Жаңалықтар

Қараш Ғұмар (1875-1921)

Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараш 1875 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 жылы өз ауылында бала оқытады. 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялайды. Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген. Ғұмар Қараштың өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін шариғат, табиғат, махаббат т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең толғаулары философиялық ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді. Ғұмар Қараш 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған. Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ сьезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 жылы Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-1920 жылдары өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады. 1919 жылы Бөкей губерниясының атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңнғыш педагогикалық журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, сол журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1920 жылы Бөкей губерниясының атқару комитетінде бөлім басқарады. 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты. Ғұмар Қараш ХХ ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар Қараш шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғұмар әл-Қараши», «Бөкей елінің бір баласы», «Ғұмар Қараш», «Ғ. Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ», «Оразақай», «Қазақаев», «Ғұмар Қарашев» деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар Қараштың шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстан ақындары» жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философиялық ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен жарық көрді.
28.02.2013 02:20 5514

Ойшыл ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараш 1875 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. 1902 жылы өз ауылында бала оқытады. 1911-1913 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялайды.
Ғұмар Қараштың «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Тұрымтай» (Уфа, 1918) аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910), «Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел қажы» (Қазан, 1913) дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.
Ғұмар Қараштың өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін шариғат, табиғат, махаббат т.б. мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екіжүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттайды. Өлең толғаулары философиялық ой-пікірлерге бай, бейнелі, әсерлі келеді.
Ғұмар Қараш 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ұйымдасқан «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, «Алаштың азаматтарына» атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. Ол қоғамды қан төгіспен, күшпен, зорлық-зомбылықпен өзгертуді қаламаған. Бірақ амалсыздан кеңестік кезеңге икемделуге тура келгенін сезініп, рухани толғанысқа түседі. 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ сьезіне қатысып, баяндама жасайды. 1918 жылы Ордадағы педтехникумда сабақ береді, Бөкей губерниясы мұғалімдерінің 1-съезіне (24 қыркүйек, 1918), 1918-1920 жылдары өткен сол губерния кеңестерінің 1, 2, 3, 4-съездеріне делегат болып қатысады.
1919 жылы Бөкей губерниясының атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңнғыш педагогикалық журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, сол журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1920 жылы Бөкей губерниясының атқару комитетінде бөлім басқарады. 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза тапты.
Ғұмар Қараш ХХ ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда мақалаларын жариялаған. Ғұмар Қараш шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғұмар әл-Қараши», «Бөкей елінің бір баласы», «Ғұмар Қараш», «Ғ. Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ», «Оразақай», «Қазақаев», «Ғұмар Қарашев» деген есімдермен жариялап отырған. Ғұмар Қараштың шығармалары мектеп оқулықтарында, орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстан ақындары» жинағында, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Өлең, толғаулары мен философиялық ой-толғамдары және әңгіме, мақалалары «Замана» деген атпен жарық көрді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға