Жаңалықтар

Қазақ энциклопедиясы

Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 жыл “ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ” – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік) энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар, т.б. шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғыл. зерттеулер жариялаумен айналысады. Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1967 ж. 13 қыркүйектегі қаулысына сәйкес 1968 ж. 1 қаңтарда Қазақ КСР ҒА жанынан Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясы болып құрылған. 130 адамнан тұратын бұл үлкен ұжымның шығарм. күші 11 ғыл. редакцияға топтастырылды. Қазақтың тұңғыш энциклопедиясы Бас редакциясының жанынан барлық ғылым салалары бойынша 29 ғыл.-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақ КСР ҒА-ның 27 академигі мен корр. мүшесі, 84 ғылым докторы, 189 ғылым кандидаты болды. Бас редакция қызметтік құрылымы мен ғыл. мекеме мәртебесін сақтай отырып, 1975 ж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің жүйесіне қосылды. Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1993 ж. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы болып өзгерді. 2001 ж. 2 қарашада жабық акцион. қоғам болып құрылғаннан бері “Қ. э.” аталады. “Қ. э.” ұжымы өзінің алғашқы күрделі жұмысы 12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” 1972 – 78 ж. аралығында әзірлеп, баспадан шығарды. 1982 ж. осы тұңғыш энциклопедияның әліппелі пән-есім көрсеткіші жеке кітап болып шықты. Бұған жалғаса “Қазақ Советтік Социалистік Республикасы” деген анықтамалық (қазақ, орыс тілдерінде 1980 – 81) жарық көріп, 15 томдық топтама шығару жемісті аяқталды. Бас редакция ұжымының ең сүбелі еңбектерінің бірі – әрқайсысы төрт томнан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген “Қазақ ССР” атты қысқаша энциклопедия. Бұл анықтамалықтың басты ерекшелігі – онда негізінен қазақ елінің тарихына, әлеум. тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен табиғатына, қазба байлықтары мен жер-су, қоныстарына байланысты материалдар енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай келген халқымыздың асыл азаматтары туралы әділ бағасын берген мақалалар жарияланды. Еліміз егемендік алып, қазақ тіліне мемл. мәртебе берілуіне байланысты бірнеше тілашар мен сөздік шығарылды. Жас оқырмандарға арналған: “Ол кім, бұл не?” (үш томдық, 1985 – 87), “Негеш” (1995), “Әлемде талай қызық бар” (екі тілде, 1986 – 90) кітаптары жарық көрді. “Қ. э.” еліміздің ұлы адамдарының өмірі мен шығарм. қызметіне байланысты да біраз жұмыстар атқарды. Ш.Уәлиханов шығармаларының академ. бес томдығын (орыс тілінде, 1984 – 85), М.Әуезовтің таңдамалы мақалалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997), “Құрманғазы” (1998), “Қорқыт” (1999), “Ә.Бөкейхан, Таңдамалы” (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып, оқырмандарды 20 ғ-дың басында шығып тұрған “Қазақ” газеті (1998) мен “Айқап” журналын (1995) кітап етіп шығарды. Ал қазақтың ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық тойы қарсаңында “Абай” энциклопедиясын (1995) әзірлеп, баспадан шығарды. Ақын өмірі мен шығарм-на арналған бұл соны еңбек ҚР-ның Мемл. сыйлығымен жоғары бағаланды. “Хирургтің анықтамалығы” (акад. М.Әлиев, 1997), “Қазақстанда инженерлік істің дамуы” (екеуі де орыс тілінде 2001 ж. жарық көрді) көлемді анықтамалықтары да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды. Бас редакция облыстар мен қалалар тарихына да көңіл бөліп, “Алматы” (1983, 1996), “Қарағанды” (1990), “Ақмола” (1995) энциклопедияларын шығарды. Еліміздің тарихындағы айтулы мекемелер де ұжым қызметінен тыс қалған жоқ. Халықар. “Түркістан” энциклопедиясы (2001) оқырмандарды еліміздің тарихымен, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерінің өмір жолымен, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, кәсібімен, мәдениетімен, бүгінгі егеменді елдің өскелең экономикасымен таныстырды. “Қ. э.” 2-дүниежүз. соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай құрметіне “Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап” деген айдармен әр облыстан 2 – 7 кітаптан тұратын “Боздақтар” деп аталатын көптомдықты қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шығарып, ұлы шайқаста мерт болған азаматтардың аруақтарын мәңгіге қалдырды. Баспа 1996 жылдан “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясын шығара бастады (1-том 1998 ж. шықты). “Қ. э-ның” Бас редакциясын М.Қ. Қаратаев (1968 – 79), М.Қ. Қозыбаев (1980 – 86), Р.Н. Нұрғалиев (1986 – 97), Ә.Нысанбаев (1997 – 2003) басқарды. 2003 жылдан Б.Ғ. Аяған басқарып келеді. Т. Рсаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
08.11.2012 11:13 25735

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012 жыл

“ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ” – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік) энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар, т.б. шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғыл. зерттеулер жариялаумен айналысады. Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1967 ж. 13 қыркүйектегі қаулысына сәйкес 1968 ж. 1 қаңтарда Қазақ КСР ҒА жанынан Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясы болып құрылған. 130 адамнан тұратын бұл үлкен ұжымның шығарм. күші 11 ғыл. редакцияға топтастырылды.

Қазақтың тұңғыш энциклопедиясы Бас редакциясының жанынан барлық ғылым салалары бойынша 29 ғыл.-салалық алқалар мен кеңесшілер тобы ұйымдастырылып, оларға 313 ғалым мен маман тартылды. Олардың ішінде Қазақ КСР ҒА-ның 27 академигі мен корр. мүшесі, 84 ғылым докторы, 189 ғылым кандидаты болды. Бас редакция қызметтік құрылымы мен ғыл. мекеме мәртебесін сақтай отырып, 1975 ж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің жүйесіне қосылды. Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1993 ж. Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы болып өзгерді. 2001 ж. 2 қарашада жабық акцион. қоғам болып құрылғаннан бері “Қ. э.” аталады. “Қ. э.” ұжымы өзінің алғашқы күрделі жұмысы 12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” 1972 – 78 ж. аралығында әзірлеп, баспадан шығарды. 1982 ж. осы тұңғыш энциклопедияның әліппелі пән-есім көрсеткіші жеке кітап болып шықты. Бұған жалғаса “Қазақ Советтік Социалистік Республикасы” деген анықтамалық (қазақ, орыс тілдерінде 1980 – 81) жарық көріп, 15 томдық топтама шығару жемісті аяқталды.

Бас редакция ұжымының ең сүбелі еңбектерінің бірі – әрқайсысы төрт томнан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген “Қазақ ССР” атты қысқаша энциклопедия. Бұл анықтамалықтың басты ерекшелігі – онда негізінен қазақ елінің тарихына, әлеум. тұрмыс-тіршілігіне, экономикасы мен табиғатына, қазба байлықтары мен жер-су, қоныстарына байланысты материалдар енгізілді. Елдегі саяси-әміршілдік жағдайларға орай бұрын аталмай келген халқымыздың асыл азаматтары туралы әділ бағасын берген мақалалар жарияланды. Еліміз егемендік алып, қазақ тіліне мемл. мәртебе берілуіне байланысты бірнеше тілашар мен сөздік шығарылды. Жас оқырмандарға арналған: “Ол кім, бұл не?” (үш томдық, 1985 – 87), “Негеш” (1995), “Әлемде талай қызық бар” (екі тілде, 1986 – 90) кітаптары жарық көрді. “Қ. э.” еліміздің ұлы адамдарының өмірі мен шығарм. қызметіне байланысты да біраз жұмыстар атқарды. Ш.Уәлиханов шығармаларының академ. бес томдығын (орыс тілінде, 1984 – 85), М.Әуезовтің таңдамалы мақалалар жинағын (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1997), “Құрманғазы” (1998), “Қорқыт” (1999), “Ә.Бөкейхан, Таңдамалы” (қазақ, орыс тілдерінде аралас, 1995) кітаптарын қайта басып, оқырмандарды 20 ғ-дың басында шығып тұрған “Қазақ” газеті (1998) мен “Айқап” журналын (1995) кітап етіп шығарды. Ал қазақтың ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың бүкіл дүние жүзі елдері атап өткен 150 жылдық тойы қарсаңында “Абай” энциклопедиясын (1995) әзірлеп, баспадан шығарды. Ақын өмірі мен шығарм-на арналған бұл соны еңбек ҚР-ның Мемл. сыйлығымен жоғары бағаланды. “Хирургтің анықтамалығы” (акад. М.Әлиев, 1997), “Қазақстанда инженерлік істің дамуы” (екеуі де орыс тілінде 2001 ж. жарық көрді) көлемді анықтамалықтары да мамандар мен оқырмандардың қажетін өтеген маңызды басылымдар болды. Бас редакция облыстар мен қалалар тарихына да көңіл бөліп, “Алматы” (1983, 1996), “Қарағанды” (1990), “Ақмола” (1995) энциклопедияларын шығарды. Еліміздің тарихындағы айтулы мекемелер де ұжым қызметінен тыс қалған жоқ. Халықар. “Түркістан” энциклопедиясы (2001) оқырмандарды еліміздің тарихымен, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерінің өмір жолымен, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, кәсібімен, мәдениетімен, бүгінгі егеменді елдің өскелең экономикасымен таныстырды.

“Қ. э.” 2-дүниежүз. соғыстағы кеңес халықтары жеңісінің 50 жылдығына орай құрметіне “Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап” деген айдармен әр облыстан 2 – 7 кітаптан тұратын “Боздақтар” деп аталатын көптомдықты қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шығарып, ұлы шайқаста мерт болған азаматтардың аруақтарын мәңгіге қалдырды. Баспа 1996 жылдан “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясын шығара бастады (1-том 1998 ж. шықты). “Қ. э-ның” Бас редакциясын М.Қ. Қаратаев (1968 – 79), М.Қ. Қозыбаев (1980 – 86), Р.Н. Нұрғалиев (1986 – 97), Ә.Нысанбаев (1997 – 2003) басқарды. 2003 жылдан Б.Ғ. Аяған басқарып келеді.

Т. Рсаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға