Жаңалықтар

ХІІІ-ХІХ ғ.ғ.

Сарыарқа, қазіргі Орталық Қазақстан туралы естеліктер ежелгі грек, қытай, араб тарихшыларының еңбектерінде, 13 ғасырдағы фламанд саяхатшысы В. Рубруктың жазбаларында кездеседі; бұл өлке туралы мағлұматтар орыстың дереккөз-жылнамаларында, ел аузында, көпестер мен елшілердің күнделіктерінде сақталған. Ресей мен Қазақстанның және Орта Азияның бір-бірімен арадағы байланыстарының кеңеюімен бірге шекаралас жерлермен онда қоныстанушы халықтар туралы нақтырақ білу қажеттілігі пісіп-жетілді. Осындай мағлұматтарды қамтитын «Сызбалар кітабы» (16 ғасырдың соңы), «Сібірдің сызбалар кітабы» (1701), «Барлық елсіз-күнсіз шөлейтті тастақ дала сызбасы» атты кітаптар ең алғашқы басылымдар болып табылады, онда өзендер мен таулардан басқа археологиялық ескерткіштер де көрсетілген. 1736 жылға қатысты Ертіс өңірі туралы ғылыми мағлұматтар «Бүкіл Сібірдің жалпы географиялық сипаттамасында» кездеседі. Есіл өңірінде болған орыстың белгілі географ ғалымы, тарихшы, экономисі П. И. Рычковтың 1762 ж. Петербургтен кітабы шықты. Қорғалжын көлі мен Нұра өзенін суреттеуден басқа, ол оқырмандарына жоғалып кеткен Татағай (Ботағай) қаласы туралы мағлұматтарды баяндайды. 19 ғасырдан бастап өлке жіті зерттеле бастады. 1815-1816 ж. Петропавловск, болашақ Көкшетау, Ақмола, Атбасар қалалары аймағын тексерген тау инженері И.П. Шангин пайдалы қазбалар кенін, бұрынғы тау қазбаларының орнын іздестіруді жалғастырды, қосымша кездескен археологиялық ескерткіштерді суреттеп жазды. Шангиннің зерттеу нәтижесінде ежелгі материалдық мәдениеттің ескерткіштері: Жақсыкөн, Жаманкөн, Нұра және т.б. өзендерінің жазықтарындағы қоныстар мен мазарлар ғылымда белгілі болды. 1832 ж. Петербургте жарык көрген А. И. Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты 3 томдық зерттеу еңбегі 19 ғасырдың 1-жартысындағы іргелі зерттеулердің қатарына жатады. Онда Қазақстанның географиялық картасы, өзендері мен көлдері туралы әр түрлі мағлұматтар қамтыл-ған. Ғылыми зерттеулерді негізінен мемлекеттік шенеуніктер мен офицерлер жүргізді, олар өлкенің тарихы мен этнографиясын, ботаникасын, географиясын өздерінің қызметтік міндеттерімен ұштастыра қарастырды. Өлкені зерттеуге облыстық статистикалық комитет мүшелері зор үлес қосты, олардың зерттеулерінің нәтижелері «1887 жылғы Ақмола облысының естелік кітапшасында», «1886-1894 жылдардағы Ақмола облысына шолуда», «Ақмола облысының болыстары мен елді мекендеріне», «Акмола облысына шолуда (1892-1900)» және басқа да еңбектерде жарық көрді. 19 ғасырдың 80-жылдарында өлкенің климаттық жағдайларын зерттеудің алғашқы тәжірибелері жүргізіле бастады. Ақмоланың метеорологиялық бақылауын 2-ші Батыс Сібір батальонының офицері К.А. Лазарев жүргізді. Ол Қазақстандағы ең алғашқы метеорологиялық стансаны орнатушылардың бірі саналады. Есіл өңірінде жерді пайдалануға алғаш талпыныс жасаған Орыс географиялық қоғамының мүшесі, Сібір казак әскери басқармасы әскери шаруашылығының агрономы В.А. Остафьев болатын. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 12:04 4169

Сарыарқа, қазіргі Орталық Қазақстан туралы естеліктер ежелгі грек, қытай, араб тарихшыларының еңбектерінде, 13 ғасырдағы фламанд саяхатшысы В. Рубруктың жазбаларында кездеседі; бұл өлке туралы мағлұматтар орыстың дереккөз-жылнамаларында, ел аузында, көпестер мен елшілердің күнделіктерінде сақталған. Ресей мен Қазақстанның және Орта Азияның бір-бірімен арадағы байланыстарының кеңеюімен бірге шекаралас жерлермен онда қоныстанушы халықтар туралы нақтырақ білу қажеттілігі пісіп-жетілді. Осындай мағлұматтарды қамтитын «Сызбалар кітабы» (16 ғасырдың соңы), «Сібірдің сызбалар кітабы» (1701), «Барлық елсіз-күнсіз шөлейтті тастақ дала сызбасы» атты кітаптар ең алғашқы басылымдар болып табылады, онда өзендер мен таулардан басқа археологиялық ескерткіштер де көрсетілген. 1736 жылға қатысты Ертіс өңірі туралы ғылыми мағлұматтар «Бүкіл Сібірдің жалпы географиялық сипаттамасында» кездеседі. Есіл өңірінде болған орыстың белгілі географ ғалымы, тарихшы, экономисі П. И. Рычковтың 1762 ж. Петербургтен кітабы шықты. Қорғалжын көлі мен Нұра өзенін суреттеуден басқа, ол оқырмандарына жоғалып кеткен Татағай (Ботағай) қаласы туралы мағлұматтарды баяндайды. 19 ғасырдан бастап өлке жіті зерттеле бастады. 1815-1816 ж. Петропавловск, болашақ Көкшетау, Ақмола, Атбасар қалалары аймағын тексерген тау инженері И.П. Шангин пайдалы қазбалар кенін, бұрынғы тау қазбаларының орнын іздестіруді жалғастырды, қосымша кездескен археологиялық ескерткіштерді суреттеп жазды. Шангиннің зерттеу нәтижесінде ежелгі материалдық мәдениеттің ескерткіштері: Жақсыкөн, Жаманкөн, Нұра және т.б. өзендерінің жазықтарындағы қоныстар мен мазарлар ғылымда белгілі болды. 1832 ж. Петербургте жарык көрген А. И. Левшиннің «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты 3 томдық зерттеу еңбегі 19 ғасырдың 1-жартысындағы іргелі зерттеулердің қатарына жатады. Онда Қазақстанның географиялық картасы, өзендері мен көлдері туралы әр түрлі мағлұматтар қамтыл-ған. Ғылыми зерттеулерді негізінен мемлекеттік шенеуніктер мен офицерлер жүргізді, олар өлкенің тарихы мен этнографиясын, ботаникасын, географиясын өздерінің қызметтік міндеттерімен ұштастыра қарастырды. Өлкені зерттеуге облыстық статистикалық комитет мүшелері зор үлес қосты, олардың зерттеулерінің нәтижелері «1887 жылғы Ақмола облысының естелік кітапшасында», «1886-1894 жылдардағы Ақмола облысына шолуда», «Ақмола облысының болыстары мен елді мекендеріне», «Акмола облысына шолуда (1892-1900)» және басқа да еңбектерде жарық көрді.

19 ғасырдың 80-жылдарында өлкенің климаттық жағдайларын зерттеудің алғашқы тәжірибелері жүргізіле бастады. Ақмоланың метеорологиялық бақылауын 2-ші Батыс Сібір батальонының офицері К.А. Лазарев жүргізді. Ол Қазақстандағы ең алғашқы метеорологиялық стансаны орнатушылардың бірі саналады. Есіл өңірінде жерді пайдалануға алғаш талпыныс жасаған Орыс географиялық қоғамының мүшесі, Сібір казак әскери басқармасы әскери шаруашылығының агрономы В.А. Остафьев болатын.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға