Жаңалықтар

Бердіғалиев Қатимолла

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1989), мәдиниет саласынын еңбек сіңірген қайраткері (2010) Қатимолла Бердіғалиев 1952 жылы 29 қаңтарда Орал облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті 1969 жылы бітірген. 1975 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы  атындағы музыкалық училищесінің А.Ф.Муравьев  класын  бітірген. 1977-1989 жылдары Аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, үйірме жетекшісі және әдістемеші  қызметтерін атқарды. Қатимолла – табиғи талант иесі. Оның кең диапозонды, әдемі де ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Оның репертуары өте бай. Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т.б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндері бар. Қатимолла Бердіғалиевтің өнерін облыс, республика жұртшылығы жақсы біледі. Ол бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты. 1985 жылы алғаш рет ақындар айтысына қатысты. 1987 жылы Ұлы Қазан төңкерісінің 70 жылдық торқалы тойына арналған Орал облыстық ақындар айтысына, Казталов ауданының бас ақыны ретінде қатысып, үлкен ақындық өнер танытты. Ол өзінің сөз саптаушылық талантымен көзге түсіп, 1987 жылы «Облыс ақыны» деген атаққа ие болды. Көптеген  халықаралық  айтыстардың  жеңімпазы. Бүгінде жыр көшінің жетегінде келе жатқан, кейінгі жас балауса ақындардың өнерге жол сілтер ұстаз-ағалары ретінде көріне білген Қатимолла Бердіғалиев аз уақыт ішінде Республиканың халқына танылып үлгерді. Қатимолланы тек Қазақстан ғана емес Ресей, Моңғол, Қырғыз, Өзбек республикаларының ақындары құрмет тұтады. 1989 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында І орынды иеленсе, қазан айында Алматыдағы ақындар айтысында Монғолияның ақыны Мұхамедқызы Егеуханмен айтысып ІІ орынды жеңіп алды. 1990 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында ІІ орынды қанжығасына байласа, 1991 жылы Ақтөбе қаласында өткен ақындар айтысында І орынды жеңіп алып, көп кешікпей 1992 жылы Тама Есет Батырдың мерей тойындағы айтыста бас жүлдені жеңіп алды. Сол жылдың қазан айында Қызылорда облысының Қазалы ауданында өткен ақындар айтысында І орынды иеленді. 1991 жылы Қаратөбе ауданы Мұхит совхозында өткен әнші, сазгер сал Мұхиттың 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында І орынды, 1992 жылы Оралда өткен Сырым Датовтың 250 жылдық тойында да І орынды жеңіп алды.1993 жылы өткен Көкшетау қаласында Ақан Серінің 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында бас жүлдені, сол жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен Бұхарбай батырдың тойында тағы да бас жүлдені жеңіп алды. 1993 жылы Торғай облысында Шақшақ Жәнібектің мерей тойында бас жүлдені қанжығасына байлады. Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Соның бірі 1997 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толу мерей тойында «Мұхтар Әуезов және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивалға қатысып лауреат атанды. Өзінің 50 жылдық мерейтойы қарсаныңда 3 компакт диск, Мұхиттың, Абайдың әндерін және өз орындауындағы халық әндерінің жиынтық шығармаларын  шығарды. 2011 жылы Қатимолланың  жаңа 3 аудиодискісі  жарық  көрді. Оның ішіне таңдамалы күйлер, Мұхиттың, Ғарифолланың термелері, және облыс композиторларының әндері кірді. Қатимолла Бердіғалиевтің өлеңдері «Орал өңірі», «Жалын» баспалары мен республикалық газеттерде жиі-жиі жарияланып тұрады. «Жүзден жүйрік» шыққандар» атты кітапшасында өмір жолдары мен айтыс өлеңдері басылып шықты. Қазіргі уақытта Ғ.ҚҰрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, Оралдағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде жастарға дәріс беруде.
28.02.2013 04:59 9376

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1989), мәдиниет саласынын еңбек сіңірген қайраткері (2010) Қатимолла Бердіғалиев 1952 жылы 29 қаңтарда Орал облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепті 1969 жылы бітірген. 1975 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы  атындағы музыкалық училищесінің А.Ф.Муравьев  класын  бітірген.
1977-1989 жылдары Аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, үйірме жетекшісі және әдістемеші  қызметтерін атқарды.
Қатимолла – табиғи талант иесі. Оның кең диапозонды, әдемі де ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Оның репертуары өте бай. Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т.б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндері бар.
Қатимолла Бердіғалиевтің өнерін облыс, республика жұртшылығы жақсы біледі. Ол бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты.
1985 жылы алғаш рет ақындар айтысына қатысты. 1987 жылы Ұлы Қазан төңкерісінің 70 жылдық торқалы тойына арналған Орал облыстық ақындар айтысына, Казталов ауданының бас ақыны ретінде қатысып, үлкен ақындық өнер танытты. Ол өзінің сөз саптаушылық талантымен көзге түсіп, 1987 жылы «Облыс ақыны» деген атаққа ие болды. Көптеген  халықаралық  айтыстардың  жеңімпазы.
Бүгінде жыр көшінің жетегінде келе жатқан, кейінгі жас балауса ақындардың өнерге жол сілтер ұстаз-ағалары ретінде көріне білген Қатимолла Бердіғалиев аз уақыт ішінде Республиканың халқына танылып үлгерді. Қатимолланы тек Қазақстан ғана емес Ресей, Моңғол, Қырғыз, Өзбек республикаларының ақындары құрмет тұтады.
1989 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында І орынды иеленсе, қазан айында Алматыдағы ақындар айтысында Монғолияның ақыны Мұхамедқызы Егеуханмен айтысып ІІ орынды жеңіп алды. 1990 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында ІІ орынды қанжығасына байласа, 1991 жылы Ақтөбе қаласында өткен ақындар айтысында І орынды жеңіп алып, көп кешікпей 1992 жылы Тама Есет Батырдың мерей тойындағы айтыста бас жүлдені жеңіп алды. Сол жылдың қазан айында Қызылорда облысының Қазалы ауданында өткен ақындар айтысында І орынды иеленді. 1991 жылы Қаратөбе ауданы Мұхит совхозында өткен әнші, сазгер сал Мұхиттың 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында І орынды, 1992 жылы Оралда өткен Сырым Датовтың 250 жылдық тойында да І орынды жеңіп алды.1993 жылы өткен Көкшетау қаласында Ақан Серінің 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында бас жүлдені, сол жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен Бұхарбай батырдың тойында тағы да бас жүлдені жеңіп алды. 1993 жылы Торғай облысында Шақшақ Жәнібектің мерей тойында бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Соның бірі 1997 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толу мерей тойында «Мұхтар Әуезов және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивалға қатысып лауреат атанды.
Өзінің 50 жылдық мерейтойы қарсаныңда 3 компакт диск, Мұхиттың, Абайдың әндерін және өз орындауындағы халық әндерінің жиынтық шығармаларын  шығарды. 2011 жылы Қатимолланың  жаңа 3 аудиодискісі  жарық  көрді. Оның ішіне таңдамалы күйлер, Мұхиттың, Ғарифолланың термелері, және облыс композиторларының әндері кірді.
Қатимолла Бердіғалиевтің өлеңдері «Орал өңірі», «Жалын» баспалары мен республикалық газеттерде жиі-жиі жарияланып тұрады. «Жүзден жүйрік» шыққандар» атты кітапшасында өмір жолдары мен айтыс өлеңдері басылып шықты.
Қазіргі уақытта Ғ.ҚҰрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, Оралдағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде жастарға дәріс беруде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға