Жаңалықтар

Этнодемографиялық құрылымы. Халықтың жас мөлшері және жынысы бойынша құрамы

Этнодемографиялық құрылымы Мәліметтерге қарағанда Астанада тұратын қазақ ұлты санының күн санап өсіп келе жатқанын аңғаруға болады. Соңғы жүргізілген кеңестік санақ (1989) бойынша Целиноград қаласындағы қазақтардың саны жалпы тұрғындар санының 17,7 пайызын құраса, 10 жыл өткен соң, 1999 жылғы санаққа сәйкес қазақтар саны 2,5 есеге өсіп, 40,9 пайызды құраған. Мысалы, 1999 ж. Астанаға жалпы саны 10590 адам көшіп келсе, оның 8269 қазақтар болған. 2000 ж. 9647 адам Астанаға тұрғылықты қоныс тепкен. Оның ішінде, қазақтар саны – 7881, 2003 ж. көшкендер саны 10498 адам, қазақтар саны – 9179. 2004 ж. көшіп келген 24694 адамның 20003-і қазақтар болған. 2006 ж. қоныс аударған 29450 адамның 25224 қазақ ұлтының өкілдері. 2007 жылдың 1 қаңтарында Астана халқы жалпы санының 60,2 пайызын қазақтар, 27,6 пайызын орыстар, 3,4 пайызын украиндар, 1,9 пайызын татарлар, 1,6 пайызын немістер құрады. Осылайша соңғы он жылдың ішінде Астананың этнодемографиялық кұрамы өзгеріп, қазақтардың саны едәуір артты. Халықтың жас мөлшері және жынысы бойынша құрамы Тұрғындарының жас мөлшері жағынан алғанда Астананы жас қалалардың қатарына жатқызуға болады. Астана тұрғындарының жас мөлшерін саралағанда 20-24 және 25-29 жас аралығындағы азаматтардың басым түсіп жататынын байқаймыз. Астанақаласы тұрғындарының 27,7%-ын 14-18 жас аралығындағылар құраса, 72,7%-ын 29 жастағы және одан үлкен адамдар құрайды (2007). Статистикалық мәліметтерге сүйеніп жасалған сараптама бойынша 20-24 жас, 25-29 жас, 30-34 жас, 35-39 жас мөлшеріндегі еңбек етуге қабілетті азаматтардың басым екені байкалады. Жас мөлшеріне байланысты жасалған арнайы статистикалық мәліметтер республика халқының Астанаға көшуінің негізгі сипаты жұмыс көзін іздеу болып табылатындығын көрсетеді. Жас құрамына байланысты жасалған сараптама еңбекке жарамды адамдардың ұдайы басым түсіп жатқандығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің жағымдылығымен қатар жағымсыз жақтары да бар. Жағымды жағы – Астана еңбек нарығының біліктілігі жоғары, сондай-ақ кәсіби маманданбаған жұмысшылармен толығып отыруы. Ал жағымсыз жағы – біліктілігі төмен жұмысшы күшінің Астана жұмыс нарығының басым бөлігін құрауы. Астанаға біліктілігі жоғары адам ресурстары қажет болған жағдайда оның орнын біліктілігі төмен жұмысшы күші толықтырып жататындығын өмір тәжірибесі байқатып отыр. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер еңбек жасына толмағандар санының басым екендігін көрсетеді. Яғни Астанаға көшудің отбасылық сипаты да болады. Астанада саны жағынан ең төменгі көрсеткіш 70-тен асқан зейнеткерлердің үлесіне тиетіні байқалады. Алайда олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Астана халқының жыныстық құрамы жағынан гендерлік тепе-теңдік сипатта екені байқалды. Астана тұрғындарының жыныстық және жас мөлшері құрамына жасалған сараптама некеге отыру жасына жеткен ерлер мен әйелдер санының деңгейлес екендігін көрсетеді. Бұл жерде сөз Астана халқы құрамындағы ерлер мен әйелдер санының тепе-тең дәрежеде екендігі туралы болып отыр. Астана халқының құрамы: 2003 ж. 24822 ер және 25149 әйел; 2004 ж. 248044 ер және 262489 әйел; 2005 ж. 257162 ер және 272173 әйел; 2006 ж. 267869 ер және 282569 әйел; 2007 ж. 282259 ер және 292189 әйел. Аталған дерек Астана санының өсуінің негізі көші-қон екендігін, соның ішінде, жұмыс іздеуге байланысты көші-қон екендігін көрсетеді. Осыған байланысты аталған көші-қонда, ауылдық жерлерден келетін ерлер үлесінің басым екендігі аңғарылады. Алайда кеңестік дәуірдегі үлкен қалаларда қалыптасқан үрдіс секілді бұл жерде де жоғары білімді, біліктілігі жоғары топты құрайтын әйелдер жағы болып табылады. Туу, өлім, некеге отыру, айрылысу мәселелеріне қатысты статистикалық мәліметтер Астана қаласы азаматтық актілерді тіркеу органдары жасаған туу, өлу, некеге отыру және айрылысу жазбалары негізінде жасалды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 05:45 7970

Этнодемографиялық құрылымы

Мәліметтерге қарағанда Астанада тұратын қазақ ұлты санының күн санап өсіп келе жатқанын аңғаруға болады. Соңғы жүргізілген кеңестік санақ (1989) бойынша Целиноград қаласындағы қазақтардың саны жалпы тұрғындар санының 17,7 пайызын құраса, 10 жыл өткен соң, 1999 жылғы санаққа сәйкес қазақтар саны 2,5 есеге өсіп, 40,9 пайызды құраған. Мысалы, 1999 ж. Астанаға жалпы саны 10590 адам көшіп келсе, оның 8269 қазақтар болған. 2000 ж. 9647 адам Астанаға тұрғылықты қоныс тепкен. Оның ішінде, қазақтар саны – 7881, 2003 ж. көшкендер саны 10498 адам, қазақтар саны – 9179. 2004 ж. көшіп келген 24694 адамның 20003-і қазақтар болған. 2006 ж. қоныс аударған 29450 адамның 25224 қазақ ұлтының өкілдері.

2007 жылдың 1 қаңтарында Астана халқы жалпы санының 60,2 пайызын қазақтар, 27,6 пайызын орыстар, 3,4 пайызын украиндар, 1,9 пайызын татарлар, 1,6 пайызын немістер құрады. Осылайша соңғы он жылдың ішінде Астананың этнодемографиялық кұрамы өзгеріп, қазақтардың саны едәуір артты.

Халықтың жас мөлшері және жынысы бойынша құрамы

Тұрғындарының жас мөлшері жағынан алғанда Астананы жас қалалардың қатарына жатқызуға болады. Астана тұрғындарының жас мөлшерін саралағанда 20-24 және 25-29 жас аралығындағы азаматтардың басым түсіп жататынын байқаймыз. Астанақаласы тұрғындарының 27,7%-ын 14-18 жас аралығындағылар құраса, 72,7%-ын 29 жастағы және одан үлкен адамдар құрайды (2007).

Статистикалық мәліметтерге сүйеніп жасалған сараптама бойынша 20-24 жас, 25-29 жас, 30-34 жас, 35-39 жас мөлшеріндегі еңбек етуге қабілетті азаматтардың басым екені байкалады.

Жас мөлшеріне байланысты жасалған арнайы статистикалық мәліметтер республика халқының Астанаға көшуінің негізгі сипаты жұмыс көзін іздеу болып табылатындығын көрсетеді.

Жас құрамына байланысты жасалған сараптама еңбекке жарамды адамдардың ұдайы басым түсіп жатқандығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің жағымдылығымен қатар жағымсыз жақтары да бар. Жағымды жағы – Астана еңбек нарығының біліктілігі жоғары, сондай-ақ кәсіби маманданбаған жұмысшылармен толығып отыруы. Ал жағымсыз жағы – біліктілігі төмен жұмысшы күшінің Астана жұмыс нарығының басым бөлігін құрауы. Астанаға біліктілігі жоғары адам ресурстары қажет болған жағдайда оның орнын біліктілігі төмен жұмысшы күші толықтырып жататындығын өмір тәжірибесі байқатып отыр.

Сонымен қатар статистикалық мәліметтер еңбек жасына толмағандар санының басым екендігін көрсетеді. Яғни Астанаға көшудің отбасылық сипаты да болады. Астанада саны жағынан ең төменгі көрсеткіш 70-тен асқан зейнеткерлердің үлесіне тиетіні байқалады. Алайда олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Астана халқының жыныстық құрамы жағынан гендерлік тепе-теңдік сипатта екені байқалды. Астана тұрғындарының жыныстық және жас мөлшері құрамына жасалған сараптама некеге отыру жасына жеткен ерлер мен әйелдер санының деңгейлес екендігін көрсетеді. Бұл жерде сөз Астана халқы құрамындағы ерлер мен әйелдер санының тепе-тең дәрежеде екендігі туралы болып отыр. Астана халқының құрамы: 2003 ж. 24822 ер және 25149 әйел; 2004 ж. 248044 ер және 262489 әйел; 2005 ж. 257162 ер және 272173 әйел; 2006 ж. 267869 ер және 282569 әйел; 2007 ж. 282259 ер және 292189 әйел. Аталған дерек Астана санының өсуінің негізі көші-қон екендігін, соның ішінде, жұмыс іздеуге байланысты көші-қон екендігін көрсетеді. Осыған байланысты аталған көші-қонда, ауылдық жерлерден келетін ерлер үлесінің басым екендігі аңғарылады. Алайда кеңестік дәуірдегі үлкен қалаларда қалыптасқан үрдіс секілді бұл жерде де жоғары білімді, біліктілігі жоғары топты құрайтын әйелдер жағы болып табылады.

Туу, өлім, некеге отыру, айрылысу мәселелеріне қатысты статистикалық мәліметтер Астана қаласы азаматтық актілерді тіркеу органдары жасаған туу, өлу, некеге отыру және айрылысу жазбалары негізінде жасалды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға