Жаңалықтар

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887 жж.)

Дәулеткерей  – күйші-композитор, күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Әкесі – сұлтан Шығай Нұралыханов – Бөкей ханның інісі. Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы құнды деректер берген де сол кісі көрінеді. Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған. Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ, гитара мен мандолинаны да тарта білген. Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесінде болады. Жастайынан әнге құмар болған Дәулеткерей көптеген әнші-күйшілермен танысып, домбырашы Мүсірәліден Арынғазы, Жантөренің күйлерін үйренеді. Ол Орынбордан оқу бітірген қазақ жастарымен байланыс жасап, Бөкей ордасын басқару жөніндегі уақытша кеңестің төрағасы Г.В.Ващенкомен (1791-1869 жж.) достасады. Дәулеткерейдің ноғай, шеркеш, қызылқұрт руларына, кейін Бөкей ордасының бүкіл қалмақ бөлігіне сұлтан болып сайлануына осы Ващенконың септігі тиеді. 1854 жылы Бөкей даласына келген орыс географиялық қоғамы ғылыми экспедициясының құрамындағы суретші Р.Чередеев Дәулеткерейдің суретін салған. Дәулеткерей Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Петербург қаласында болып, мәдени мұралармен танысты. Әсіресе, ұлы композитор Құрманғазымен кездесуі күйшінің өмірінде елеулі із қалдырды. Дәулеткерейдің тұрмыстық жанрдағы, сондай-ақ «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа», «Қыз Ақжелен», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты эйелдер образының галереясын жасаған туындылары дүниеге келді. Орыс музыкасының әскери марштардың әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан», т.б. күйлерін шығарды. 1871 ж. досы Салық Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін толғайды. Төгілген әуен мен сезім тербер ырғаққа толы, шиыршық атқан «Бұлбұлын» да осы тұста шығарады. Дәулеткерейдің кейінгі туындыларында терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Бұл қасиет халық симфонизмінің тамаша үлгісі саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлерінен айқын аңғарылады
27.02.2013 03:12 29333

Дәулеткерей  – күйші-композитор, күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Әкесі – сұлтан Шығай Нұралыханов – Бөкей ханның інісі.
Атақты музыка зерттеушісі, академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, Дәулеткерейдің туған жиені, Кеңес өкіметінің тұсында өмір сүрген Науша Бөкейханов күйшінің елу шақты күйін тартады екен. Даңқты сазгер туралы құнды деректер берген де сол кісі көрінеді.
Дәулеткерей бала кезінде молдадан оқып, мұсылманша хат таныған. Орысша үйреніп, оқи да, жаза да алатын болған. Кішкентайынан-ақ оқымысты бала атанған.
Дәулеткерей орыс және Еуропа музыкасымен жастайынан танысқан деген жорамал бар. Ол орыстың балалайкасында шебер ойнапты. Сондай-ақ, гитара мен мандолинаны да тарта білген.
Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесінде болады. Жастайынан әнге құмар болған Дәулеткерей көптеген әнші-күйшілермен танысып, домбырашы Мүсірәліден Арынғазы, Жантөренің күйлерін үйренеді. Ол Орынбордан оқу бітірген қазақ жастарымен байланыс жасап, Бөкей ордасын басқару жөніндегі уақытша кеңестің төрағасы Г.В.Ващенкомен (1791-1869 жж.) достасады. Дәулеткерейдің ноғай, шеркеш, қызылқұрт руларына, кейін Бөкей ордасының бүкіл қалмақ бөлігіне сұлтан болып сайлануына осы Ващенконың септігі тиеді. 1854 жылы Бөкей даласына келген орыс географиялық қоғамы ғылыми экспедициясының құрамындағы суретші Р.Чередеев Дәулеткерейдің суретін салған.
Дәулеткерей Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Петербург қаласында болып, мәдени мұралармен танысты. Әсіресе, ұлы композитор Құрманғазымен кездесуі күйшінің өмірінде елеулі із қалдырды.
Дәулеткерейдің тұрмыстық жанрдағы, сондай-ақ «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», «Қосалқа», «Қыз Ақжелен», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты эйелдер образының галереясын жасаған туындылары дүниеге келді. Орыс музыкасының әскери марштардың әсерімен «Ващенко», «Қос ішек», «Қоңыр», «Топан», т.б. күйлерін шығарды. 1871 ж. досы Салық Бабажановтың қазасына арнап «Салық өлген» атты жоқтау күйін толғайды. Төгілген әуен мен сезім тербер ырғаққа толы, шиыршық атқан «Бұлбұлын» да осы тұста шығарады. Дәулеткерейдің кейінгі туындыларында терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Бұл қасиет халық симфонизмінің тамаша үлгісі саналатын «Демалыс», «Төндірме», «Керілме», «Жігер» сияқты күйлерінен айқын аңғарылады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға