Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жазылған ғылыми зерттеудің тұсаукесері өткізілді (видео)

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жазылған ғылыми зерттеудің тұсаукесері өткізілді. Жобаны Қазақстан және Ресей ғалымдары бірлесе жүзеге асырған. Зерттеу жұмысының монография ретінде шығуы мамыр айына жоспарланып отыр. Дөңгелек үстел барысында атақты ғалымдар, «Болашақ» стипендиаттары баяндамаларын оқып, «Болашақ» бағдарламасының мемлекеттік білім стратегиясындағы рөлі, жетістіктері мен проблемаларын талқылады. Сарапшылардың айтуынша, Ресейде бұл жобаның баламасы жоқ. Бұл шара «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының елдегі кадрлық әлеуетті дамытудағы рөлі» ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткізілді. Саясат НҰРБЕК, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті: - 20 жылда бұл бағдарлама әлеуметтік құбылысқа айналды. 6 мыңға жуық қазақстандық оралып, түлектеріміз бүкіл салаларда жұмыс істеп жатыр. Соларды әлеуметтік жағынан зерттеу, әлеуметтік модернизация жағынан зерттеу, бұл түлектер қандай үлес қосып отыр, экономикаға, әлеуметтік жаңа бір идеялармен, инновациялық жаңарту мәселелерімен байланысты. 20 жыл ішінде сондай бір терең зерттеу болмаған екен.  
28.02.2013 12:53 4137

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жазылған ғылыми зерттеудің тұсаукесері өткізілді. Жобаны Қазақстан және Ресей ғалымдары бірлесе жүзеге асырған.

Зерттеу жұмысының монография ретінде шығуы мамыр айына жоспарланып отыр. Дөңгелек үстел барысында атақты ғалымдар, «Болашақ» стипендиаттары баяндамаларын оқып, «Болашақ» бағдарламасының мемлекеттік білім стратегиясындағы рөлі, жетістіктері мен проблемаларын талқылады. Сарапшылардың айтуынша, Ресейде бұл жобаның баламасы жоқ. Бұл шара «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының елдегі кадрлық әлеуетті дамытудағы рөлі» ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткізілді.

Саясат НҰРБЕК, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:

- 20 жылда бұл бағдарлама әлеуметтік құбылысқа айналды. 6 мыңға жуық қазақстандық оралып, түлектеріміз бүкіл салаларда жұмыс істеп жатыр. Соларды әлеуметтік жағынан зерттеу, әлеуметтік модернизация жағынан зерттеу, бұл түлектер қандай үлес қосып отыр, экономикаға, әлеуметтік жаңа бір идеялармен, инновациялық жаңарту мәселелерімен байланысты. 20 жыл ішінде сондай бір терең зерттеу болмаған екен.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға