Жаңалықтар

ХХ ғасырдың бірінші жартысы

1892-1902 жылдары ғалым-лимнолог П.Г. Игнатов Теңіз-Қорғалжын көлінің алабын, Нұра өзенінің сағасын, Сілеті өзенінің орташа ағысын зерттеп тексерді. Өлкені зерттеу бойынша топографтар, геодезистер, сонымен бірге Омск әскери-топографиялық депосының бастығы Ю.А. Шмидт (Арктиканы зерттеуші белгілі ғалым О.Ю. Шмидтің әкесі) үлкен жұмыстар жүргізді. Далалық өлке ормандарын зерттеумен В.В. Барышевцев айналысты, оның басшылығымен аймақ ормандарының алғашқы картасы жасалды, ол жаңа орманшылық туралы «Ақмола және Семипалатинск облыстарындағы орманшылық» атты еңбек жазып шықты. Өлкені зерттеуге барынша еңбек сіңіргендер: М.М. Сиязов, Г.Н. Потанин, В.Ф. Семенов, П.Л. Драверт болды. Қазақ даласына кең ауқымда жүргізілген бүл зерттеулер барлығы ақыр аяғында колониялық саясаттың мүддесіне ұласты – бекіністік пункттерді көбейтудің қажеттілігі, Ресейдің ішкі губернияларындағы жері жоқ шаруаларды қоныстандыру, қазақ халқын бұғауда ұстау, т.б. біртіндеп жүзеге асырыла бастады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Акмола революцияшыл демократтарды, халықшылдарды, социал-демократтарды жер аударатын орынға айналды. Мұнда оқу-ағарту жұмыстарымен ерлі-зайыпты Бекарюковтар мен А.М. Богомолец (КСРО ҒА-ның вице-президенті А.А. Богомолецтің әкесі) айналысты, А.Г. Уфимцев өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарын Ақмолада жалғастырды. 1920 жылдары өлкені зерттеу кешенді сипат ала бастады, оған себеп болған 1924 жылы қаңтарда Ақмолада Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының құрылуы еді. Сол уақытта геолог М.А. Абдулкабирова жасаған Солтүстік Қазақстанның геологиялық картасы сол кезге дейін белгілі геологтар жасаған барлық геологиялық карталардан асып түсті. И.С. Яговкиннің «Бұрынғы Ақмола облысы шегіндегі Қазақ КСР Ақмола ауданының гидрогеологиялық очеркі» атты еңбегі 1928-1940 жылдардағы зерттеулердің нәтижесі болатын. Атбасар, Еркіншілік (қазіргі Ерейментау) және басқа аудандарда іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізген П.М. Фролов, Б.Е. Антипко, Г.В. Долгов, И.Б. Корженковский, З.Н. Рождественский секілді зерттеушілер 50-жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы құрылғаннан кейін осында жұмыс істеді. С.М. Шапиро мен Н.Я. Якуповтың «Ақмола облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тың жерлердегі жерасты тұщы суын бөлудің кейбір ерекшеліктері» деген еңбегі қорытындылаушы жұмыс болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 12:06 7305

1892-1902 жылдары ғалым-лимнолог П.Г. Игнатов Теңіз-Қорғалжын көлінің алабын, Нұра өзенінің сағасын, Сілеті өзенінің орташа ағысын зерттеп тексерді. Өлкені зерттеу бойынша топографтар, геодезистер, сонымен бірге Омск әскери-топографиялық депосының бастығы Ю.А. Шмидт (Арктиканы зерттеуші белгілі ғалым О.Ю. Шмидтің әкесі) үлкен жұмыстар жүргізді. Далалық өлке ормандарын зерттеумен В.В. Барышевцев айналысты, оның басшылығымен аймақ ормандарының алғашқы картасы жасалды, ол жаңа орманшылық туралы «Ақмола және Семипалатинск облыстарындағы орманшылық» атты еңбек жазып шықты. Өлкені зерттеуге барынша еңбек сіңіргендер: М.М. Сиязов, Г.Н. Потанин, В.Ф. Семенов, П.Л. Драверт болды. Қазақ даласына кең ауқымда жүргізілген бүл зерттеулер барлығы ақыр аяғында колониялық саясаттың мүддесіне ұласты – бекіністік пункттерді көбейтудің қажеттілігі, Ресейдің ішкі губернияларындағы жері жоқ шаруаларды қоныстандыру, қазақ халқын бұғауда ұстау, т.б. біртіндеп жүзеге асырыла бастады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Акмола революцияшыл демократтарды, халықшылдарды, социал-демократтарды жер аударатын орынға айналды. Мұнда оқу-ағарту жұмыстарымен ерлі-зайыпты Бекарюковтар мен А.М. Богомолец (КСРО ҒА-ның вице-президенті А.А. Богомолецтің әкесі) айналысты, А.Г. Уфимцев өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарын Ақмолада жалғастырды. 1920 жылдары өлкені зерттеу кешенді сипат ала бастады, оған себеп болған 1924 жылы қаңтарда Ақмолада Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының құрылуы еді. Сол уақытта геолог М.А. Абдулкабирова жасаған Солтүстік Қазақстанның геологиялық картасы сол кезге дейін белгілі геологтар жасаған барлық геологиялық карталардан асып түсті. И.С. Яговкиннің «Бұрынғы Ақмола облысы шегіндегі Қазақ КСР Ақмола ауданының гидрогеологиялық очеркі» атты еңбегі 1928-1940 жылдардағы зерттеулердің нәтижесі болатын. Атбасар, Еркіншілік (қазіргі Ерейментау) және басқа аудандарда іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізген П.М. Фролов, Б.Е. Антипко, Г.В. Долгов, И.Б. Корженковский, З.Н. Рождественский секілді зерттеушілер 50-жылдары ҚазКСР Ғылым академиясы құрылғаннан кейін осында жұмыс істеді. С.М. Шапиро мен Н.Я. Якуповтың «Ақмола облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тың жерлердегі жерасты тұщы суын бөлудің кейбір ерекшеліктері» деген еңбегі қорытындылаушы жұмыс болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға