Жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің сыйлығы

Жақында Алматы қаласындағы №162 мектеп-гимназия ұстаздары хабарласып, «МузАРТ» ансамблінің әншісі Сәкен Майғазиевке біздің басылым арқылы алғыс айтқысы келетінін жеткізіп, тілектерін жерде қалдырмауымызды өтінді.  Мектеп мұғалімдерінің айтуы бойынша, осы білім ошағында көп жылдан бері еңбек ететін, жо­ғары санатты ұстаз Айман Жұ­машқызы Ордаханова 50 жасқа толыпты. Мектеп оқушыларының ғана емес, әріптестерінің де жа­на­шыр апайына айналып, ана­сындай болып кеткен білікті маман Талдықорған облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келіпті. 1982 жылы Қаскелең қала­сындағы Педагогикалық учи­лищеге түсіп, аталған оқу ор­нын үздік аяқтаған соң, ал­ғаш­қы ұстаздық еңбек жо­лын балабақшада бастаған. Бала тәрбиесінің қызығы мен қиындығы оны балабақшаның меңгерушісі қызметіне де кө­тереді. 2001 жылдан № 162 мек­теп-гимназиясында тәрбие жұ­мыстары жөніндегі мектеп ди­ректорының орынбасары қыз­метін атқарып келеді. Айман апай жауапты жұмыстарды ойдағыдай атқара жүріп, драма үйірмесі мен түрлі кештерді белсене ұйым­дас­тырып тұрады екен. 2010 жылы қалалық байқауда «Кестелі орамал» қойылымы бірінші жүл­деге ие болыпты. Балаларды пат­риоттық сезімге тәрбиелеуде алдына жан салмайтын Айман апай Сәкен Майғазиевтің өнерін ерекше құрмет тұтады екен. Мұны жақсы білетін әріптес сіңлілері әншіге өтініш айтып, апайды мерейтойымен құттықтап келіп, ән салып беруін сұрайды. Өнер иесі олардың айтқанын екі етпей орындайды. Жарқын жүзбен кіріп келген әншіні көріп, мерейтой иесі аң-таң қалғаны соншалық, орнынан тұра алмай қалыпты. «Жақсы көретін апайымызға уа­қыт бөліп, ерекше сыйлық жа­саған Сәкен Майғазиевке Алла разы болсын» дейді олар. Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ Айқын
28.02.2013 05:59 3418

Жақында Алматы қаласындағы №162 мектеп-гимназия ұстаздары хабарласып, «МузАРТ» ансамблінің әншісі Сәкен Майғазиевке біздің басылым арқылы алғыс айтқысы келетінін жеткізіп, тілектерін жерде қалдырмауымызды өтінді. 
Мектеп мұғалімдерінің айтуы бойынша, осы білім ошағында көп жылдан бері еңбек ететін, жо­ғары санатты ұстаз Айман Жұ­машқызы Ордаханова 50 жасқа толыпты. Мектеп оқушыларының ғана емес, әріптестерінің де жа­на­шыр апайына айналып, ана­сындай болып кеткен білікті маман Талдықорған облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келіпті. 1982 жылы Қаскелең қала­сындағы Педагогикалық учи­лищеге түсіп, аталған оқу ор­нын үздік аяқтаған соң, ал­ғаш­қы ұстаздық еңбек жо­лын балабақшада бастаған. Бала тәрбиесінің қызығы мен қиындығы оны балабақшаның меңгерушісі қызметіне де кө­тереді. 2001 жылдан № 162 мек­теп-гимназиясында тәрбие жұ­мыстары жөніндегі мектеп ди­ректорының орынбасары қыз­метін атқарып келеді. Айман апай жауапты жұмыстарды ойдағыдай атқара жүріп, драма үйірмесі мен түрлі кештерді белсене ұйым­дас­тырып тұрады екен. 2010 жылы қалалық байқауда «Кестелі орамал» қойылымы бірінші жүл­деге ие болыпты. Балаларды пат­риоттық сезімге тәрбиелеуде алдына жан салмайтын Айман апай Сәкен Майғазиевтің өнерін ерекше құрмет тұтады екен. Мұны жақсы білетін әріптес сіңлілері әншіге өтініш айтып, апайды мерейтойымен құттықтап келіп, ән салып беруін сұрайды. Өнер иесі олардың айтқанын екі етпей орындайды. Жарқын жүзбен кіріп келген әншіні көріп, мерейтой иесі аң-таң қалғаны соншалық, орнынан тұра алмай қалыпты. «Жақсы көретін апайымызға уа­қыт бөліп, ерекше сыйлық жа­саған Сәкен Майғазиевке Алла разы болсын» дейді олар.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға