Жаңалықтар

Жалпы мәлімет

Қазақстанды Ресейге қосудың негізгі нысандары – әскерилер мен қазақтар тұрғызған әскери бекіністер, округтік приказдар, станицалар мен шекаралық шептер, оған қоныстандырылған әскерлер мен қоныс аударылған шаруалар болды. Солардың бірі Ақмола бекінісі туралы кейбір тарихи деректерде айтылған. 1830 жылы Караөткел елді мекенінің сол жағалауында алғашында ағаштан салынған Ақмола бекінісі бой көтерді. Кейіннен оның қасынан саудагерлер мен көпестерге арналған тұрғын үйлер, казармалар тұрғызылды. Алғашында приказдық ішінен тұрғын-жай әрі қорғаныс шебі болатын шикі кірпіштен тұрғызылған бірнеше үйлер мен казармалар салынды. Қазына ғимараттары, кеңселер, лазарет пен ас үйлер бар бірінші қатар өзен жағасына орналасты. Екінші қатардан офицерлер үйлері, казармалар, қару-жарақ қоймалары және т.б. сол сияқты әскери мәні бар ғимараттар орын алды. Приказдың ішіндегі жекелеген казармалар кіре тартқан көпестер токтап, демалатын үйлер мен олардың жүгін қоятын қоймалар ретінде де пайдаланылды. 1835 жылы округ құрамында 71 262 тұрғыны бар 15 қазақ болысы мен 9 ағаш үйі бар бір орыс поселкесі болды. 1840 жылы Ақмола бекінісінде жоба бойынша көп қырлы пішінде болуға тиісті бес мұнарасы бар доға іспетті бекініс қабырғалар салынды. Қамал бекіністің солтүстік жағынан орталық мұнара тұрғызылды. Оның зеңбіректің ұңғысы орналасқан төменгі жағы шикі кірпіштен салынды. Уақыт өте келе бекіністің айналасына адамдар коныстанып, болашақ Ақмола (қазіргі Астана) аудандарының негізі қалана бастады. Ең алғашында үлкен қала екі мектеп – казак мектебі мен мешіт жанындағы медреседен, бір май қайнату орнынан, екі ұстаханадан, екі нан қорын сақтайтын дүкеннен, бір шарап салатын жертөледен және он бір ішімдік ішетін орыннан басталған болатын. Кейіннен 1845 жылы Ақмола бекінісі станица мәртебесін алып, онда казактар отбасыларымен келіп қоныстана бастады. Бұл аралықта Ақмола бекінісі тұрғындарының саны екі мыңға дейін жетті. Көпестер біртіндеп Ақмоладан дүкендер аша бастады. Қала кіре тартушылар мен жергілікті сауда орталығы ретінде маңызды рөл атқарды. Ақмоланың тиімді жерде орналасқаны туралы Ресей империясының 1863 жылғы География және статистика сөздігінің (Санкт-Петербург) түйіндемесінде көрсетілген. Атап айтқанда, онда осы географиялық орталықтың Қарғалыдан шығысқа, Ақтау айлағынан оңтүстікке және Атбасар арқылы өтіп Көкшетаудан батысқа қарай созылып жатқан жаңа жол желілері туралы айтылады. Көптеген тарихи дереккөздерден Ақмола даласының әрқашан түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара алмасу орталығы болғаны мәлім. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта тарихшы Геродот тура осы Сарыарқада жатқан Ұлы Дала арқылы өтетін желіні, яғни кейіннен Ұлы Жібек жолы деген атпен танылған керуен жолы туралы айтқан. Жолай өтетін кірешілер дәстүрлі мал және ауыл шаруашылығымен айналысатын қалалардағы сауда мен қолөнер кәсібінің тиімді дамуына өз септігін тигізді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
27.02.2013 04:46 6565

Қазақстанды Ресейге қосудың негізгі нысандары – әскерилер мен қазақтар тұрғызған әскери бекіністер, округтік приказдар, станицалар мен шекаралық шептер, оған қоныстандырылған әскерлер мен қоныс аударылған шаруалар болды. Солардың бірі Ақмола бекінісі туралы кейбір тарихи деректерде айтылған. 1830 жылы Караөткел елді мекенінің сол жағалауында алғашында ағаштан салынған Ақмола бекінісі бой көтерді. Кейіннен оның қасынан саудагерлер мен көпестерге арналған тұрғын үйлер, казармалар тұрғызылды. Алғашында приказдық ішінен тұрғын-жай әрі қорғаныс шебі болатын шикі кірпіштен тұрғызылған бірнеше үйлер мен казармалар салынды. Қазына ғимараттары, кеңселер, лазарет пен ас үйлер бар бірінші қатар өзен жағасына орналасты. Екінші қатардан офицерлер үйлері, казармалар, қару-жарақ қоймалары және т.б. сол сияқты әскери мәні бар ғимараттар орын алды. Приказдың ішіндегі жекелеген казармалар кіре тартқан көпестер токтап, демалатын үйлер мен олардың жүгін қоятын қоймалар ретінде де пайдаланылды. 1835 жылы округ құрамында 71 262 тұрғыны бар 15 қазақ болысы мен 9 ағаш үйі бар бір орыс поселкесі болды. 1840 жылы Ақмола бекінісінде жоба бойынша көп қырлы пішінде болуға тиісті бес мұнарасы бар доға іспетті бекініс қабырғалар салынды. Қамал бекіністің солтүстік жағынан орталық мұнара тұрғызылды. Оның зеңбіректің ұңғысы орналасқан төменгі жағы шикі кірпіштен салынды. Уақыт өте келе бекіністің айналасына адамдар коныстанып, болашақ Ақмола (қазіргі Астана) аудандарының негізі қалана бастады. Ең алғашында үлкен қала екі мектеп – казак мектебі мен мешіт жанындағы медреседен, бір май қайнату орнынан, екі ұстаханадан, екі нан қорын сақтайтын дүкеннен, бір шарап салатын жертөледен және он бір ішімдік ішетін орыннан басталған болатын. Кейіннен 1845 жылы Ақмола бекінісі станица мәртебесін алып, онда казактар отбасыларымен келіп қоныстана бастады. Бұл аралықта Ақмола бекінісі тұрғындарының саны екі мыңға дейін жетті. Көпестер біртіндеп Ақмоладан дүкендер аша бастады. Қала кіре тартушылар мен жергілікті сауда орталығы ретінде маңызды рөл атқарды. Ақмоланың тиімді жерде орналасқаны туралы Ресей империясының 1863 жылғы География және статистика сөздігінің (Санкт-Петербург) түйіндемесінде көрсетілген. Атап айтқанда, онда осы географиялық орталықтың Қарғалыдан шығысқа, Ақтау айлағынан оңтүстікке және Атбасар арқылы өтіп Көкшетаудан батысқа қарай созылып жатқан жаңа жол желілері туралы айтылады. Көптеген тарихи дереккөздерден Ақмола даласының әрқашан түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара алмасу орталығы болғаны мәлім. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта тарихшы Геродот тура осы Сарыарқада жатқан Ұлы Дала арқылы өтетін желіні, яғни кейіннен Ұлы Жібек жолы деген атпен танылған керуен жолы туралы айтқан. Жолай өтетін кірешілер дәстүрлі мал және ауыл шаруашылығымен айналысатын қалалардағы сауда мен қолөнер кәсібінің тиімді дамуына өз септігін тигізді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға