Жаңалықтар

Астана қаласын дамытудың жаңашыл идеялары

2005 жылдың қазан айында ҚЭБМИ зерттеу тобының есептік көрсеткіштеріне сәйкес қазақстандық сәулетшілер арасында Астананың жоспарлы құрылымы мен құрылысын әрі қарай дамыту тұжырымдамасын дайындауға конкурс жарияланды. Қазылар алқасы қала құрылымын жоспарлау ұйымының жаңа тұжырымдамалық қадамына негізделген астана құрылысын дамытудың тұжырымдамалық идеясын жеңімпаз деп таныды. Авторлар Жапон сәулетшілер тобы дайындап, ҚР Үкіметі бекіткен қала сызбасынан мүлде өзгеше, өздерінің түбегейлі жаңа идеяларын астананы болашақ дамытуға жұмсауға тырысты. Соның ішінде, оларға қала аумағын, бірегей дөңгелек формалы, ұзындығы 46 шақырым қуатты көлік-байланыс эстакадасымен (шеңберлі) белдеулендіруді ұсынды. Эстакадада негізгі магистральды-инженерлік желілерді, қала өмірін қамтамасыз ететін жүйелер нысандарын шоғырландыруды және екі деңгейлі көлік катынас жолын салуды ұсынды. Шеңберлі эстакаданың жұмыс істеуіне қажетті экономикалық жағынан өзін-өзі ақтайтын, ыңғайлы жағдай қалыптастыру туралы ойларының негізінде, авторлар шеңбердің периметрін бойлай жоғары бағалы құрылыстарды шоғырландырып, мұнда барлық энергиялық және ресурстық сыйымды өндірістік кәсіпорындарды жинақтау керек деп есептеді. Батысында – көне Бозоқ қаласынан бастап, Жаңа орталық арқылы шығысында – жаңа университет калашығына дейін ендік бағытта кең ауқымда салу да жаңашыл идеялардың бірі болатын. Қала басшылығы авторлар тобына қазылар алқасы таңдаған қаланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Бас жоспарға түзетулер енгізуді тапсырды. Алайда Елбасы отандық сәулетшілердің көзқарастарында бірауыздылықтың жоқтығын ескеріп, Астана қаласының Бас жоспарын түзету жобасын 2007 жылы әлем архитектурасындағы барынша беделді шеберлердің халықаралық сараптауына жіберу туралы өкім шығарды. Осы жылдың қараша айында халықаралық сарапшылар Мемлекет басшысына сараптамаға ұсынылған жобалық материалдарды талдау қорытындысы туралы мәлімдеді. Халықаралық сарапшылар жаңа жобаны қаланы дамытудың айқын мәселелерінен алыс, таптаурын болған түсініктегі формалды және композициялық тәртіпте үстірт дайындалған деп тауып, оның шешіміне теріс баға берді. Қалыптасқан жағдай байсалды және ұтымды шешімді қажет ететін еді. Тіпті танымал сәулетшілер жетекшілік еткен шығармашылық ұйымдар дайындаған Бас жоспарлардың өзі де, барлық көркем-композициялық фантазиясының тереңдігі мен сұлулығына қарамастан, тез арада ескіріп қалатынын, сөйтіп қалыптасқан жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктерге сәйкес келмегендіктен, өзгертулер мен жекелеген түзетулер енгізуді талап етіп отыратынын мойындауға тура келді. ХХІ ғасырдағы қоғамдық және техникалық прогрестің қарқын алу жағдайы түсінікті болды. Қарқынды дамуға бет бұрған ірі қалалардың Бас жоспарларын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары ғылыми негізде жүргізуі керек деген тұжырым жасалды. Қаланы дамытудың 2006 жылғы қорытындысынан кейін, 2007 жылы «Астанабасжоспар» жобалау институтының базасында Астана қаласы Бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты (ҒЗЖИ) құрылды. Бұл институт қызметі, Астана қаласының қолданыстағы Бас жоспарына ғылыми негізделген өзгертулері мен түзетулер енгізуді, сонымен қатар қаланы жобалаудың жаңа нормативтік базасын дайындауды, Астананы болашақта қала салу ісі бойынша дамытудың ғылыми қолдаулары мен ұсыныстарын дайындауға қажетті зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын болып белгіленді. Қаладан тыс жерлерде тұратын сәулетшілерді тарту және Астананы қала салу жолымен дамытудың жағдайы мен нақты мәселелерінен хабары жоқ адамдарды қазылар алқасының құрамына енгізу көзделген мақсат үдесінен шығуда кедергі келтіретініне көз жеткізілді. Астананың ғылыми негізде, жүйелі және бірізді қала салу жолымен дамуын реттейтін құжаттарды дайындаумен қайтадан құрылған Астана қаласы Бас жоспарының Ғылыми-зерттеу жобалау институты (ҒЗЖИ) айналысатын және оған барлық жауапкершілік жүктелетін болып шешілді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 09:51 2550

2005 жылдың қазан айында ҚЭБМИ зерттеу тобының есептік көрсеткіштеріне сәйкес қазақстандық сәулетшілер арасында Астананың жоспарлы құрылымы мен құрылысын әрі қарай дамыту тұжырымдамасын дайындауға конкурс жарияланды. Қазылар алқасы қала құрылымын жоспарлау ұйымының жаңа тұжырымдамалық қадамына негізделген астана құрылысын дамытудың тұжырымдамалық идеясын жеңімпаз деп таныды. Авторлар Жапон сәулетшілер тобы дайындап, ҚР Үкіметі бекіткен қала сызбасынан мүлде өзгеше, өздерінің түбегейлі жаңа идеяларын астананы болашақ дамытуға жұмсауға тырысты. Соның ішінде, оларға қала аумағын, бірегей дөңгелек формалы, ұзындығы 46 шақырым қуатты көлік-байланыс эстакадасымен (шеңберлі) белдеулендіруді ұсынды. Эстакадада негізгі магистральды-инженерлік желілерді, қала өмірін қамтамасыз ететін жүйелер нысандарын шоғырландыруды және екі деңгейлі көлік катынас жолын салуды ұсынды. Шеңберлі эстакаданың жұмыс істеуіне қажетті экономикалық жағынан өзін-өзі ақтайтын, ыңғайлы жағдай қалыптастыру туралы ойларының негізінде, авторлар шеңбердің периметрін бойлай жоғары бағалы құрылыстарды шоғырландырып, мұнда барлық энергиялық және ресурстық сыйымды өндірістік кәсіпорындарды жинақтау керек деп есептеді. Батысында – көне Бозоқ қаласынан бастап, Жаңа орталық арқылы шығысында – жаңа университет калашығына дейін ендік бағытта кең ауқымда салу да жаңашыл идеялардың бірі болатын. Қала басшылығы авторлар тобына қазылар алқасы таңдаған қаланы дамыту тұжырымдамасына сәйкес, Бас жоспарға түзетулер енгізуді тапсырды. Алайда Елбасы отандық сәулетшілердің көзқарастарында бірауыздылықтың жоқтығын ескеріп, Астана қаласының Бас жоспарын түзету жобасын 2007 жылы әлем архитектурасындағы барынша беделді шеберлердің халықаралық сараптауына жіберу туралы өкім шығарды. Осы жылдың қараша айында халықаралық сарапшылар Мемлекет басшысына сараптамаға ұсынылған жобалық материалдарды талдау қорытындысы туралы мәлімдеді. Халықаралық сарапшылар жаңа жобаны қаланы дамытудың айқын мәселелерінен алыс, таптаурын болған түсініктегі формалды және композициялық тәртіпте үстірт дайындалған деп тауып, оның шешіміне теріс баға берді. Қалыптасқан жағдай байсалды және ұтымды шешімді қажет ететін еді. Тіпті танымал сәулетшілер жетекшілік еткен шығармашылық ұйымдар дайындаған Бас жоспарлардың өзі де, барлық көркем-композициялық фантазиясының тереңдігі мен сұлулығына қарамастан, тез арада ескіріп қалатынын, сөйтіп қалыптасқан жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктерге сәйкес келмегендіктен, өзгертулер мен жекелеген түзетулер енгізуді талап етіп отыратынын мойындауға тура келді. ХХІ ғасырдағы қоғамдық және техникалық прогрестің қарқын алу жағдайы түсінікті болды. Қарқынды дамуға бет бұрған ірі қалалардың Бас жоспарларын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары ғылыми негізде жүргізуі керек деген тұжырым жасалды.

Қаланы дамытудың 2006 жылғы қорытындысынан кейін, 2007 жылы «Астанабасжоспар» жобалау институтының базасында Астана қаласы Бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты (ҒЗЖИ) құрылды. Бұл институт қызметі, Астана қаласының қолданыстағы Бас жоспарына ғылыми негізделген өзгертулері мен түзетулер енгізуді, сонымен қатар қаланы жобалаудың жаңа нормативтік базасын дайындауды, Астананы болашақта қала салу ісі бойынша дамытудың ғылыми қолдаулары мен ұсыныстарын дайындауға қажетті зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын болып белгіленді. Қаладан тыс жерлерде тұратын сәулетшілерді тарту және Астананы қала салу жолымен дамытудың жағдайы мен нақты мәселелерінен хабары жоқ адамдарды қазылар алқасының құрамына енгізу көзделген мақсат үдесінен шығуда кедергі келтіретініне көз жеткізілді. Астананың ғылыми негізде, жүйелі және бірізді қала салу жолымен дамуын реттейтін құжаттарды дайындаумен қайтадан құрылған Астана қаласы Бас жоспарының Ғылыми-зерттеу жобалау институты (ҒЗЖИ) айналысатын және оған барлық жауапкершілік жүктелетін болып шешілді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға