Жаңалықтар

Егемендіңтің алғашқы жылдары

1992 ж. ҚР егемендігінің алғашқы жылында, қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланды. 1998 ж. 6 мамырдан бастап қалаға қазіргі Астана атауы берілді. Астана қаласындағы кең көлемді жаңару ауқымы денсаулық сақтау саласын да қамтыды. Астана қаласының қалалық денсаулық сақтау басқармасы 1998 ж. әкімшіліктегі денсаулық сақтау бөлімінің базасында ұйымдастырылып, 2000 ж. Денсаулық сақтау департаменті болып қайта құрылды. 1999 ж. қалада психиатриялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық, қан, медициналық-әлеуметтік қалпына келу (наркопатологиямен ауыратын науқастар үшін), жыныстық жолмен берілетін аурулар, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары сияқты арнайы қызметтер құрылды. 2000 ж. қалалық перинатальдық орталық және № 1 қалалық балалар ауруханасы – ЮНИСЕФ-тің «Балаларға аялы қамқорлық жасау ауруханасы» мәртебесін алды. Осы жылы Қазақ травматологиялық және ортопедиялық ғылыми-зерттеу институты, ҚР Қорғаныс министрлігі және мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің республикалық госпитальдары ашылды. 2001 ж. Республикалық клиникалық аурухана секілді республикалық дәрежедегі медициналық ұйымдар жұмыс істей бастады. 1998-2002 жылдар аралығында астананың денсаулық сақтау жүйесінде 32 медициналық ұйым жұмыс істеді, оның ішінде, 12 стационар, 16 амбулаториялық-емханалық мекеме, 5 орталық, медициналық жедел жәрдем стансалары және т.б. (1998 ж. 14 емдеу-алдын алу мекемелері) бар. Сонымен қатар 8 ведомстволық және 2 республикалық емдеу мекемесі қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Қалалық медициналық мекемелер базасында республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының 8 бөлімшесі ашылды. ҚР әр түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарында жыл сайын 3,5 мың қала тұрғыны ем алады. Қалада 1999-2000 жылдары ашылған 8 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, оның 3-і жеке меншік. Денсаулық сақтау ісі, сонымен қатар мемлекеттік емес секторда да дамыды. Қаланың денсаулық сақтау саласының 100 субъектісі амбулаториялық-емханалық көмектің әр түрлі спектрін көрсетеді, оның 16-сы медициналық қызметтің әр түрі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды. 2003 жылғы қаланың ведомстволық емдеу мекемелерінің кереует саны 3772 болды, оның Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегісі – 2715; Денсаулық сақтау департаменті жүйесіндегісі – 2165 (1998 ж. 1800 кереует). 1998 жылдан бергі кезеңде, дәрігерлер мен орта буынды медициналық қызметкерлер саны тұрақты өсіп келеді. Қала халқының бақыланып отырған өсу қарқынын қоса есептегенде, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу 1998 жылғы 68,8%-дан 2003 ж. 57,5%-ға дейін төмендеді және орта буынды қызметкерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 88,2-ден 68,7-ге дейін төмендеді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 10:18 3256

1992 ж. ҚР егемендігінің алғашқы жылында, қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланды. 1998 ж. 6 мамырдан бастап қалаға қазіргі Астана атауы берілді. Астана қаласындағы кең көлемді жаңару ауқымы денсаулық сақтау саласын да қамтыды. Астана қаласының қалалық денсаулық сақтау басқармасы 1998 ж. әкімшіліктегі денсаулық сақтау бөлімінің базасында ұйымдастырылып, 2000 ж. Денсаулық сақтау департаменті болып қайта құрылды. 1999 ж. қалада психиатриялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық, қан, медициналық-әлеуметтік қалпына келу (наркопатологиямен ауыратын науқастар үшін), жыныстық жолмен берілетін аурулар, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары сияқты арнайы қызметтер құрылды. 2000 ж. қалалық перинатальдық орталық және № 1 қалалық балалар ауруханасы – ЮНИСЕФ-тің «Балаларға аялы қамқорлық жасау ауруханасы» мәртебесін алды. Осы жылы Қазақ травматологиялық және ортопедиялық ғылыми-зерттеу институты, ҚР Қорғаныс министрлігі және мүгедектердің, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің республикалық госпитальдары ашылды. 2001 ж. Республикалық клиникалық аурухана секілді республикалық дәрежедегі медициналық ұйымдар жұмыс істей бастады. 1998-2002 жылдар аралығында астананың денсаулық сақтау жүйесінде 32 медициналық ұйым жұмыс істеді, оның ішінде, 12 стационар, 16 амбулаториялық-емханалық мекеме, 5 орталық, медициналық жедел жәрдем стансалары және т.б. (1998 ж. 14 емдеу-алдын алу мекемелері) бар. Сонымен қатар 8 ведомстволық және 2 республикалық емдеу мекемесі қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Қалалық медициналық мекемелер базасында республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының 8 бөлімшесі ашылды. ҚР әр түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарында жыл сайын 3,5 мың қала тұрғыны ем алады. Қалада 1999-2000 жылдары ашылған 8 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, оның 3-і жеке меншік. Денсаулық сақтау ісі, сонымен қатар мемлекеттік емес секторда да дамыды. Қаланың денсаулық сақтау саласының 100 субъектісі амбулаториялық-емханалық көмектің әр түрлі спектрін көрсетеді, оның 16-сы медициналық қызметтің әр түрі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды. 2003 жылғы қаланың ведомстволық емдеу мекемелерінің кереует саны 3772 болды, оның Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіндегісі – 2715; Денсаулық сақтау департаменті жүйесіндегісі – 2165 (1998 ж. 1800 кереует).

1998 жылдан бергі кезеңде, дәрігерлер мен орта буынды медициналық қызметкерлер саны тұрақты өсіп келеді. Қала халқының бақыланып отырған өсу қарқынын қоса есептегенде, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу 1998 жылғы 68,8%-дан 2003 ж. 57,5%-ға дейін төмендеді және орта буынды қызметкерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 88,2-ден 68,7-ге дейін төмендеді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға