Жаңалықтар

ХІХ ғасырдың 90-жылдары

1891-1892 жылдың қысында әскери емхана мен Қызыл Крест қоғамының уақытша ауруханасы науқастарға лық толды. Н.Н. Карпитский өкіметке «Өткен жылғы бөртпелі сүзектің күшті эпидемиясы осы уақытқа дейін қаланың әр бөлігінде елеулі көлемде және ауыр түрде созылып келе жатқандықтан, тек аурухана ашып қоймай, сонымен қатар онда жұқпалы ауруларға арналған бөлімше ашуды талап етіп отыр. Кедей-кепшіктің тар лашықта тұруы, дені саулардың аурулармен бірге болуы сүзекті өршіте түсуде» деп хабарлаған болатын. Н.Н. Карпитский жер аударылған дәрігер Д.Д. Бекарюковты іш тартып, оған медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру туралы шешімге қол жеткізді. Жер аударылып келісімен дәрігерлік қызметке кіріскен Д.Д. Бекарюковтың алғашқы еңбек жолы егін шықпай қалып, халықтың аштықты бастан кешіріп отырған және 1890-жылдардағы тырысқақ індетінің бел алып тұрған кезіне сәйкес келді. Бір жағынан, осы қызметке өзі сұранған ол күні-түні дәрігерлік көмегін көрсетумен болды: шақыруларға барды, қаладағы медициналық-санитарлық сипаттағы түрлі істерді орындап, фельдшерлерге кеңес берді. Мұның барлығы тапшылык қол байлаған қиын жағдайда атқарылды. Ол кездерде Ақмолада еркін қол жетерлік дәріханалар жоқ еді, тек қана уездік ведомстволық дәріхана болды, онда медикаменттер сатылмады. Уездік дәрігер Н.Н. Карпитский: «Қалалық дәріхана қалалық басқарманың жарық жартылай түсетін дымқыл жертөлесінде орналасқан. Бұл салқын дымқыл жертөле дәрі-дәрмектерге, дәріханалык және комиссариаттық құрал-жабдықтардың қоймасы ретінде, дәрігерге, фельдшерге дәрі даярлау орны қызметін атқарып отыр. Жылынбайтын жертөле дәріханалық заттардың қоймасы бола алғанмен, дәріхана бола алмайды...» - деп жазды. 1892 жылдың жазында Д.Д. Бекарюков Ақмола қалалық дәрігерінің міндетін атқарушы болып белгіленді. Бұрын мұндай қызмет болған жоқ еді. Уездік дәрігер Н.Н. Карпитскийдің «Ақмола қаласы тұрғындарының бағына қарай күтпеген жерден және кездейсоқ тағдырдың жазуымен» өз еркімен тәжірибе жасайтын дәрігер Д.Д. Бекарюков пайда болып, ол өзінің бар күш-жігерімен 1891 жылдың қысында басталып, 1892 жылдын көктемі мен жазына дейін созылған бөртпелі сүзек індетінен жапа шегіп жатқан қала тұрғындарына көмектесті, өзі де бөртпелі сүзекпен ауырды, толық жазылмай жатып, індеттің бетін қайтаруға белсене араласты. Оның күш-жігерінің аркасында бөртпелі сүзек індетінің беті бері қарап, жекелеген адамдарда ғана кездесетін деңгейге жетті» деп ризашылық білдірген ойлары сақталған. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 10:03 3614

1891-1892 жылдың қысында әскери емхана мен Қызыл Крест қоғамының уақытша ауруханасы науқастарға лық толды. Н.Н. Карпитский өкіметке «Өткен жылғы бөртпелі сүзектің күшті эпидемиясы осы уақытқа дейін қаланың әр бөлігінде елеулі көлемде және ауыр түрде созылып келе жатқандықтан, тек аурухана ашып қоймай, сонымен қатар онда жұқпалы ауруларға арналған бөлімше ашуды талап етіп отыр. Кедей-кепшіктің тар лашықта тұруы, дені саулардың аурулармен бірге болуы сүзекті өршіте түсуде» деп хабарлаған болатын. Н.Н. Карпитский жер аударылған дәрігер Д.Д. Бекарюковты іш тартып, оған медициналық қызметпен айналысуға рұқсат беру туралы шешімге қол жеткізді. Жер аударылып келісімен дәрігерлік қызметке кіріскен Д.Д. Бекарюковтың алғашқы еңбек жолы егін шықпай қалып, халықтың аштықты бастан кешіріп отырған және 1890-жылдардағы тырысқақ індетінің бел алып тұрған кезіне сәйкес келді. Бір жағынан, осы қызметке өзі сұранған ол күні-түні дәрігерлік көмегін көрсетумен болды: шақыруларға барды, қаладағы медициналық-санитарлық сипаттағы түрлі істерді орындап, фельдшерлерге кеңес берді. Мұның барлығы тапшылык қол байлаған қиын жағдайда атқарылды. Ол кездерде Ақмолада еркін қол жетерлік дәріханалар жоқ еді, тек қана уездік ведомстволық дәріхана болды, онда медикаменттер сатылмады. Уездік дәрігер Н.Н. Карпитский: «Қалалық дәріхана қалалық басқарманың жарық жартылай түсетін дымқыл жертөлесінде орналасқан. Бұл салқын дымқыл жертөле дәрі-дәрмектерге, дәріханалык және комиссариаттық құрал-жабдықтардың қоймасы ретінде, дәрігерге, фельдшерге дәрі даярлау орны қызметін атқарып отыр. Жылынбайтын жертөле дәріханалық заттардың қоймасы бола алғанмен, дәріхана бола алмайды...» - деп жазды.

1892 жылдың жазында Д.Д. Бекарюков Ақмола қалалық дәрігерінің міндетін атқарушы болып белгіленді. Бұрын мұндай қызмет болған жоқ еді. Уездік дәрігер Н.Н. Карпитскийдің «Ақмола қаласы тұрғындарының бағына қарай күтпеген жерден және кездейсоқ тағдырдың жазуымен» өз еркімен тәжірибе жасайтын дәрігер Д.Д. Бекарюков пайда болып, ол өзінің бар күш-жігерімен 1891 жылдың қысында басталып, 1892 жылдын көктемі мен жазына дейін созылған бөртпелі сүзек індетінен жапа шегіп жатқан қала тұрғындарына көмектесті, өзі де бөртпелі сүзекпен ауырды, толық жазылмай жатып, індеттің бетін қайтаруға белсене араласты. Оның күш-жігерінің аркасында бөртпелі сүзек індетінің беті бері қарап, жекелеген адамдарда ғана кездесетін деңгейге жетті» деп ризашылық білдірген ойлары сақталған.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға