Жаңалықтар

Құрманғалиев Ғарифолла

Көрнекті әнші (тенор), композитор, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 4 жасында әкесінен, одан кейін анасынан ерте айрылған Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. 10 жасынан домбыра тартып ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды. Құрманғалиев Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің хатшысы, одан соң бригадир, ұжымшар басқармасының төрағасы болды. 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, сол жерде Қазақтың музыкалық драма театрына (қазіргі Опера және балет театры) қабылданған. Ол театр құрамында жүріп Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет секілді образдарды шебер сомдады. Ұлттық операның негізін қалаған көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне айналды. Ғ.Құрманғалиевтің орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен шырқалатын. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Сондай-ақ, өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем» т.б. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында Ж.Сәрсенғалиев, Қ.Рахимова, Қ.Орашева, С.Рахметжанов, С.Әбдірахманов, т.б. әншілер бар. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды. «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.
27.02.2013 05:16 8396

Көрнекті әнші (тенор), композитор, Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Құрманғалиев Ғарифолла 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген. 4 жасында әкесінен, одан кейін анасынан ерте айрылған Ғарифолла Құрманғалиев немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. 10 жасынан домбыра тартып ән сала бастайды. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды.
Құрманғалиев Ғарифолла 1928 жылы ауылдық Кеңестің хатшысы, одан соң бригадир, ұжымшар басқармасының төрағасы болды.
1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, сол жерде Қазақтың музыкалық драма театрына (қазіргі Опера және балет театры) қабылданған. Ол театр құрамында жүріп Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет секілді образдарды шебер сомдады. Ұлттық операның негізін қалаған көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне айналды.
Ғ.Құрманғалиевтің орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен шырқалатын. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін.
Сондай-ақ, өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем» т.б.
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті.
1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында Ж.Сәрсенғалиев, Қ.Рахимова, Қ.Орашева, С.Рахметжанов, С.Әбдірахманов, т.б. әншілер бар. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар.
Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды. «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға