Жаңалықтар

Хасанғалиев Ескендір

Әнші (лирикалық баритон),  композитор, Қазақстан Компартиясы одағының мүшесі (1998), Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның Халық әртісі (1984), Орта Азия Халық академиясының академигі (2000), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры (1998) Хасанғалиев Ескендір 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Бала шағынан домбыра тартып, ән салған. 1959 жылы  Қаратөбе орта мектебін бітірген соң клуб меңгерушісі, мектеп тәрбиешісі болған. Әуелі Алматы консерваториясын, 1978 жылы Шымкент мәдениет институтын сырттай оқып бітірген. 1963 жылы Қазақ радиосының музыкалық  редакторы, 1964-1970 жылдары Қазақ қыздар институтының оқытушысы, 1970 жылдан Қазақ радио-телехабарлар комитетінің жеке әншісі. Е.Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. 1961 жылы алғашқы әні – «Анаға сәлем» әні арқылы елге танылды. Кейін «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғай», «Әдемі-ау», т.б. жұртшылык сүйіп айтатын әндер жазды. Хасанғалиевтың Отан, туған ер, өскен ел тақырыбына арналған шығармалары көп. Композитордың әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шет елдерде де ықыласпен қабылдайды. Е.Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды. Сонымен қатар «Тақыр», «Нан мен тұз» фильмдеріне, «Студенттер» спектакліне музыка жазды. 1968 жылы Сочиде өткен халықаралық жастар әні фестивалының дипломанты атанды. «Асыл арман» (1967), «Өмірімнің жазы» (1970), «Атамекен» (1978), «Бозторғайым» (1980) әндер жинағы мен компакт-дискісі шыққан. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған. Xасанғалиев туралы бірнеше деректі фильмдер түсірілген. Ол 1975 жылы Моңғолияда, 1982 жылы Болгарияда, 1968 жылы Югославияда, 1969 жылы Алжирде, 1973 жылы Сирия мен Ливанда, 1970 жылы Швеция және Финляндия т.б. елдерде гастрольдік сапармен болған. 2010 жылы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған Ескендір Хасанғалиевтің орындауындағы әндердің антологиясы шықты. Ұлт мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін 2000 жылы «Құрмет» орденімен наградталган.
28.02.2013 06:10 14215

Әнші (лирикалық баритон),  композитор, Қазақстан Компартиясы одағының мүшесі (1998), Қазақстан комсомол сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның Халық әртісі (1984), Орта Азия Халық академиясының академигі (2000), Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры (1998) Хасанғалиев Ескендір 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі Батпақкөл мекенінде дүниеге келген.
Бала шағынан домбыра тартып, ән салған. 1959 жылы  Қаратөбе орта мектебін бітірген соң клуб меңгерушісі, мектеп тәрбиешісі болған. Әуелі Алматы консерваториясын, 1978 жылы Шымкент мәдениет институтын сырттай оқып бітірген. 1963 жылы Қазақ радиосының музыкалық  редакторы, 1964-1970 жылдары Қазақ қыздар институтының оқытушысы, 1970 жылдан Қазақ радио-телехабарлар комитетінің жеке әншісі.
Е.Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. 1961 жылы алғашқы әні – «Анаға сәлем» әні арқылы елге танылды. Кейін «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғай», «Әдемі-ау», т.б. жұртшылык сүйіп айтатын әндер жазды. Хасанғалиевтың Отан, туған ер, өскен ел тақырыбына арналған шығармалары көп. Композитордың әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шет елдерде де ықыласпен қабылдайды.
Е.Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды. Сонымен қатар «Тақыр», «Нан мен тұз» фильмдеріне, «Студенттер» спектакліне музыка жазды.
1968 жылы Сочиде өткен халықаралық жастар әні фестивалының дипломанты атанды. «Асыл арман» (1967), «Өмірімнің жазы» (1970), «Атамекен» (1978), «Бозторғайым» (1980) әндер жинағы мен компакт-дискісі шыққан. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.
Xасанғалиев туралы бірнеше деректі фильмдер түсірілген. Ол 1975 жылы Моңғолияда, 1982 жылы Болгарияда, 1968 жылы Югославияда, 1969 жылы Алжирде, 1973 жылы Сирия мен Ливанда, 1970 жылы Швеция және Финляндия т.б. елдерде гастрольдік сапармен болған.
2010 жылы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған Ескендір Хасанғалиевтің орындауындағы әндердің антологиясы шықты.
Ұлт мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін 2000 жылы «Құрмет» орденімен наградталган.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға