Жаңалықтар

ХХ ғасырдың ортасы

Өлкеге ірі гидрогеологиялық зерттеулер, әсіресе, 60-жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жүргізілді. Н.В. Губкин, Б.К. Терлецкий секілді ғалымдар девон және карбон әктас суының көзін тапты. 50-жылдардан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін, ал 80-жылдары барлық агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға байланысты ғылыми бағыттар басымдыққа ие болды. 50-60-жылдары агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі мәселелерін зерттейтін бірқатар ғылыми мекемелер пайда болды. Олар: Қазак астық шаруашылығы институты (1956), Бүкілодақтық астық және оны өңдеу өнімдері ГЗИ-дің Қазақстандағы филиалы (1985), Жөндеу және машина-трактор паркін пайдалану мемлекеттік ғылыми-зерттеу технологиялық институттарының филиалы (1962), Қазақстан Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ҒЗИ-дің тың филиалы (1961); Қазақ КСР Ғылым академиясының топырақтану ҒЗИ бөлімі (1962); Ақмола облысы ветеринария стансасы ғылыми-зерттеу институты (1957); Қазақ аймақтық құс аурулары бойынша ғылыми-зерттеу ветзертханасы (1967, КАЗНИВЛ). 1973 жылдан бастап Ақмолада ОҒТИ-дің, 1986 жылдан «Агроресурстар» филиалдары жұмыс істеді. Сол кезеңдегі 50-60-жылдарда Ақмолада АШИ, педагогика, медицина және инженерлік-құрылыс институты секілді жоғары оқу орындары ашылды, олар тек оқу орталықтары ғана емес, сонымен қатар біртіндеп, ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. 1987 ж. КСРО-ның Ғылым академиясы АШИ-да био-технологиялық орталық ашты, онда өсімдік зерттеу ғылымы мен мал шаруашылығында биотехнологиялық әдістерді пайдаланудың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілді. Егін шаруашылығының топырақты қорғау жүйесі Ақмола жерінде жасалып, ол бұрынғы КСРО-ның көлемі 61,4 млн га болатын далалық қуаң аймагының жеріне пайдаланылды. Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Р.К. Қазыхановтың (АШИ) институттың оқу шаруашылығындағы көп жылғы зерттеулері жоғары өнім беретін еділбай тұқымы қойларының отарын өсіруге алып келді. Педагогикалық институттар ядролық физика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру мәселелері бойынша зерттеулер бастады. Медициналық институт ғалымдарының зерттеулері, тұрғындардың жекелеген топтарына экологиялық факторлардың әсерін және аймақ тұрғындарына медициналық-санитарлық қызмет көрсету бойынша өңір аумағында кеңінен таралған ауруларға қолданатын нақты шаралар мен ұсыныстарды дайындауға мүмкіндіктер берді. Инженерлік-құрылыс институттарында қосымша двигательдерді басқарудың микропроцессорлық жүйесі жасалды, осыған орай двигательді жөндеу аралығының моторесурсы 30%-ға ұлғайды, сынақтан өткізушілер мен тексерушілердің саны қысқарды, транспорттық шығындар, қосымша бөлшектерді пайдалану азайды. Ақмола тұрғындарын сумен қамтамасыз ету тұрақтылығын, сенімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер кешені жүргізілді. Нақты өзгерістерді және технологиялық линияны қайта жабдықтауды қажет етпейтін, Екібастұз көмірі мен сөндірілмеген әкті жағу кезінде түзілген Акмола ТЭЦ-інің күл-қалдықтарын пайдалана отырып, гипс-күлбетон құрылыс конструкциясын өндіру бойынша зерттеулер жүргізілді. Әр жылдары жергілікті көрнекті ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтары мемлекеттік марапаттауларға ие болды. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің далалық аудандарының топырағын эрозиядан қорғау бойынша жасалған іс-шараларға байланысты бір топ ғалымдарға және мамандарға, соның ішінде, А.Н. Бараевқа, Э.Ф. Госсенге, А.А. Зайцеваға 1972 ж. Ленин сыйлығы берілді. Инженерлік-құрылыс институты ғалымдарының ұжымы (электроника және өндірісті автоматтандыру кафедрасы) темір-бетон өнімдері мен конструкциясы зауытының мамандарымен бірлесіп дайындаған, бетон өнімдерін өңдеуді автоматтык тексеру жүйесі мен құрылғысы әдістері үшін 1986 ж. ҚР Министрлер Кеңесінің сыйлығына ие болды. «Өнімді жылу-дымқыл арқылы өңдеу әдістері, мысалы, бетон өнімі және оны іске асырудың құрылымын» дайындау бойынша ГДР-ден, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Канададан, Швециядан, ГФР-дан (1989) 10 патенттік куәлік алды. Осы институттың ғалымдары өнеркәсіпке 12, оқу үрдісіне 3 өнертабыс енгізді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 12:10 3998

Өлкеге ірі гидрогеологиялық зерттеулер, әсіресе, 60-жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде жүргізілді. Н.В. Губкин, Б.К. Терлецкий секілді ғалымдар девон және карбон әктас суының көзін тапты. 50-жылдардан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін, ал 80-жылдары барлық агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға байланысты ғылыми бағыттар басымдыққа ие болды. 50-60-жылдары агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі мәселелерін зерттейтін бірқатар ғылыми мекемелер пайда болды. Олар: Қазак астық шаруашылығы институты (1956), Бүкілодақтық астық және оны өңдеу өнімдері ГЗИ-дің Қазақстандағы филиалы (1985), Жөндеу және машина-трактор паркін пайдалану мемлекеттік ғылыми-зерттеу технологиялық институттарының филиалы (1962), Қазақстан Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ҒЗИ-дің тың филиалы (1961); Қазақ КСР Ғылым академиясының топырақтану ҒЗИ бөлімі (1962); Ақмола облысы ветеринария стансасы ғылыми-зерттеу институты (1957); Қазақ аймақтық құс аурулары бойынша ғылыми-зерттеу ветзертханасы (1967, КАЗНИВЛ). 1973 жылдан бастап Ақмолада ОҒТИ-дің, 1986 жылдан «Агроресурстар» филиалдары жұмыс істеді. Сол кезеңдегі 50-60-жылдарда Ақмолада АШИ, педагогика, медицина және инженерлік-құрылыс институты секілді жоғары оқу орындары ашылды, олар тек оқу орталықтары ғана емес, сонымен қатар біртіндеп, ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. 1987 ж. КСРО-ның Ғылым академиясы АШИ-да био-технологиялық орталық ашты, онда өсімдік зерттеу ғылымы мен мал шаруашылығында биотехнологиялық әдістерді пайдаланудың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілді. Егін шаруашылығының топырақты қорғау жүйесі Ақмола жерінде жасалып, ол бұрынғы КСРО-ның көлемі 61,4 млн га болатын далалық қуаң аймагының жеріне пайдаланылды. Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Р.К. Қазыхановтың (АШИ) институттың оқу шаруашылығындағы көп жылғы зерттеулері жоғары өнім беретін еділбай тұқымы қойларының отарын өсіруге алып келді. Педагогикалық институттар ядролық физика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру мәселелері бойынша зерттеулер бастады. Медициналық институт ғалымдарының зерттеулері, тұрғындардың жекелеген топтарына экологиялық факторлардың әсерін және аймақ тұрғындарына медициналық-санитарлық қызмет көрсету бойынша өңір аумағында кеңінен таралған ауруларға қолданатын нақты шаралар мен ұсыныстарды дайындауға мүмкіндіктер берді. Инженерлік-құрылыс институттарында қосымша двигательдерді басқарудың микропроцессорлық жүйесі жасалды, осыған орай двигательді жөндеу аралығының моторесурсы 30%-ға ұлғайды, сынақтан өткізушілер мен тексерушілердің саны қысқарды, транспорттық шығындар, қосымша бөлшектерді пайдалану азайды. Ақмола тұрғындарын сумен қамтамасыз ету тұрақтылығын, сенімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер кешені жүргізілді. Нақты өзгерістерді және технологиялық линияны қайта жабдықтауды қажет етпейтін, Екібастұз көмірі мен сөндірілмеген әкті жағу кезінде түзілген Акмола ТЭЦ-інің күл-қалдықтарын пайдалана отырып, гипс-күлбетон құрылыс конструкциясын өндіру бойынша зерттеулер жүргізілді. Әр жылдары жергілікті көрнекті ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтары мемлекеттік марапаттауларға ие болды. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің далалық аудандарының топырағын эрозиядан қорғау бойынша жасалған іс-шараларға байланысты бір топ ғалымдарға және мамандарға, соның ішінде, А.Н. Бараевқа, Э.Ф. Госсенге, А.А. Зайцеваға 1972 ж. Ленин сыйлығы берілді. Инженерлік-құрылыс институты ғалымдарының ұжымы (электроника және өндірісті автоматтандыру кафедрасы) темір-бетон өнімдері мен конструкциясы зауытының мамандарымен бірлесіп дайындаған, бетон өнімдерін өңдеуді автоматтык тексеру жүйесі мен құрылғысы әдістері үшін 1986 ж. ҚР Министрлер Кеңесінің сыйлығына ие болды. «Өнімді жылу-дымқыл арқылы өңдеу әдістері, мысалы, бетон өнімі және оны іске асырудың құрылымын» дайындау бойынша ГДР-ден, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Франциядан, Канададан, Швециядан, ГФР-дан (1989) 10 патенттік куәлік алды. Осы институттың ғалымдары өнеркәсіпке 12, оқу үрдісіне 3 өнертабыс енгізді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға