Жаңалықтар

Техника, Медицина, Қоғамдық ғылымдар

Техника ғылымдары мына бағыттар бойынша жүргізілді: құрылыс нысандарын конструкциялау және есептеу әдістерін жетілдіру; жаңа типті құрылыс конструкцияларын жасау; құрылыс материалдарын дайындау өндірісін жетілдіру, бетон және темір-бетонды конструкциялар дайындау; су энергетикасын, тұрғын үй коммуналдық және өндірістік нысандарды пайдаланудың тиімділігін арттыру; конструкцияларды жетілдіру, машина паркін құрылыста пайдаланудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру, т.б. Медицина ғылымдары бойынша институтта мынадай өзекті мәселелер қарастырылды: туберкулез диагностикасы және емдеу (Г.А. Вядро, С.Д. Полетаев); ауыл шаруашылығы жарақатын азайту (В.А. Редин, Г.В. Цой); халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету түрлерін жетілдіру. Профессорлар арасында анатомия бойынша Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.Р. Рақышев; нейрохирургия бойынша А.В. Шевалье; неврология бойынша М.А. Фарбердің; патогенез заңдылықтарының эксперименталды және терминалдық жағдайларын кешенді зерттеу, орталық жүйке жүйесінің постреанимациялы патологиясын емдеудің жолдарын тәжірибе жүзінде іздестіру бойынша В.Г. Корпачаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері елімізде және шет елдерде де үлкен құрметке ие болды. Қолданбалы зерттеулер экологиялық факторлардың тұрғындардың жекелеген топтарының денсаулығына тигізетін әсері мен облыс аумағында барынша кеңінен таралған ауру түрлерінің барысы мәселелерін қарастыру бағытының төңірегіне шоғырландырылды. Хирургиялық ірінді инфекцияларды отандық иммобилизденген папаинды қолдану арқылы емдеудің тиімді әдістері (В.И. Удод); құрсаққуысы органдарына жасалған операциялардан кейінгі асқынулардың алдын алу және емдеу (Г.В. Цой), эхиннококкоз, қалқанша без ауруларын хирургиялық жолмен емдеу (Ю.А. Волох) әдістері денсаулық сақтау саласының тәжірибесіне енгізіле басталды. Астанада (бұрынғы Ақмола) отандық медицина ғылыми жетістіктері кеңінен қолданылуда (асқазан ауруларына жасалатын операциялар, көзге жасалатын микрохирургиялық операциялар, Илизаров, Калнберз, Волков-Оганесян бойынша сүйек остеосинтезін; Роднянский-Гупалов, Циввян бойынша бел омыртқа ауруларвш емдеу; Сеппо негізінде сынықтарды емдеу әдістері; Сиваш, ЦИТО-Мур, Воронцов бойынша ірі буын ауруларын емдеу). Республика көлемінде, сондай-ақ шет аймақтарда да А.Ж. Әбдрахманов ұсынған тізе буыны ауруларвш емдеу және алдын алу әдістері; О.И. Цих ұсынған бұғананың орнынан шығып кету ауруларын емдеу әдістері кеңінен қолданылуда. Қоғамдық ғылымдар бойынша зерттеулер негізінен оқу орындарының тиісті кафедраларында қарастырылған. Биотехнология мәселелері, ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымы мәселелері, жұмыстан кейін жұмысшылардың аграрлық отрядын құру мәселелері философия ғылымдарының докторы В.И. Зорин еңбектерінде айтылса, тың игеру аудандарындағы агроөнеркәсіп кешені мәселелері экономика ғыл. докторы Н.Н. Ли еңбектерінде жазылған. 1962 ж. Педагогикалық институттың құрылуына байланысты қоғамдық ғылымдар бойынша, әсіресе, республика мен облыстарда халыққа білім беру тарихы және психология-педагогика мәселелері бойынша зерттеу еңбектері тақырыптық жағынан толыға түсті (институттың бірінші ректоры, тарих ғылыми докторы К.Ж. Жаманбаевтың, профессор Б.П. Зязиннің, Д.Б. Қоянбаевтың монографиялары), Қазақстанның тарихи демографиясы және 18-20 ғасырдың бас кезі аралығындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері де назардан тыс қалмады (тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Алексеенконың монографиясы). Ғылыми еңбектердің негізгі тақырыптары өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеу үрдісін жетілдірумен тығыз байланысты болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 12:29 6844

Техника ғылымдары мына бағыттар бойынша жүргізілді: құрылыс нысандарын конструкциялау және есептеу әдістерін жетілдіру; жаңа типті құрылыс конструкцияларын жасау; құрылыс материалдарын дайындау өндірісін жетілдіру, бетон және темір-бетонды конструкциялар дайындау; су энергетикасын, тұрғын үй коммуналдық және өндірістік нысандарды пайдаланудың тиімділігін арттыру; конструкцияларды жетілдіру, машина паркін құрылыста пайдаланудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру, т.б.

Медицина ғылымдары бойынша институтта мынадай өзекті мәселелер қарастырылды: туберкулез диагностикасы және емдеу (Г.А. Вядро, С.Д. Полетаев); ауыл шаруашылығы жарақатын азайту (В.А. Редин, Г.В. Цой); халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету түрлерін жетілдіру. Профессорлар арасында анатомия бойынша Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі А.Р. Рақышев; нейрохирургия бойынша А.В. Шевалье; неврология бойынша М.А. Фарбердің; патогенез заңдылықтарының эксперименталды және терминалдық жағдайларын кешенді зерттеу, орталық жүйке жүйесінің постреанимациялы патологиясын емдеудің жолдарын тәжірибе жүзінде іздестіру бойынша В.Г. Корпачаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері елімізде және шет елдерде де үлкен құрметке ие болды. Қолданбалы зерттеулер экологиялық факторлардың тұрғындардың жекелеген топтарының денсаулығына тигізетін әсері мен облыс аумағында барынша кеңінен таралған ауру түрлерінің барысы мәселелерін қарастыру бағытының төңірегіне шоғырландырылды. Хирургиялық ірінді инфекцияларды отандық иммобилизденген папаинды қолдану арқылы емдеудің тиімді әдістері (В.И. Удод); құрсаққуысы органдарына жасалған операциялардан кейінгі асқынулардың алдын алу және емдеу (Г.В. Цой), эхиннококкоз, қалқанша без ауруларын хирургиялық жолмен емдеу (Ю.А. Волох) әдістері денсаулық сақтау саласының тәжірибесіне енгізіле басталды. Астанада (бұрынғы Ақмола) отандық медицина ғылыми жетістіктері кеңінен қолданылуда (асқазан ауруларына жасалатын операциялар, көзге жасалатын микрохирургиялық операциялар, Илизаров, Калнберз, Волков-Оганесян бойынша сүйек остеосинтезін; Роднянский-Гупалов, Циввян бойынша бел омыртқа ауруларвш емдеу; Сеппо негізінде сынықтарды емдеу әдістері; Сиваш, ЦИТО-Мур, Воронцов бойынша ірі буын ауруларын емдеу). Республика көлемінде, сондай-ақ шет аймақтарда да А.Ж. Әбдрахманов ұсынған тізе буыны ауруларвш емдеу және алдын алу әдістері; О.И. Цих ұсынған бұғананың орнынан шығып кету ауруларын емдеу әдістері кеңінен қолданылуда.

Қоғамдық ғылымдар бойынша зерттеулер негізінен оқу орындарының тиісті кафедраларында қарастырылған. Биотехнология мәселелері, ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымы мәселелері, жұмыстан кейін жұмысшылардың аграрлық отрядын құру мәселелері философия ғылымдарының докторы В.И. Зорин еңбектерінде айтылса, тың игеру аудандарындағы агроөнеркәсіп кешені мәселелері экономика ғыл. докторы Н.Н. Ли еңбектерінде жазылған. 1962 ж. Педагогикалық институттың құрылуына байланысты қоғамдық ғылымдар бойынша, әсіресе, республика мен облыстарда халыққа білім беру тарихы және психология-педагогика мәселелері бойынша зерттеу еңбектері тақырыптық жағынан толыға түсті (институттың бірінші ректоры, тарих ғылыми докторы К.Ж. Жаманбаевтың, профессор Б.П. Зязиннің, Д.Б. Қоянбаевтың монографиялары), Қазақстанның тарихи демографиясы және 18-20 ғасырдың бас кезі аралығындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері де назардан тыс қалмады (тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Алексеенконың монографиясы). Ғылыми еңбектердің негізгі тақырыптары өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеу үрдісін жетілдірумен тығыз байланысты болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға