Жаңалықтар

ҚР Биотехнологиялар бойынша ұлттық орталығы

ҚР Президентінің 1993 жылғы Жарлығына сәйкес биотехнология саласындағы іргелі және колданбалы ғылыми зерттеулерді орындау және жүзеге асыру мақсатында ҚР Биотехнологиялар бойынша ұлттық орталығы (ҰБО) құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы №802 қаулысына сәйкес ҚР Биотехнология бойынша ұлттық орталығы «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Қазіргі кезде ҚР-ның Ұлттық биотехнология орталығының жаңа ғылыми орталығы салынуда. Қазіргі барлық халықаралық талаптарға жауап беретін ҰБО жаңа ғимараты құрылысының жобасын жүзеге асыру, бәсекелестікке қабілетті биотехнологиялық өнімдерді құрауға және шетелдік ғалымдарды қызықтыратын жұмыс жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ҰБО ірі ғылыми орталық болып табылады, оның құрамында еншілес мемлекеттік кәсіпорындар: «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты» (Жамбыл облысы Гвардейский қала тектес ауылында); Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Алматы қаласы); Республикалық микроорганизмдер коллекциясы (Астана қаласы); ҰБО-ның филиалы (Степногор қаласы); Биомедпрепарат-Инжиниринг ЖШС орталығы (Степногор қаласы) кіреді. ҰБО ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары денсаулық қорғауға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғауға, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған биотехнологиялық өнімдерді өндіру үшін қазіргі кездегі технологияларды дайындау болып табылады. 2006-2008 жылдары Қазақстанда биотехнологияны дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, биотехнология саласында ғылымды дамытуды және биотехнологияны, биотехнологиялық өнімдерді коммерцияландыру саласында ғылым мен өндірістің ықпалдастығын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құрастыру қарастырылып отыр. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі нәтижелері – әлеуметтік маңызды отандық биотехнологиялық өнімдерді құру мен өндіру, елдің биологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болмақ. ҰБО-ның негізгі ғылыми жетістіктерінің нәтижелері мына ғылымдар саласында көрініс тапты. Өсімдіктер биотехнологиясы саласында: дәстүрлі және биотехнологиялық әдістемелерді қолданудың негізінде құрғақшылыққа және әр түрлі ауруларға төзімді бидайдың жоғары өнім беретін «Мирас», «Надежда», «Әлем» және «Бәйтерек» секілді сұрыптары шығарылды. Аталған сұрыптар Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілді. Күріштің «Бақанас» және «Мәдина» атты жаңа сұрыптары шығарылды, бұл сұрыптардың астық өнімділігі мен сапасы аса жоғары болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін «нитрагин» препараты дайындалды. Ветеринариялық биотехнология саласында ветеринарияға арналған 28 тест-жүйесі және 26 вакцина технологиялары дайындалып, оны өндіру ұйымдастырылды. Алғаш рет Қазақстанда құс тұмауына қарсы Н5N вакцинасы әзірленді. ҚР атты құс тұмауына қарсы өз вакцинасы бар сирек елдердің бірі болып табылады. 2008 ж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік сатып алу тапсырысы бойынша 7,7 млн вакцина дозасын өндіру ісі басталды. Медициналық биотехнология саласында С гепатиті, туберкулезді, адамдағы иммунтапшылығы вирусының және басқа да әлеуметтік мәнге ие аурулардың диагностикасы мен мониторингі үшін жаңа молекулалық-генетикалық тәсілдер анықталды. Жұқпалы миокардитті емдеу үшін нанокапсулалы трансдермалды интерферон-альфа препаратын алу әдісі жасалынды. Ресей ғалымдарымен бірлесе отырып, қызылшаға қарсы алғаш рет микрокапсула формасындағы вакцина әзірленді. Бұл вакцинаның артықшылығы нәрестеге 5 айлық кезінен бастап емдеуге пайдалануға болады, қазіргі кезде бұл вакцинаны 9 айлық кезеңінен бастап қолданады. Сондай-ақ алғаш рет таблеткалық формадағы адамның рекомбинантты үлгідегі эритропоэтині жасалынды, бұл ұзаққа созылған қатерлі ісікке қарсы емдеуде өте маңызды дәрі болып табылады. Жара мен күйікті емдеу үшін «ферим» препараты әзірленіп, республикада тіркелінді, ол фармакопея бабы бойынша тізімге енгізілген. Экология саласында мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау үшін көмірсутекті тотықтандыратын бактериялардың негізінде отандық биопрепараттың жасалғаны үлкен жетістік болды. Биопрепаратты мұнаймен ластанған аумақтарды тазалау мен кайта культивациялау үшін қолданғанда мұнай өнімдерінің зиянды көрсеткіштерін 30-дан 90%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2007 ж. бұл препарат өнеркәсіп келемінде өндіріліп, Қарағанды облысының аумақтарында мұнаймен ластанудан топырақты тазалау үшін қолданылғанда ойдағыдай нәтиже берді. Тамақ өнеркәсібі саласында биологиялық белсенді тамақ қоспаларын алу мақсатында стевия мен стахисты өсірудің және олардың биомассасын алудың регламенті жасалды. Тамақ өнеркәсібіне арналған өсімдік шикізаттарынан табиғи ингредиенттерді алу үшін экстракцияның көмірқышқылы дайындалды. Ашытқы және сіркеқышқылды бактерияларды қолдана отырып, протеолиттік ферменттерді, емдік-профилактикалық сусындардың протеолитикалық ферменттерінің өндірісінің регламенті дайындалды. Биотехнологиялық сала болашақта іргелі ғылым – қолданбалы ғылым – тәжірбиелі-конструкторлық жұмыс – эксперименттік өндіріс – қолданысқа енгізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті бола алады. Биологиялық ғылым дүниежүзілік ғылыммен ықпалдастырылып, ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың жаңа буыны тәрбиеленеді, отандық биотехнологтар мектебі құрылады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 12:33 17801

ҚР Президентінің 1993 жылғы Жарлығына сәйкес биотехнология саласындағы іргелі және колданбалы ғылыми зерттеулерді орындау және жүзеге асыру мақсатында ҚР Биотехнологиялар бойынша ұлттық орталығы (ҰБО) құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы №802 қаулысына сәйкес ҚР Биотехнология бойынша ұлттық орталығы «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды. Қазіргі кезде ҚР-ның Ұлттық биотехнология орталығының жаңа ғылыми орталығы салынуда. Қазіргі барлық халықаралық талаптарға жауап беретін ҰБО жаңа ғимараты құрылысының жобасын жүзеге асыру, бәсекелестікке қабілетті биотехнологиялық өнімдерді құрауға және шетелдік ғалымдарды қызықтыратын жұмыс жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде ҰБО ірі ғылыми орталық болып табылады, оның құрамында еншілес мемлекеттік кәсіпорындар: «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты» (Жамбыл облысы Гвардейский қала тектес ауылында); Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Алматы қаласы); Республикалық микроорганизмдер коллекциясы (Астана қаласы); ҰБО-ның филиалы (Степногор қаласы); Биомедпрепарат-Инжиниринг ЖШС орталығы (Степногор қаласы) кіреді. ҰБО ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыттары денсаулық қорғауға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаны қорғауға, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған биотехнологиялық өнімдерді өндіру үшін қазіргі кездегі технологияларды дайындау болып табылады. 2006-2008 жылдары Қазақстанда биотехнологияны дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, биотехнология саласында ғылымды дамытуды және биотехнологияны, биотехнологиялық өнімдерді коммерцияландыру саласында ғылым мен өндірістің ықпалдастығын қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құрастыру қарастырылып отыр. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі нәтижелері – әлеуметтік маңызды отандық биотехнологиялық өнімдерді құру мен өндіру, елдің биологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болмақ. ҰБО-ның негізгі ғылыми жетістіктерінің нәтижелері мына ғылымдар саласында көрініс тапты. Өсімдіктер биотехнологиясы саласында: дәстүрлі және биотехнологиялық әдістемелерді қолданудың негізінде құрғақшылыққа және әр түрлі ауруларға төзімді бидайдың жоғары өнім беретін «Мирас», «Надежда», «Әлем» және «Бәйтерек» секілді сұрыптары шығарылды. Аталған сұрыптар Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілді. Күріштің «Бақанас» және «Мәдина» атты жаңа сұрыптары шығарылды, бұл сұрыптардың астық өнімділігі мен сапасы аса жоғары болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін «нитрагин» препараты дайындалды. Ветеринариялық биотехнология саласында ветеринарияға арналған 28 тест-жүйесі және 26 вакцина технологиялары дайындалып, оны өндіру ұйымдастырылды. Алғаш рет Қазақстанда құс тұмауына қарсы Н5N вакцинасы әзірленді. ҚР атты құс тұмауына қарсы өз вакцинасы бар сирек елдердің бірі болып табылады. 2008 ж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік сатып алу тапсырысы бойынша 7,7 млн вакцина дозасын өндіру ісі басталды. Медициналық биотехнология саласында С гепатиті, туберкулезді, адамдағы иммунтапшылығы вирусының және басқа да әлеуметтік мәнге ие аурулардың диагностикасы мен мониторингі үшін жаңа молекулалық-генетикалық тәсілдер анықталды. Жұқпалы миокардитті емдеу үшін нанокапсулалы трансдермалды интерферон-альфа препаратын алу әдісі жасалынды. Ресей ғалымдарымен бірлесе отырып, қызылшаға қарсы алғаш рет микрокапсула формасындағы вакцина әзірленді. Бұл вакцинаның артықшылығы нәрестеге 5 айлық кезінен бастап емдеуге пайдалануға болады, қазіргі кезде бұл вакцинаны 9 айлық кезеңінен бастап қолданады. Сондай-ақ алғаш рет таблеткалық формадағы адамның рекомбинантты үлгідегі эритропоэтині жасалынды, бұл ұзаққа созылған қатерлі ісікке қарсы емдеуде өте маңызды дәрі болып табылады. Жара мен күйікті емдеу үшін «ферим» препараты әзірленіп, республикада тіркелінді, ол фармакопея бабы бойынша тізімге енгізілген. Экология саласында мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау үшін көмірсутекті тотықтандыратын бактериялардың негізінде отандық биопрепараттың жасалғаны үлкен жетістік болды. Биопрепаратты мұнаймен ластанған аумақтарды тазалау мен кайта культивациялау үшін қолданғанда мұнай өнімдерінің зиянды көрсеткіштерін 30-дан 90%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2007 ж. бұл препарат өнеркәсіп келемінде өндіріліп, Қарағанды облысының аумақтарында мұнаймен ластанудан топырақты тазалау үшін қолданылғанда ойдағыдай нәтиже берді. Тамақ өнеркәсібі саласында биологиялық белсенді тамақ қоспаларын алу мақсатында стевия мен стахисты өсірудің және олардың биомассасын алудың регламенті жасалды. Тамақ өнеркәсібіне арналған өсімдік шикізаттарынан табиғи ингредиенттерді алу үшін экстракцияның көмірқышқылы дайындалды. Ашытқы және сіркеқышқылды бактерияларды қолдана отырып, протеолиттік ферменттерді, емдік-профилактикалық сусындардың протеолитикалық ферменттерінің өндірісінің регламенті дайындалды. Биотехнологиялық сала болашақта іргелі ғылым – қолданбалы ғылым – тәжірбиелі-конструкторлық жұмыс – эксперименттік өндіріс – қолданысқа енгізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті бола алады. Биологиялық ғылым дүниежүзілік ғылыммен ықпалдастырылып, ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың жаңа буыны тәрбиеленеді, отандық биотехнологтар мектебі құрылады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға