Жаңалықтар

Астана қаласын дамыту Бас жоспарының үшінші нұсқасын қайта қарау

2006 жылға қарай Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің адам басына шаққандағы үлесі 7440-қа жетті. Осыған байланысты орындалатын құрылыс жұмыстарының ауқымы Бас жоспарда қарастырылғаннан бірнеше есеге асып түсті. Сөйтіп коғам мен тұрғындардың экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерінің артуы, қалалық тұтынымдардың барынша жоғары стандарттар бойынша қалыптасуына негіз болды. Осылайша, бір жағынан, қаланы қалыптастыру барысында жоғары дәрежелі өмірлік стандарттарға сәйкес коғам мүмкіндіктері мен тұтыныстардың өсуі, екінші жағынан, қаланы болашақ дамытудың базалық көрсеткіштері өлшемінің сапалық жаңа деңгейге көтерілуі, қолданыстағы Бас жоспарға жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктердің дамуына лайықтап, тиісті түзетулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін көрсетті. Осы орайда жаңа астананың негізі қаланғаннан бергі 10 жыл ішінде Астананы дамыту Бас жоспарының үшінші нұсқасы қайта қаралғандығын айта кеткен жөн. Бұл мәселеде Қазақстан астанасы құрылысын дамытуға орташа статистикалық өлшеммен қадам жасаған, тіпті жаңа заманның ұлы сәулетшісі К.Курокаваның өзі де, біздің қоғам мен қаламыздың даму әлеуетін төмендетіп, жете бағалай алмай, қателікке ұрынды. Алайда доктор К.Курокава астананы дамытудың жобасын, өткен ғасырдың 90-жылдарында дайындап, болашаққа сол кезеңнің көзімен қарағанын да ескеруіміз керек. Ол КСРО құлағаннан кейінгі Қазақстанның барынша ауыр дағдарысты басынан кешіп жатқан тұсы болатын. Сондықтан жасалған жобаның сарапшылары да Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың соншалықты таңғаларлық жылдамдықпен дамитынын алдын ала болжай алмады. Егер әлемдік сәулет шамшырағының беделіне сенім арта отырып, жоба шешімдерін жаңа жағдайлармен, даму мүмкіндіктерімен және оған жедел жауап қайтарылмаумен, қаладағы қала салу ісін дамытудың толық көлемде ашылған жаңа әлеуеттік мүмкіндігінің пайдаланылмауымен салыстырмасақ, қателескен болар едік. Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жобасы қайта қаралғанда, онда болашақта орнығуы тиіс тұрғындар санын анықтау бойынша көбіне қателіктер жіберілгенін ескере отырып, Қазақстанның мамандандырылған зерттеу ұйымына, тиісті демографиялық зерттеулер жүргізіп, 2030 жылға дейінгі кезеңде астана тұрғындарының сандық өсімінің ғылыми негізді болжамын жасауды тапсыру туралы шешім қабылданды. Ғылыми негізді демографиялық болжамдарды дайындауға Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қазақстан Экономика және болжау менеджменті институтының (ҚЭБМИ) зерттеу тобы катысты. Ұсынылған материалдар қарастырылғаннан кейін жасалған ұйғарымдар ҚЭБМИ зерттеу тобының қарауына берілді. Олардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 1 млн 200 мың адамға жетуге тиіс. Астана тұрғындары есімінің демографиялық болжамын, демографиялық жобалаудың когортты тәсілін пайдалана отырып зерттеу жүргізді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
01.03.2013 05:22 2405

2006 жылға қарай Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің адам басына шаққандағы үлесі 7440-қа жетті. Осыған байланысты орындалатын құрылыс жұмыстарының ауқымы Бас жоспарда қарастырылғаннан бірнеше есеге асып түсті. Сөйтіп коғам мен тұрғындардың экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерінің артуы, қалалық тұтынымдардың барынша жоғары стандарттар бойынша қалыптасуына негіз болды. Осылайша, бір жағынан, қаланы қалыптастыру барысында жоғары дәрежелі өмірлік стандарттарға сәйкес коғам мүмкіндіктері мен тұтыныстардың өсуі, екінші жағынан, қаланы болашақ дамытудың базалық көрсеткіштері өлшемінің сапалық жаңа деңгейге көтерілуі, қолданыстағы Бас жоспарға жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктердің дамуына лайықтап, тиісті түзетулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін көрсетті. Осы орайда жаңа астананың негізі қаланғаннан бергі 10 жыл ішінде Астананы дамыту Бас жоспарының үшінші нұсқасы қайта қаралғандығын айта кеткен жөн. Бұл мәселеде Қазақстан астанасы құрылысын дамытуға орташа статистикалық өлшеммен қадам жасаған, тіпті жаңа заманның ұлы сәулетшісі К.Курокаваның өзі де, біздің қоғам мен қаламыздың даму әлеуетін төмендетіп, жете бағалай алмай, қателікке ұрынды. Алайда доктор К.Курокава астананы дамытудың жобасын, өткен ғасырдың 90-жылдарында дайындап, болашаққа сол кезеңнің көзімен қарағанын да ескеруіміз керек. Ол КСРО құлағаннан кейінгі Қазақстанның барынша ауыр дағдарысты басынан кешіп жатқан тұсы болатын. Сондықтан жасалған жобаның сарапшылары да Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың соншалықты таңғаларлық жылдамдықпен дамитынын алдын ала болжай алмады. Егер әлемдік сәулет шамшырағының беделіне сенім арта отырып, жоба шешімдерін жаңа жағдайлармен, даму мүмкіндіктерімен және оған жедел жауап қайтарылмаумен, қаладағы қала салу ісін дамытудың толық көлемде ашылған жаңа әлеуеттік мүмкіндігінің пайдаланылмауымен салыстырмасақ, қателескен болар едік. Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жобасы қайта қаралғанда, онда болашақта орнығуы тиіс тұрғындар санын анықтау бойынша көбіне қателіктер жіберілгенін ескере отырып, Қазақстанның мамандандырылған зерттеу ұйымына, тиісті демографиялық зерттеулер жүргізіп, 2030 жылға дейінгі кезеңде астана тұрғындарының сандық өсімінің ғылыми негізді болжамын жасауды тапсыру туралы шешім қабылданды. Ғылыми негізді демографиялық болжамдарды дайындауға Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қазақстан Экономика және болжау менеджменті институтының (ҚЭБМИ) зерттеу тобы катысты. Ұсынылған материалдар қарастырылғаннан кейін жасалған ұйғарымдар ҚЭБМИ зерттеу тобының қарауына берілді. Олардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 1 млн 200 мың адамға жетуге тиіс. Астана тұрғындары есімінің демографиялық болжамын, демографиялық жобалаудың когортты тәсілін пайдалана отырып зерттеу жүргізді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға