Жаңалықтар

Әуе көлігі. Байланыс. Инженерлік инфрақұрылым

Әуе көлігі Астананың халықаралық әуежайы халықаралық стандарттарға сай жасалып, жабдықталған біртұтас казіргі заман инфрақұрылымы болып табылады. Қазақстанның әуе нарығында барлығы 21 әуежайдың ішінде Астана әуежайы 2-орынды иеленеді: 15% рейстер жіберу, 20%-ға дейін жолаушылар ұшыру, игерілетін жүк, пошта, багаж 6%. Инвестициялык қызмет көрсету аясында әуежайда жасанды ұшу-қону жолағын (ЖҮҚЖ) кайта қалпына келтіру жобасы іске асырылды. Бүгінгі таңда Астана қаласының әуежайы жолаушы ұшағын екі бағытта қондыру жолағымен және финнің «Вайсала» фирмасының қазіргі заманғы метеоқұралдарымен ИКАО ІІІ категориялы метеоминимумы бойынша жарық сигналдарын беруші құралмен жабдықталған Қазақстандағы бірден-бір әуе айлағы болып табылады. Бұл ауа райының қолайсыздығына қарамай, кез келген уақытта барлық салмақтағы әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. 2007 жылы Астана қаласы әуежайында атқарылған қызмет: игерілген жүк – 4,7 мың тонна; жүк айналымы – 21,1 млн т/км; қызмет көрсетілген жолаушылар – 1,2 млн адам, жолаушылар айналымы – 4403,3 млн ж/км. 2008 жылдың ақпанында ИКАО III категориялы сертификатын алды, ол әуе кемелерінің барлық түрлерін, жердегі көлік құралдарын және қызметкерлерін басқаруға, бақылауға, реттеуге мүмкіндік береді. ИКАО III категориялы метеоминимумын енгізу әуежайға ұшыру-қондыру жолағының көріну қашықтығы 200 метр шамасымен шектелгеннің өзінде әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Байланыс 2007 жылғы байланыс қызметінен түскен пайданың пайыздық көрсеткіші: халықаралық байланысы – 42,4%, жергілікті телефон байланысы – 11,6%, Интернет – 10,0%, радиобайланыс, радиохабарлама, теледидар – 4,6%, пошта байланысы – 4,6%, өзге байланыс түрлері – 26,8%. Жалпы пайда көлемінің 32,4%-ы тұрғындарға байланыс қызметтерін көрсетуден түсіп отыр. 2007 жылы халыққа байланыс қызметін көрсетудің жалпы пайда сомасының 52,1%-ын қалааралық, халықаралық қызмет көрсету пайдасы, 17,8%-ын жергілікті телефон байланысы, 30,1%-ын өзге байланыс түрлері құрады. Инженерлік инфрақұрылым Жаңа әкімшілік орталық сұранысына жауап беретін инженерлік инфрақұрылымға үлкен мән беріледі. Осыған байланысты қалада жылу-энергия орталықтарын, қаланың жылу және электрожүйелік нысандарын қайта қалпына келтіру мен кеңейту жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар инженерлік желілер мен канализацияны қалпына келтіру жүмыстары және сумен қамтамасыз ету желілерінің қүрылысы қолға алынды. Қазіргі кезде ЖЭО-2 кеңейту жұмыстары жүргізілуде, 2011 жылға дейінгі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін куаты 240 Ккал/ сағ. болатын екі су жылыту қазанын қою және қаланың барлық қажеттіліктерін ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін жаңа энергокөзі ЖЭО-3 жобасын жүзеге асыру көзделуде. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
28.02.2013 04:43 9254

Әуе көлігі

Астананың халықаралық әуежайы халықаралық стандарттарға сай жасалып, жабдықталған біртұтас казіргі заман инфрақұрылымы болып табылады. Қазақстанның әуе нарығында барлығы 21 әуежайдың ішінде Астана әуежайы 2-орынды иеленеді: 15% рейстер жіберу, 20%-ға дейін жолаушылар ұшыру, игерілетін жүк, пошта, багаж 6%.

Инвестициялык қызмет көрсету аясында әуежайда жасанды ұшу-қону жолағын (ЖҮҚЖ) кайта қалпына келтіру жобасы іске асырылды. Бүгінгі таңда Астана қаласының әуежайы жолаушы ұшағын екі бағытта қондыру жолағымен және финнің «Вайсала» фирмасының қазіргі заманғы метеоқұралдарымен ИКАО ІІІ категориялы метеоминимумы бойынша жарық сигналдарын беруші құралмен жабдықталған Қазақстандағы бірден-бір әуе айлағы болып табылады. Бұл ауа райының қолайсыздығына қарамай, кез келген уақытта барлық салмақтағы әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. 2007 жылы Астана қаласы әуежайында атқарылған қызмет: игерілген жүк – 4,7 мың тонна; жүк айналымы – 21,1 млн т/км; қызмет көрсетілген жолаушылар – 1,2 млн адам, жолаушылар айналымы – 4403,3 млн ж/км. 2008 жылдың ақпанында ИКАО III категориялы сертификатын алды, ол әуе кемелерінің барлық түрлерін, жердегі көлік құралдарын және қызметкерлерін басқаруға, бақылауға, реттеуге мүмкіндік береді. ИКАО III категориялы метеоминимумын енгізу әуежайға ұшыру-қондыру жолағының көріну қашықтығы 200 метр шамасымен шектелгеннің өзінде әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Байланыс

2007 жылғы байланыс қызметінен түскен пайданың пайыздық көрсеткіші: халықаралық байланысы – 42,4%, жергілікті телефон байланысы – 11,6%, Интернет – 10,0%, радиобайланыс, радиохабарлама, теледидар – 4,6%, пошта байланысы – 4,6%, өзге байланыс түрлері – 26,8%. Жалпы пайда көлемінің 32,4%-ы тұрғындарға байланыс қызметтерін көрсетуден түсіп отыр. 2007 жылы халыққа байланыс қызметін көрсетудің жалпы пайда сомасының 52,1%-ын қалааралық, халықаралық қызмет көрсету пайдасы, 17,8%-ын жергілікті телефон байланысы, 30,1%-ын өзге байланыс түрлері құрады.

Инженерлік инфрақұрылым

Жаңа әкімшілік орталық сұранысына жауап беретін инженерлік инфрақұрылымға үлкен мән беріледі. Осыған байланысты қалада жылу-энергия орталықтарын, қаланың жылу және электрожүйелік нысандарын қайта қалпына келтіру мен кеңейту жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар инженерлік желілер мен канализацияны қалпына келтіру жүмыстары және сумен қамтамасыз ету желілерінің қүрылысы қолға алынды. Қазіргі кезде ЖЭО-2 кеңейту жұмыстары жүргізілуде, 2011 жылға дейінгі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін куаты 240 Ккал/ сағ. болатын екі су жылыту қазанын қою және қаланың барлық қажеттіліктерін ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ететін жаңа энергокөзі ЖЭО-3 жобасын жүзеге асыру көзделуде.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға