Жаңалықтар

Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы мәселе көтерілді. Бұл көшу идеясын алғаш бастаушы мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев болды. 1993 жылдың соңында алғаш рет астананы Алматыдан республиканың басқа кез келген қаласына көшіру қажеттілігі туралы мәселе айтылды. Ал ресми деңгейде бұл бастама 1994 жылдың 6 шілдесіндегі Н.Ә. Назарбаевтың республиканың Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөзінде мәлімделді. Депутаттар Президент идеясын колдады. 1995 ж. 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы астананың Ақмолаға көшірілуі туралы Жарлық шығарды, сол жылдың 28 қыркүйегінде Үкімет оған мемлекеттік мекемелерді орналастыру комиссиясын құрды. Еліміздің Президентіне бас бастамашы ретінде бүл қадамның қажеттілігіне күмәнданғандарды сендіруге тура келді. Шынында да, астананы жаңа орынға көшіруге орынды себептер болды. Біріншіден, астананың солтүстікке ауысуы геосаяси жағдайлармен байланысты еді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабында атап өткендей: «...Оның үстіне ел орталығы республиканың шекарасынан шамамен бірдей алыстықта болуы керек. Екіншіден, астананың көшірілуі елдің индустриалды-инновациялық дамуын бекіту міндеттерімен негізделген болатын. Үшіншіден, Алматының сол кездің өзінде өз дамуының аумақтық ресурсы таусылған. Қала жан-жағынан таулармен қоршалғандықтан, бұдан ары өсе алмады. Қала 400 мың тұрғынға жобаланған, ал қала халқының саны 1 миллион адамнан асты. Оның үстіне, оңтүстік мегаполистің сумен жабдықталуында проблемалар туды. Төртіншіден, Алматының экологиялық жағдайы күрт нашарлады. Ал Ақмола экологиялық позициясы тиімді тегіс жерде орналасқан таза қала. Бесіншіден, Ақмоланың ыңғайлы көлік коммуникациялары бар, ол әуе жолдары, темір жол және автокөлік магистральдары қиылысында орналасқан. Ақмола жаңа астана ретінде халықаралық стандарттардың 32 параметрлеріне сәйкес келді: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, кұрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б.». Астананы көшіру туралы шешім қабылданғанда Ақмола халқының саны 290 мың адам еді. Жаңа тәуелсіз Қазакстандағы жүргізілген реформалардың жетістігі енді астананы көшіруге қатысты мәселенің шешіміне байланысты болды. Жаңа Қазақстанды жаңа астанада құру қажеттігі туындады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 11:14 15999

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы мәселе көтерілді. Бұл көшу идеясын алғаш бастаушы мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев болды. 1993 жылдың соңында алғаш рет астананы Алматыдан республиканың басқа кез келген қаласына көшіру қажеттілігі туралы мәселе айтылды. Ал ресми деңгейде бұл бастама 1994 жылдың 6 шілдесіндегі Н.Ә. Назарбаевтың республиканың Жоғарғы Кеңесінде сөйлеген сөзінде мәлімделді. Депутаттар Президент идеясын колдады. 1995 ж. 15 қыркүйекте Мемлекет басшысы астананың Ақмолаға көшірілуі туралы Жарлық шығарды, сол жылдың 28 қыркүйегінде Үкімет оған мемлекеттік мекемелерді орналастыру комиссиясын құрды. Еліміздің Президентіне бас бастамашы ретінде бүл қадамның қажеттілігіне күмәнданғандарды сендіруге тура келді. Шынында да, астананы жаңа орынға көшіруге орынды себептер болды. Біріншіден, астананың солтүстікке ауысуы геосаяси жағдайлармен байланысты еді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабында атап өткендей: «...Оның үстіне ел орталығы республиканың шекарасынан шамамен бірдей алыстықта болуы керек.

Екіншіден, астананың көшірілуі елдің индустриалды-инновациялық дамуын бекіту міндеттерімен негізделген болатын.

Үшіншіден, Алматының сол кездің өзінде өз дамуының аумақтық ресурсы таусылған. Қала жан-жағынан таулармен қоршалғандықтан, бұдан ары өсе алмады. Қала 400 мың тұрғынға жобаланған, ал қала халқының саны 1 миллион адамнан асты. Оның үстіне, оңтүстік мегаполистің сумен жабдықталуында проблемалар туды.

Төртіншіден, Алматының экологиялық жағдайы күрт нашарлады. Ал Ақмола экологиялық позициясы тиімді тегіс жерде орналасқан таза қала.

Бесіншіден, Ақмоланың ыңғайлы көлік коммуникациялары бар, ол әуе жолдары, темір жол және автокөлік магистральдары қиылысында орналасқан.

Ақмола жаңа астана ретінде халықаралық стандарттардың 32 параметрлеріне сәйкес келді: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдай, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, кұрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б.».

Астананы көшіру туралы шешім қабылданғанда Ақмола халқының саны 290 мың адам еді.

Жаңа тәуелсіз Қазакстандағы жүргізілген реформалардың жетістігі енді астананы көшіруге қатысты мәселенің шешіміне байланысты болды. Жаңа Қазақстанды жаңа астанада құру қажеттігі туындады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға