық маңызы бар 3 емхана (Ұлттық ғылыми-медициналық орталық, Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің республикалық госпиталі), 5 ведомстволық медициналық ұйым (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы, ҚР Президенті істер басқармасының медициналық орталығы, Ішкі істер департаментінің емханасы, Республикалық гвардияның госпиталі, ҚР Қорғаныс министрлігінің госпиталі мен емханасы) және 120-дан астам қаланың жекеше медициналық ұйымдары қызмет көрсетеді. 1997 ж. астананың көшірілуіне байланысты, қаланың медициналық ұйымдарының жүйесі, кейбірін кайта мамандыққа бейімдеу есебінен, ведомстволық және республикалық болып өзгертілді. Осының нәтижесінде стационарлық көмек көрсетуге арналған кереует саны азайып, ол стационарлық көмектің қолжетімділігін қиындата түсті. 2002-2006 жвілдарда жыл сайынғы босанудың өсуі 17,3%-ды құрады. Осыған байланысты жыл сайын акушерлік-гинекологиялық кереуеттердің жетіспеушілігі жоғарылап, ол 2007 жылдың басында сұраныс 394-ке жетті. 2007 ж. қалада дәрігерлермен қамтамасыз ету 80,2%-ды, медбикелік қызмет мамандарының жетіспеуі 70,4%-ды құрады, дәрігерлердің 56,4%-нда және орта буын мамандарының 45%-нда біліктілік санаты бар. Төменгі жалақы және медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу мәселелерінің және бірінші кезекте ведомстволық тұрғын үйдің болмауына байланысты туындайтын қиындықтар кадрларды жасақтаудағы басты мәселе және олардың тұрақтамауының негізгі себебі болып табылады. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қала әкімдігі және Денсаулық сақтау департаменті қаланың медицина қызметкерлері үшін 3 шағын отбасылық жатақхана және муниципальды үй салуды қарастырып отыр. Медицина кадрларының жетіспеушілігін жою және жаңадан енгізіліп жатқан денсаулық сақтау нысандарын мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ҚазММА және медицина колледжін бітірушілерге өтініш берілді, қалалық медицина колледжінде мемлекеттік тапсырысты жыл сайын 100 адамға көбейту қарастырылып отыр. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 10:59 4933

Амбулаторлық көмек көрсетуге кажет куат жетімсіздігі мәселелерін шешу үшін, 2007 ж. әр ауысымда 500 келушіге арналған 4 амбулаторлық-емханалық кешен пайдалануға берілді, олар казіргі талапқа сай медициналық құралдармен жабдықталған. 34 медициналық ұйым, оның ішінде, жалпы кереует саны 2640 орынды құрайтын 13 аурухана 2007 жылғы қаланың денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіші болып табылады. 2007 ж. медициналық ұйымдарда 1742 дәрігер және 2457 орта буындағы медбикелер жұмыс істеді. Қала халқына республикалық маңызы бар 3 емхана (Ұлттық ғылыми-медициналық орталық, Травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің республикалық госпиталі), 5 ведомстволық медициналық ұйым (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы, ҚР Президенті істер басқармасының медициналық орталығы, Ішкі істер департаментінің емханасы, Республикалық гвардияның госпиталі, ҚР Қорғаныс министрлігінің госпиталі мен емханасы) және 120-дан астам қаланың жекеше медициналық ұйымдары қызмет көрсетеді. 1997 ж. астананың көшірілуіне байланысты, қаланың медициналық ұйымдарының жүйесі, кейбірін кайта мамандыққа бейімдеу есебінен, ведомстволық және республикалық болып өзгертілді. Осының нәтижесінде стационарлық көмек көрсетуге арналған кереует саны азайып, ол стационарлық көмектің қолжетімділігін қиындата түсті. 2002-2006 жвілдарда жыл сайынғы босанудың өсуі 17,3%-ды құрады. Осыған байланысты жыл сайын акушерлік-гинекологиялық кереуеттердің жетіспеушілігі жоғарылап, ол 2007 жылдың басында сұраныс 394-ке жетті.

2007 ж. қалада дәрігерлермен қамтамасыз ету 80,2%-ды, медбикелік қызмет мамандарының жетіспеуі 70,4%-ды құрады, дәрігерлердің 56,4%-нда және орта буын мамандарының 45%-нда біліктілік санаты бар. Төменгі жалақы және медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу мәселелерінің және бірінші кезекте ведомстволық тұрғын үйдің болмауына байланысты туындайтын қиындықтар кадрларды жасақтаудағы басты мәселе және олардың тұрақтамауының негізгі себебі болып табылады. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қала әкімдігі және Денсаулық сақтау департаменті қаланың медицина қызметкерлері үшін 3 шағын отбасылық жатақхана және муниципальды үй салуды қарастырып отыр. Медицина кадрларының жетіспеушілігін жою және жаңадан енгізіліп жатқан денсаулық сақтау нысандарын мамандармен қамтамасыз ету мақсатында ҚазММА және медицина колледжін бітірушілерге өтініш берілді, қалалық медицина колледжінде мемлекеттік тапсырысты жыл сайын 100 адамға көбейту қарастырылып отыр.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға