Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту. Қосымша білім беру. Педагог кадрлар

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қолданылуда. Дамуы күрделі балалардың білім алуына көрсетілетін қызметтің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін 16 мектепте есту, сөйлеу, көру қабілеті төмен, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар ашылды. 1073 бала осы сыныптар мен арнайы түзету мектеп-интернатының қызметін пайдаланып отыр (бұл 2006 жылға қарағанда 152-ге көп). Материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтауға (оның ішінде, сурдо және тифло құралдармен) 13 миллионнан астам теңге қаражат бөлінді. Екі реабилитациялық орталық және қызмет көрсетіп отырған медициналық-педагогикалық консультацияға қосымша 2 ПМПК ашылды, онда 2007 жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 2612 бала терендетілген тексеруден өтті. «Астана қаласы білім беру жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары жоспарында 375 орындық арнайы түзету мектебін салу қарастырылған. Қосымша білім беру 2005 жылдан бастап қазіргі кезге дейін қалада мектептен тыс мекемелер мен балалар бірлестіктерінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. 2007 жылы 14 аула клубын біріктіретін «Шығыс» балалар орталығы ашылды. Осы жылдың сәуірінде Ағылшын тілі орталығы ашылған болатын, бұл сабақтан тыс уақытта үйірмелерге баратын балалар санының артуына мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда қалада, аула клубтарынан басқа 12 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Жазғы сауықтыру іс-шараларына 54 980 адам тартылды, бұл 1-10-сынып аралығындағы жалпы оқушылар контингентінің 94,1%-ын құрайды. Ағымдағы жылы 57 мыңнан астам мектеп оқушысы жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне ие болды. Қала сыртындағы лагерьде («Самал») жетім балалардың, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының демалуы үшін 55 млн теңге, тұрмысы төмен отбасылар балаларын мектеп жанындағы лагерьлерде тегін тамақтандыру үшін 14 306 мың теңге бюджеттен бөлініп, қаржыландыру дер кезінде жүзеге асты. 2002 жылдан бастап астаналық білім жүйесінің денсаулық сақтауға тәрбиелеу мүмкіндігін жаңарту мен кеңейтуге және салауатты өмір салтын қалыптастыру уәждері мен дағдысын қалыптастыруға бейімдейтін орта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Педагог кадрлар Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы кезеңінде педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі өте қатты білінді. 1919 жылы қысқа мерзімді 4 айлық Ақмола педкурстары, сондай-ақ Ақмолада қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізетін мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс істейтін екіжылдық курстар ашылды, онда 145 тыңдаушы білім алды. Бүгінгі танда қаланың білім беру ұйымдарында 7012 педагог (2005 ж. 5814 болған) жұмыс істейді, оның ішінде, жоғары білімділерінің саны 6004 (86%). Жоғары және бірінші санаттағы 50,3 %-ды құрайды. Білім саласында қол жеткізген табыстары үшін 7 педагог үкіметтің марапатына ие болды, 230 адамға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты берілді. «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» белгісімен және «Ы. Алтынсарин» медалімен 267 адам марапатталды. Білім департаментіне жаңа сападағы жаңа құрылыс педагогін дайындау, біліктілікті арттырудың ашық жүйесін құру, барлық мүмкіндікті пайдаланып, педагог кадрларды қайта даярлау бойынша біршама міндеттер қойылған. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 08:48 20741

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қолданылуда. Дамуы күрделі балалардың білім алуына көрсетілетін қызметтің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін 16 мектепте есту, сөйлеу, көру қабілеті төмен, психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар ашылды. 1073 бала осы сыныптар мен арнайы түзету мектеп-интернатының қызметін пайдаланып отыр (бұл 2006 жылға қарағанда 152-ге көп). Материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жабдықтауға (оның ішінде, сурдо және тифло құралдармен) 13 миллионнан астам теңге қаражат бөлінді. Екі реабилитациялық орталық және қызмет көрсетіп отырған медициналық-педагогикалық консультацияға қосымша 2 ПМПК ашылды, онда 2007 жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 2612 бала терендетілген тексеруден өтті. «Астана қаласы білім беру жүйесін дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралары жоспарында 375 орындық арнайы түзету мектебін салу қарастырылған.

Қосымша білім беру

2005 жылдан бастап қазіргі кезге дейін қалада мектептен тыс мекемелер мен балалар бірлестіктерінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. 2007 жылы 14 аула клубын біріктіретін «Шығыс» балалар орталығы ашылды. Осы жылдың сәуірінде Ағылшын тілі орталығы ашылған болатын, бұл сабақтан тыс уақытта үйірмелерге баратын балалар санының артуына мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда қалада, аула клубтарынан басқа 12 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді. Жазғы сауықтыру іс-шараларына 54 980 адам тартылды, бұл 1-10-сынып аралығындағы жалпы оқушылар контингентінің 94,1%-ын құрайды. Ағымдағы жылы 57 мыңнан астам мектеп оқушысы жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне ие болды. Қала сыртындағы лагерьде («Самал») жетім балалардың, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының демалуы үшін 55 млн теңге, тұрмысы төмен отбасылар балаларын мектеп жанындағы лагерьлерде тегін тамақтандыру үшін 14 306 мың теңге бюджеттен бөлініп, қаржыландыру дер кезінде жүзеге асты. 2002 жылдан бастап астаналық білім жүйесінің денсаулық сақтауға тәрбиелеу мүмкіндігін жаңарту мен кеңейтуге және салауатты өмір салтын қалыптастыру уәждері мен дағдысын қалыптастыруға бейімдейтін орта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Педагог кадрлар

Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы кезеңінде педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі өте қатты білінді. 1919 жылы қысқа мерзімді 4 айлық Ақмола педкурстары, сондай-ақ Ақмолада қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізетін мұғалімдер үшін тұрақты жұмыс істейтін екіжылдық курстар ашылды, онда 145 тыңдаушы білім алды. Бүгінгі танда қаланың білім беру ұйымдарында 7012 педагог (2005 ж. 5814 болған) жұмыс істейді, оның ішінде, жоғары білімділерінің саны 6004 (86%). Жоғары және бірінші санаттағы 50,3 %-ды құрайды. Білім саласында қол жеткізген табыстары үшін 7 педагог үкіметтің марапатына ие болды, 230 адамға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты берілді. «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» белгісімен және «Ы. Алтынсарин» медалімен 267 адам марапатталды. Білім департаментіне жаңа сападағы жаңа құрылыс педагогін дайындау, біліктілікті арттырудың ашық жүйесін құру, барлық мүмкіндікті пайдаланып, педагог кадрларды қайта даярлау бойынша біршама міндеттер қойылған.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға