Жаңалықтар

1921-1928 ж.ж.

1921-1922 жылдары Поволжье мен Қазақстанды аштық жайлады. Ол қала мен Ақмола уезін де шарпыды. 1921 ж. Ақмола уезінде 74 мың адам аштыққа ұшырады. Ал 1922 ж. барлық Ақмола губерниясындағы аштыққа ұшырағандар саны 472 мың адамға жетті. Аш адамдар санының өсуіне уезд пен губернияға Ресей мен аймақтың түрлі аудандарынан келген босқындар да себеп болды. Жаңа экономикалық саясаттың табысы қаладағы тіршілікті реттеуге біршама мүмкіндік берді. Ілгерілеу демографиялық жағдайда да байқалды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қала халқының саны 12 781 адамға жетті. Оның ішінде, қазақтар – 4 387, орыстар – 5 639, татарлар – 1 420, украиндар – 558, немістер – 356, өзбектер – 157, еврейлер 155 адам болды. Алайда қаланың шешілмеген мәселелері де көп еді. Қала көшелері мен жолдарына тас төселмеді. Су ағатын каналдар да болмады. Көктемгі қардың еруі мен нөсер жаңбыр кезінде кейбір көшелерде көлшіктер мен адам өте алмайтын шалшықтар пайда болды. Қала көшелеріне түнде жарық берілмеді. Білте шамдар кейбір дүкендер мен қоймаларға ғана қойылды. Электр стансасы тек 1928 жылдың соңында іске қосылды, алайда оның қуаты 20 киловаттан аспайтын еді. Жарық маңызды мемлекеттік мекеме кеңселері мен қала орталығына ғана берілді. Қала өнеркәсібі нашар дамыды. Ірі кәсіпорындардан 2 мемлекеттік диірмен, 50 жел диірмен ғана болды. Оған қосымша, қалада 2 шағын кондитерлік, 1 май шайқау және 2 тері илеу зауыты жұмыс істеді. 6 слесарьлық-механикалық шеберхананың әрқайсысында шамамен 40-қа тарта адам жұмыс атқарды. Дегенмен қалада мал терісін өңдейтін, құрғақ бояу түрлерін, талдан тоқыған себеттер, қыштан, мүйізден ойыншық сомдайтын және т.б. заттарды үйде жасайтын жеке қолөнершілер де көп болды. Сонымен қала бойынша 1926 жылғы санақ көрсеткендей, 43 диірменші, 38 ұста, 31 тігінші, 25 ағаш ұстасы, 14 слесарь еңбек тізімінде болды. Қалада мал, ұн, көкөніс, тағам, отын және шөп сататын бірнеше базар жұмыс істеді. Каладағы сауда «Пролетарий» қалалық тұтынушылық қоғамының қарамағына шоғырландырылды. 1928 ж. оның пайшыларының саны 4334 адамға жетті. Қоғамның айналымы 1927-1928 жылдары 1 230 642 рубльді құрады. Қаладағы 204 жеке сауда кәсіпорындарының айналымы 741 мың рубль болды. Жалпы алғанда, сауда операцияларының үлес салмағы пайызға шақканда: мемлекеттік сауда – 9,4%, тұтынушы корпорация – 54,3%, делдал – 24,1% және жеке меншік 12,2%-ды құрады. Дереккөзі: АСТАНА энцикллпедиясы
27.02.2013 11:08 4074

1921-1922 жылдары Поволжье мен Қазақстанды аштық жайлады. Ол қала мен Ақмола уезін де шарпыды. 1921 ж. Ақмола уезінде 74 мың адам аштыққа ұшырады. Ал 1922 ж. барлық Ақмола губерниясындағы аштыққа ұшырағандар саны 472 мың адамға жетті. Аш адамдар санының өсуіне уезд пен губернияға Ресей мен аймақтың түрлі аудандарынан келген босқындар да себеп болды.

Жаңа экономикалық саясаттың табысы қаладағы тіршілікті реттеуге біршама мүмкіндік берді. Ілгерілеу демографиялық жағдайда да байқалды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қала халқының саны 12 781 адамға жетті. Оның ішінде, қазақтар – 4 387, орыстар – 5 639, татарлар – 1 420, украиндар – 558, немістер – 356, өзбектер – 157, еврейлер 155 адам болды.

Алайда қаланың шешілмеген мәселелері де көп еді. Қала көшелері мен жолдарына тас төселмеді. Су ағатын каналдар да болмады. Көктемгі қардың еруі мен нөсер жаңбыр кезінде кейбір көшелерде көлшіктер мен адам өте алмайтын шалшықтар пайда болды. Қала көшелеріне түнде жарық берілмеді. Білте шамдар кейбір дүкендер мен қоймаларға ғана қойылды. Электр стансасы тек 1928 жылдың соңында іске қосылды, алайда оның қуаты 20 киловаттан аспайтын еді. Жарық маңызды мемлекеттік мекеме кеңселері мен қала орталығына ғана берілді. Қала өнеркәсібі нашар дамыды. Ірі кәсіпорындардан 2 мемлекеттік диірмен, 50 жел диірмен ғана болды. Оған қосымша, қалада 2 шағын кондитерлік, 1 май шайқау және 2 тері илеу зауыты жұмыс істеді. 6 слесарьлық-механикалық шеберхананың әрқайсысында шамамен 40-қа тарта адам жұмыс атқарды. Дегенмен қалада мал терісін өңдейтін, құрғақ бояу түрлерін, талдан тоқыған себеттер, қыштан, мүйізден ойыншық сомдайтын және т.б. заттарды үйде жасайтын жеке қолөнершілер де көп болды. Сонымен қала бойынша 1926 жылғы санақ көрсеткендей, 43 диірменші, 38 ұста, 31 тігінші, 25 ағаш ұстасы, 14 слесарь еңбек тізімінде болды. Қалада мал, ұн, көкөніс, тағам, отын және шөп сататын бірнеше базар жұмыс істеді. Каладағы сауда «Пролетарий» қалалық тұтынушылық қоғамының қарамағына шоғырландырылды. 1928 ж. оның пайшыларының саны 4334 адамға жетті. Қоғамның айналымы 1927-1928 жылдары 1 230 642 рубльді құрады. Қаладағы 204 жеке сауда кәсіпорындарының айналымы 741 мың рубль болды. Жалпы алғанда, сауда операцияларының үлес салмағы пайызға шақканда: мемлекеттік сауда – 9,4%, тұтынушы корпорация – 54,3%, делдал – 24,1% және жеке меншік 12,2%-ды құрады.

Дереккөзі: АСТАНА энцикллпедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға