Жаңалықтар

ХІХ ғасырдың 40-50-жылдары

40-жылдардың басында бекіністен батыска қарай қамал дуалының сыртында солдат слободкасы пайда болды. 1840 ж. бекініске 2-Сібір шебі батальоны солдаттарының бірнеше отбасы көшіп келді. Олар балық аулау, мал бағу және сор көлтабандардан тұз өндірумен айналысты. Біртіндеп жеке меншік құрылыстардың саны көбейе бастады, 1840 ж. Ақмола сыртқы округінің аясында 65 жеке меншік құрылыс бой көтерді, 1844 ж. оның саны 162-ге жетті. 1842 ж. Ақмола округінің аға сұлтаны Қ. Құдаймендиннің жеке қаражатына бекініс сыртынан мешіт салынды. 1843 ж. молдаға арналған үй салынып бітті. Бекіністің бұдан кейінгі құрылысы баяулады: Омбы немесе Петропавлдан әкелінетін құрылыс материалдары жетіспеді. 1845 ж. Ақмола станицаға айналды. 1854-56 жылдары бекініс ішіне қазына қаражатына Константин-Елена шіркеуі салынды. 1876 ж. бекініс өз кызметін тоқтатқаннан кейін казактар шіркеудің станица аумағына көшірілуін талап етті. Содан шіркеу бұзылып, жаңа орынға көшірілді. Жаңа шіркеу кұрылысы 1900 ж. 14 мамырда аяқталды. Бекініс Қасым сұлтанның ұлы Кенесарының басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілістің куәсі болды. 1838 ж. күзде Кенесары Қасымұлының жасағы Ақмола бекінісіне шабуыл жасады. Шабуылға төтеп беру жағы ескеріліп салынған бекіністі 80 казак қорғады. Приказды қоршай терең ор казылып, кірер жол атаулының бәріне тоскауыл койылған болатын. Ақмола бекінісін қорғау басшылығын аға сұлтан Қ. Құдаймендин мен әскери старшина Карбышев қолға алды. Кенесары бекініске шабуылын таң ата бастады. Сарбаздар ең алдымен, бекініске оттығы бар жебелерден оқ жаудырды. Кенесарының Басығара батыр бастаған қолы бекініске лап қойды. Жанкиярлық шайқас барысында батыр ерлікпен қаза тапты. Бекініс шабуылына Ағыбай, Иман және Наурызбай батырлардың қолдары да қатысты. Шабуыл барысында 5 үй өртелді. Алты күндік коршаудан соң, көтерілісшілер шегініп, Қоңырқұлжа Құдаймендин мен оның туыстарының 12 мың жылқысын айдап әкетті. Кенесарының сарбаздары қамал тұрғындарының 2,5 мыңдай ірі қарасын олжалады. 19 ғасырдың 40-жылдары Ақмола қонысы көшпенділерді тұрмысқа қажетті тауарлардың базары ретінде қатты қызықтырды. Қазақтардың жәрмеңкеге келетін негізгі ағыны Орта Азиядан және Батыс Сібірдің ішкі қалаларынан шығатын кірешілердің Ақмолаға ат басын тірейтін уақтысына сәйкес келетін. Бұл жерде айырбас саудасы қызу жүргізілді. 1852 ж. Ақмола станицасында екі жәрмеңке жұмыс істеді: біріншісі – Константин жәрмеңкесі (21 мамыр мен 10 маусым аралығында) және екіншісі – Дмитрий жәрмеңкесі (26 қазан мен 10 қараша аралығында). Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 10:24 8217

40-жылдардың басында бекіністен батыска қарай қамал дуалының сыртында солдат слободкасы пайда болды. 1840 ж. бекініске 2-Сібір шебі батальоны солдаттарының бірнеше отбасы көшіп келді. Олар балық аулау, мал бағу және сор көлтабандардан тұз өндірумен айналысты.

Біртіндеп жеке меншік құрылыстардың саны көбейе бастады, 1840 ж. Ақмола сыртқы округінің аясында 65 жеке меншік құрылыс бой көтерді, 1844 ж. оның саны 162-ге жетті.

1842 ж. Ақмола округінің аға сұлтаны Қ. Құдаймендиннің жеке қаражатына бекініс сыртынан мешіт салынды. 1843 ж. молдаға арналған үй салынып бітті. Бекіністің бұдан кейінгі құрылысы баяулады: Омбы немесе Петропавлдан әкелінетін құрылыс материалдары жетіспеді. 1845 ж. Ақмола станицаға айналды. 1854-56 жылдары бекініс ішіне қазына қаражатына Константин-Елена шіркеуі салынды. 1876 ж. бекініс өз кызметін тоқтатқаннан кейін казактар шіркеудің станица аумағына көшірілуін талап етті. Содан шіркеу бұзылып, жаңа орынға көшірілді. Жаңа шіркеу кұрылысы 1900 ж. 14 мамырда аяқталды.

Бекініс Қасым сұлтанның ұлы Кенесарының басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілістің куәсі болды. 1838 ж. күзде Кенесары Қасымұлының жасағы Ақмола бекінісіне шабуыл жасады. Шабуылға төтеп беру жағы ескеріліп салынған бекіністі 80 казак қорғады. Приказды қоршай терең ор казылып, кірер жол атаулының бәріне тоскауыл койылған болатын. Ақмола бекінісін қорғау басшылығын аға сұлтан Қ. Құдаймендин мен әскери старшина Карбышев қолға алды. Кенесары бекініске шабуылын таң ата бастады. Сарбаздар ең алдымен, бекініске оттығы бар жебелерден оқ жаудырды. Кенесарының Басығара батыр бастаған қолы бекініске лап қойды. Жанкиярлық шайқас барысында батыр ерлікпен қаза тапты. Бекініс шабуылына Ағыбай, Иман және Наурызбай батырлардың қолдары да қатысты. Шабуыл барысында 5 үй өртелді. Алты күндік коршаудан соң, көтерілісшілер шегініп, Қоңырқұлжа Құдаймендин мен оның туыстарының 12 мың жылқысын айдап әкетті. Кенесарының сарбаздары қамал тұрғындарының 2,5 мыңдай ірі қарасын олжалады.

19 ғасырдың 40-жылдары Ақмола қонысы көшпенділерді тұрмысқа қажетті тауарлардың базары ретінде қатты қызықтырды. Қазақтардың жәрмеңкеге келетін негізгі ағыны Орта Азиядан және Батыс Сібірдің ішкі қалаларынан шығатын кірешілердің Ақмолаға ат басын тірейтін уақтысына сәйкес келетін. Бұл жерде айырбас саудасы қызу жүргізілді. 1852 ж. Ақмола станицасында екі жәрмеңке жұмыс істеді: біріншісі – Константин жәрмеңкесі (21 мамыр мен 10 маусым аралығында) және екіншісі – Дмитрий жәрмеңкесі (26 қазан мен 10 қараша аралығында).

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға