Жаңалықтар

III кезең – 2002-2005 жылдар аралығы

Инвестиция тартуға қолайлы жағдай тудыру арқылы, отандық және шетелдік компаниялардан қаражат тарту мақсатында 2002 жылдың қаңтарында Ел Президенті Заңдық күші бар «Астана – жаңа қала ережесін енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде Қазақстанның жаңа астанасының құрылысына өздерінің қаражаттарын салып, қазіргі тұрғын үй кешендерінің, қызмет көрсету, сауда және ойын-сауық нысандарының құрылыстарын жүргізуге тілек білдіруші компаниялардың саны бірден өсіп шыға келді. Іс жүзінде Астанадағы әлеуметтік және жалпы қалалық мақсаттағы, сондай-ақ қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымдық ғимараттарынан басқа құрылыстарының барлығы жеке инвесторлардың қаржысына салына бастады. Осы орайда, отандық және шетелдік «Базис А», «Қуат», «ВІ GROUP», «HIGHWILL», «Джейлан», «Сембол», «Окан» және «Аксел» секілді инвестор-құрылысшылардың үлкен іс тындырғаны белгілі. Олар жаңа құрылыс кешендері және бірегей нысандар мен құрылыстарға ірі көлемде қаржы сала отырып, Қазақстанның жаңа астанасының көркем сәулеттік келбетін қалыптастыруға мол үлес қосты. Алайда Мемлекет басшысы тарапынан жобалаушылар мен құрылысшыларға жай ғана көркем, қатардағы қалалардың бірін салып қоймай, құрылысты ХІХ ғасырдағы жаңа сәулеттік қала салу туралы ойлар жетістіктерінің талаптарына сай жүргізу міндеттері жүктелді. Астананың сәулеттік келбеті сондай талаптарға, ХІХ ғасырдағы үлгілі қала талаптарына сай болуы үшін, қала сәулетін дамыту бойынша қабылданатын шешімдердің деңгейін жаңа шығармашылық бағыттағы ізденістер түрғысынан жоғарылату қажеттілігі туындады. Осыған байланысты ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, Астанада тұрғызылған барынша маңызды нысандардың құрылысын жобалауға танымал сәулетшілер шақырыла бастады. Қала әкімдігіне бүрынғы Халықаралық Сәулетшілер одағының президенті В.Стутас, Халықаралық Сәулет академиясының президенті Г.Стоилов тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Солардың арқасында Астана қаласының барынша маңызды нысандарының жобасын дайындауға арналған халықаралық конкурсқа дүние жүзіне танымал сәулетшілер тобы қатысты. Конкурстық іріктеуден өткен жоба бойынша ғана салынған ірі ғимараттар құрылысының магистральды көшелер мен алаңдардың сәулеттік келбетін қалыптастыруда маңызы зор. Доктор К.Курокаваның жетекшілігімен ХӘЖА зерттеу тобы дайындаған Астана қаласының Бас жоспарын ҚР Үкіметі бекітіп, оның жоба ретінде ресми тұсаукесері өткеннен кейін, қаланың жаңа жоспарлы құрылымы мен сәулеттік келбетін қалыптастыру бойынша осы жобаның белсенді түрде жүзеге асырылуымен бірге ауқымды жұмыстар басталып кетті. Бұл жобаның аясында ХІХ ғасырдағы қала салу ісінің сөзбен жеткізуге болмайтын философиясы мен теориясы қамтылған еді. Құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі қаланың Жаңа орталығын қалыптастыру үшін Есіл өзенінің сол жағалауына көшірілді. Мұнда хауызды-көгал бульварын (сәулетшілері: Б.Досмағамбетов, С.Жүнісов, Н.Тоқаев, Т.Әбілда, С.Ақбаев), Дөңгелек алаң (сәулетшілері: Б.Досмағамбетов, С.Жүнісов, Г.Нұрбаев және «Базис-А» жобалау тобы корпорациясы), Бас алаңдағы үкімет ғимараттарын (сәулетшілері: Б.Досмағамбетов, С.Жүнісов, Талаев, С.Ақбаев, Т.Жазыбаев) қалыптастыру қарастырылған. 2002 жылы хауызды-көгал бульвардың орталығында жүз метрлік биіктікте алтын түстес шарға айналып барып бітетін жарқыраған шілтерлі әсем құрылғы – Қазақстанның символ-монументі – «Бәйтерек» («Имстальком» ААҚ, сәулетшілері: С.Рүстембеков, Б.Торғаев, С.Базарбаев) бой көтерді. Жоба Н.Ә.Назарбаевтың эскиз-нобайының негізінде дайындалды. Бұл сәулеттік құрылыс ТМД елдері бойынша 2002 жылы үздік құрылыс ретінде Xалыкаралық байқау-конкурсында Гран-При мен Алтын медальді жеңіп алды. 2003 жылы «Базис А» корпорациясы Қазақстанда алғаш рет Көлік және байланыс министрлігінің 36 қабатты, биіктігі 155 метрлік зәулім ғимаратын салды. «Ақмола негіз» ҚК ААҚ-ы ағылшын «Integrated Solutions Grup LTD» фирмасы сәулетшілерінің және «Астанақалажоба» жобалаушыларының жобасы бойынша 2003 жылы Океанариумды (Мұхитарал) салды, ол ұлы мұхиттың алыс өлкедегі бөлшегі ретінде Гиннесстің Рекордтар кітабына енді. 2004 жылы «Базис А» корпорациясы құрамына біртұтас «ҚазМұнайГаз», «Нұрлы дала», «Жансая» тұрғын үйлер кешенінің алып кұрылысы кіретін Дөңгелек алаңды қолданысқа берді. Онымен бір мезгілде қаланың ескі бөлігінде ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатты. 2001-2003 жылдар аралығындағы ең маңызды құрылыстардың қатарына «Джейлан Лимитед» (сәулетшілері: С.Клыч, А.Чиканаев) салған ескі қаладағы Еуразия ұлттық университінің оқу-әкімшілік, оқу-зертханалық ғимараттарын жатқызуға болады. 2006 жылға қарай еліміздің Бас алаңы құрылысының ансамблін құру, хауызды-көгал бульвары мен Бәйтерек маңындағы алаңдарды жабдықтау және көгалдандыру жұмыстары аяқталып, Дөңгелек алаң арқылы эстакада салынды. «Мабитекс» фирмасы Мемлекет Басшысының Резиденциясы мен Сыртқы істер министрлігінің ғимараттарын, «Джейлан Лимитед» ААҚ-ы фирмасы Үкімет және Жоғары Сот ғимараттарын (сәулетшілері: А.Тортаев, А.Чиканаев, Б.Тортаев). «Мотив-Ақмола» Қорғаныс министрлігінің Ұлттык кітапхананың ғимараттарын (А.Қапаров, В.Корнилов) тұрғызды. «Базис А» корпорациясы «Меруерт квартал», «Солтүстік шұғыласы» және «Триумф Астана» секілді жаңа заманға сай көпқызметті, сәулеті асқан тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Осы жылдар ішінде Астана келбетінің көркемденуіне үлес қосқан сәулетшілер есімі мен олардың жобалауы бойынша тұрғызылған нысандар өте көп. Бұл кезең құрылысының сипаты бұрын болмаған екпінімен және жылдамдығымен ерекшеленеді. Тек 2007 жылдың бірінші жартысында ғана 19 ірі нысан пайдалануға берілді: Министрлер үйі, «Триумф Астана» тұрғын үй кешені, цирк, Республикалық аналар мен балалар ғылыми орталығы, Республикалық балалар реабилитациялау орталығы, Бизнес орталығы, «Ұлан», «Астана Мега Орталық» сауда-демалыс кешені, ат спорты кешені, т.б. 2001 жылы 231 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілсе, 2005 жылы ол көрсеткіш 1 млн 67 мың шаршы метрге жетті. Күрделі тұрғын үй қоры 2000 жылғы 4 млн 768 мың шаршы метрден, 2005 жылы 7 млн 204 мың шаршы метрге көтерілді. Қаланың ескі бөлігіндегі көне үйлерді бұзып, оның орнына жаңа тұрғын үй кешенін тұрғызу бойынша Солдат және Қазақ слободкасында, орталық базар, Ш.Уәлиханов пен Потанин көшелерінің қиылысында, Н.Тілендиев, т.б. кешелерде ауқымды жұмыстар қолға алыды. Хауызды-көгал бульварынан оңтүстікке қарай көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жұмыстары жедел түрде жүргізіле бастады. «Астанабасжоспар» сәулетшілерінің жобасы бойынша, «Қолжетімді пәтер» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-6 қалакешенін тұрғызу бағытында жұмыстар қолға алынды. Қала салу ісінің қажетті жобалық құжаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан астанасында қойылатын талаптарға сай қала келбетін қайта қалыптастыруға және ауқымды құрылыс жұмыстарын жедел қамтамасыз етуге «Астанабасжоспар» МКК (Досмағамбетов, Жүнісов, Тоқаев, Т.Боқаев, Н.Анарқұлов, Нұрбаев, Б.Тайталиев, Т.Череев, Б.Дәулетов, Б.Нұрланов, Н.Аужанов, А.Чиканаев) сәулетшілерінің шығармашылық ұжымы аса үлкен үлес қосты. Астананың келбетіне өзіндік ерекшелік дарытып, қала көшелері мен аландарына көрік беріп тұрған асқан сәулетті ірі нысандардың көпшілігін жобалаған бұрынғы Целиноград ауыл шаруашылық институты сәулет факультетінің түлектері – жергілікті сәулетшілерден құрылған шығармашылық топ болатын (В.Лаптев, С.Жанболатов, Гладких, В.Солоник, А.Кочетов, А.Оспанов, Е.Қапабаев, Қапаров, Н.Ермоленко, А.Чиканаев). Қалада шетелдік жобалау фирмалармен бәсекелесе алатын «ВЛ», «ОРТА», «Санар», «АрхиПросто», «Студия Арт» секілді шығармашылық ұжымдар құрылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 09:54 3615

Инвестиция тартуға қолайлы жағдай тудыру арқылы, отандық және шетелдік компаниялардан қаражат тарту мақсатында 2002 жылдың қаңтарында Ел Президенті Заңдық күші бар «Астана – жаңа қала ережесін енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде Қазақстанның жаңа астанасының құрылысына өздерінің қаражаттарын салып, қазіргі тұрғын үй кешендерінің, қызмет көрсету, сауда және ойын-сауық нысандарының құрылыстарын жүргізуге тілек білдіруші компаниялардың саны бірден өсіп шыға келді. Іс жүзінде Астанадағы әлеуметтік және жалпы қалалық мақсаттағы, сондай-ақ қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымдық ғимараттарынан басқа құрылыстарының барлығы жеке инвесторлардың қаржысына салына бастады. Осы орайда, отандық және шетелдік «Базис А», «Қуат», «ВІ GROUP», «HIGHWILL», «Джейлан», «Сембол», «Окан» және «Аксел» секілді инвестор-құрылысшылардың үлкен іс тындырғаны белгілі. Олар жаңа құрылыс кешендері және бірегей нысандар мен құрылыстарға ірі көлемде қаржы сала отырып, Қазақстанның жаңа астанасының көркем сәулеттік келбетін қалыптастыруға мол үлес қосты. Алайда Мемлекет басшысы тарапынан жобалаушылар мен құрылысшыларға жай ғана көркем, қатардағы қалалардың бірін салып қоймай, құрылысты ХІХ ғасырдағы жаңа сәулеттік қала салу туралы ойлар жетістіктерінің талаптарына сай жүргізу міндеттері жүктелді. Астананың сәулеттік келбеті сондай талаптарға, ХІХ ғасырдағы үлгілі қала талаптарына сай болуы үшін, қала сәулетін дамыту бойынша қабылданатын шешімдердің деңгейін жаңа шығармашылық бағыттағы ізденістер түрғысынан жоғарылату қажеттілігі туындады. Осыған байланысты ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, Астанада тұрғызылған барынша маңызды нысандардың құрылысын жобалауға танымал сәулетшілер шақырыла бастады. Қала әкімдігіне бүрынғы Халықаралық Сәулетшілер одағының президенті В.Стутас, Халықаралық Сәулет академиясының президенті Г.Стоилов тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Солардың арқасында Астана қаласының барынша маңызды нысандарының жобасын дайындауға арналған халықаралық конкурсқа дүние жүзіне танымал сәулетшілер тобы қатысты. Конкурстық іріктеуден өткен жоба бойынша ғана салынған ірі ғимараттар құрылысының магистральды көшелер мен алаңдардың сәулеттік келбетін қалыптастыруда маңызы зор.

Доктор К.Курокаваның жетекшілігімен ХӘЖА зерттеу тобы дайындаған Астана қаласының Бас жоспарын ҚР Үкіметі бекітіп, оның жоба ретінде ресми тұсаукесері өткеннен кейін, қаланың жаңа жоспарлы құрылымы мен сәулеттік келбетін қалыптастыру бойынша осы жобаның белсенді түрде жүзеге асырылуымен бірге ауқымды жұмыстар басталып кетті. Бұл жобаның аясында ХІХ ғасырдағы қала салу ісінің сөзбен жеткізуге болмайтын философиясы мен теориясы қамтылған еді. Құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі қаланың Жаңа орталығын қалыптастыру үшін Есіл өзенінің сол жағалауына көшірілді. Мұнда хауызды-көгал бульварын (сәулетшілері: Б.Досмағамбетов, С.Жүнісов, Н.Тоқаев, Т.Әбілда, С.Ақбаев), Дөңгелек алаң (сәулетшілері: Б.Досмағамбетов, С.Жүнісов, Г.Нұрбаев және «Базис-А» жобалау тобы корпорациясы), Бас алаңдағы үкімет ғимараттарын (сәулетшілері: Б.Досмағамбетов, С.Жүнісов, Талаев, С.Ақбаев, Т.Жазыбаев) қалыптастыру қарастырылған.

2002 жылы хауызды-көгал бульвардың орталығында жүз метрлік биіктікте алтын түстес шарға айналып барып бітетін жарқыраған шілтерлі әсем құрылғы – Қазақстанның символ-монументі – «Бәйтерек» («Имстальком» ААҚ, сәулетшілері: С.Рүстембеков, Б.Торғаев, С.Базарбаев) бой көтерді. Жоба Н.Ә.Назарбаевтың эскиз-нобайының негізінде дайындалды. Бұл сәулеттік құрылыс ТМД елдері бойынша 2002 жылы үздік құрылыс ретінде Xалыкаралық байқау-конкурсында Гран-При мен Алтын медальді жеңіп алды.

2003 жылы «Базис А» корпорациясы Қазақстанда алғаш рет Көлік және байланыс министрлігінің 36 қабатты, биіктігі 155 метрлік зәулім ғимаратын салды. «Ақмола негіз» ҚК ААҚ-ы ағылшын «Integrated Solutions Grup LTD» фирмасы сәулетшілерінің және «Астанақалажоба» жобалаушыларының жобасы бойынша 2003 жылы Океанариумды (Мұхитарал) салды, ол ұлы мұхиттың алыс өлкедегі бөлшегі ретінде Гиннесстің Рекордтар кітабына енді. 2004 жылы «Базис А» корпорациясы құрамына біртұтас «ҚазМұнайГаз», «Нұрлы дала», «Жансая» тұрғын үйлер кешенінің алып кұрылысы кіретін Дөңгелек алаңды қолданысқа берді. Онымен бір мезгілде қаланың ескі бөлігінде ауқымды қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатты.

2001-2003 жылдар аралығындағы ең маңызды құрылыстардың қатарына «Джейлан Лимитед» (сәулетшілері: С.Клыч, А.Чиканаев) салған ескі қаладағы Еуразия ұлттық университінің оқу-әкімшілік, оқу-зертханалық ғимараттарын жатқызуға болады.

2006 жылға қарай еліміздің Бас алаңы құрылысының ансамблін құру, хауызды-көгал бульвары мен Бәйтерек маңындағы алаңдарды жабдықтау және көгалдандыру жұмыстары аяқталып, Дөңгелек алаң арқылы эстакада салынды. «Мабитекс» фирмасы Мемлекет Басшысының Резиденциясы мен Сыртқы істер министрлігінің ғимараттарын, «Джейлан Лимитед» ААҚ-ы фирмасы Үкімет және Жоғары Сот ғимараттарын (сәулетшілері: А.Тортаев, А.Чиканаев, Б.Тортаев). «Мотив-Ақмола» Қорғаныс министрлігінің Ұлттык кітапхананың ғимараттарын (А.Қапаров, В.Корнилов) тұрғызды. «Базис А» корпорациясы «Меруерт квартал», «Солтүстік шұғыласы» және «Триумф Астана» секілді жаңа заманға сай көпқызметті, сәулеті асқан тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Осы жылдар ішінде Астана келбетінің көркемденуіне үлес қосқан сәулетшілер есімі мен олардың жобалауы бойынша тұрғызылған нысандар өте көп. Бұл кезең құрылысының сипаты бұрын болмаған екпінімен және жылдамдығымен ерекшеленеді. Тек 2007 жылдың бірінші жартысында ғана 19 ірі нысан пайдалануға берілді: Министрлер үйі, «Триумф Астана» тұрғын үй кешені, цирк, Республикалық аналар мен балалар ғылыми орталығы, Республикалық балалар реабилитациялау орталығы, Бизнес орталығы, «Ұлан», «Астана Мега Орталық» сауда-демалыс кешені, ат спорты кешені, т.б.

2001 жылы 231 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілсе, 2005 жылы ол көрсеткіш 1 млн 67 мың шаршы метрге жетті. Күрделі тұрғын үй қоры 2000 жылғы 4 млн 768 мың шаршы метрден, 2005 жылы 7 млн 204 мың шаршы метрге көтерілді. Қаланың ескі бөлігіндегі көне үйлерді бұзып, оның орнына жаңа тұрғын үй кешенін тұрғызу бойынша Солдат және Қазақ слободкасында, орталық базар, Ш.Уәлиханов пен Потанин көшелерінің қиылысында, Н.Тілендиев, т.б. кешелерде ауқымды жұмыстар қолға алыды. Хауызды-көгал бульварынан оңтүстікке қарай көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жұмыстары жедел түрде жүргізіле бастады. «Астанабасжоспар» сәулетшілерінің жобасы бойынша, «Қолжетімді пәтер» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-6 қалакешенін тұрғызу бағытында жұмыстар қолға алынды. Қала салу ісінің қажетті жобалық құжаттарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан астанасында қойылатын талаптарға сай қала келбетін қайта қалыптастыруға және ауқымды құрылыс жұмыстарын жедел қамтамасыз етуге «Астанабасжоспар» МКК (Досмағамбетов, Жүнісов, Тоқаев, Т.Боқаев, Н.Анарқұлов, Нұрбаев, Б.Тайталиев, Т.Череев, Б.Дәулетов, Б.Нұрланов, Н.Аужанов, А.Чиканаев) сәулетшілерінің шығармашылық ұжымы аса үлкен үлес қосты. Астананың келбетіне өзіндік ерекшелік дарытып, қала көшелері мен аландарына көрік беріп тұрған асқан сәулетті ірі нысандардың көпшілігін жобалаған бұрынғы Целиноград ауыл шаруашылық институты сәулет факультетінің түлектері – жергілікті сәулетшілерден құрылған шығармашылық топ болатын (В.Лаптев, С.Жанболатов, Гладких, В.Солоник, А.Кочетов, А.Оспанов, Е.Қапабаев, Қапаров, Н.Ермоленко, А.Чиканаев). Қалада шетелдік жобалау фирмалармен бәсекелесе алатын «ВЛ», «ОРТА», «Санар», «АрхиПросто», «Студия Арт» секілді шығармашылық ұжымдар құрылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға