Жаңалықтар

Жұмалиев Қажым (Қажығали)

Ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі) Жұмалиев Қажым (Қажығали) 1907 жылы 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған. 1923-1925 жылдары Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін) бітірген. 1932-1937 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1937-1968 жылдары ҚазПИ-де қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаздық еткен. Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. Оның алғашқы өлеңі «Батырақ Ғалиасқар» 1928 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланды. «Ерғожа мен Егізбай» поэмасы (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938), «Қырдағы күрес» (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрген. Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған (1942). Қ.Жұмалиев – «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу» (Әбу Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялы қауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды. Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтпаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған. Қ.Жұмалиев ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды. 1958-60 жылдары 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы» (1960), «Әдебиет теориясы» (1938; 2-басылым, 1964, 3-басылым, 1969), «XVІ - XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы республиканың жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» кітабының 1-томына «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» эпостары туралы зерттеулері енген. 2-томында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген. Қ.Жұмалиев – Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы «Махамбет» атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғылыми айналымға енгізді. Ол Әдебиет және өнер институты даярлаған «Қазақ совет әдебиеті очеркінің» (1948) бас редакторы, 6 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» ХVІІІ–ХІХ ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы, 1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды. Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды. Ғалымның «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен шығармашылығына кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді. Бұл кітапқа Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов, В.М. Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді.
28.02.2013 04:25 15569

Ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі) Жұмалиев Қажым (Қажығали) 1907 жылы 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған.
1923-1925 жылдары Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін) бітірген.
1932-1937 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті), 1937-1968 жылдары ҚазПИ-де қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаздық еткен.
Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған. Оның алғашқы өлеңі «Батырақ Ғалиасқар» 1928 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланды. «Ерғожа мен Егізбай» поэмасы (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938), «Қырдағы күрес» (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрген.
Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған (1942).
Қ.Жұмалиев – «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу» (Әбу Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялы қауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды. Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтпаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған.
Қ.Жұмалиев ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды. 1958-60 жылдары 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы» (1960), «Әдебиет теориясы» (1938; 2-басылым, 1964, 3-басылым, 1969), «XVІ - XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы республиканың жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды. «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» кітабының 1-томына «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» эпостары туралы зерттеулері енген. 2-томында ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған. Екі томдық «Әдебиет тарихы» кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.
Қ.Жұмалиев – Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы «Махамбет» атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғылыми айналымға енгізді.
Ол Әдебиет және өнер институты даярлаған «Қазақ совет әдебиеті очеркінің» (1948) бас редакторы, 6 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» ХVІІІ–ХІХ ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы, 1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды. Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды.
Ғалымның «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен шығармашылығына кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді. Бұл кітапқа Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов, В.М. Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға