Жаңалықтар

Алтынсарин олимпиадасында қыз балалар білімі сыналады

Ақпанның 27-сі күні еліміздің бес облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиада өтеді. Білім сайысына тек қана қыз балалар қатысады.  «Қыздар университеті» медиаорталығы қызметкерлерінің хабарлауынша, олим­пиа­даны Қазақ мемлекеттік қыздар педа­гоги­ка­лық университеті ұйымдастырып отыр. Уни­верситет ректоры Динар Нөкетае­ваның айтуынша, оның мақсаты – мектеп­тердің бітір­гелі отырғандар арасынан ерекше қа­білетті жастарды анықтау. Олим­пиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағыл­шын тілі, физика, биология, география, дү­ние­жүзі тарихы пәндері бойынша өткізі­ле­ді. Сайыстың ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл. «Ы.Алтынсарин – 2013» аталатын олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыз­дар педагогикалық университетіне түсу­ге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш орынды иеленген оқушы таң­да­ған маман­дығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда уни­вер­ситет рек­торының шәкіртақысыз гран­ты­на ие бола­ды. Жүлделі орын алмаға­ны­мен, олимпиа­да­ның жоғары деңгейлері­нен өткендерге жоға­ры оқу орнына бірінші кезекте қабыл­­дануға құқық беретін серти­фи­каттар табыс етіледі. Білім сынағы сәр­сен­бі күні сағат 12:00-15:00 аралығында Ал­ма­ты, Талды­қорған, Жаркент қалалары мен Кеген ауда­нында, Тараз қаласы мен Қор­­дай ауданы­ның орталығында, Шым­кент, Түркістан қала­ларында, Қызылорда, Қа­залы, Қар­мақшы қалалары мен Жаңа­қор­ған ауданы­ның орталығында және Өске­мен қаласын­да өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында анықталып, марапатталады. Еске сала кетейік, былтыр Ы.Алтынсарин атын­дағы олимпиадада 21 жеңімпаз Қыз­дар университеті ректорының грантын иеленген болатын. Автор: Болатбек МҰХТАРОВ  Алаш айнасы
26.02.2013 12:02 4723

Ақпанның 27-сі күні еліміздің бес облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиада өтеді. Білім сайысына тек қана қыз балалар қатысады. 
«Қыздар университеті» медиаорталығы қызметкерлерінің хабарлауынша, олим­пиа­даны Қазақ мемлекеттік қыздар педа­гоги­ка­лық университеті ұйымдастырып отыр. Уни­верситет ректоры Динар Нөкетае­ваның айтуынша, оның мақсаты – мектеп­тердің бітір­гелі отырғандар арасынан ерекше қа­білетті жастарды анықтау. Олим­пиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағыл­шын тілі, физика, биология, география, дү­ние­жүзі тарихы пәндері бойынша өткізі­ле­ді. Сайыстың ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл. «Ы.Алтынсарин – 2013» аталатын олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыз­дар педагогикалық университетіне түсу­ге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш орынды иеленген оқушы таң­да­ған маман­дығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда уни­вер­ситет рек­торының шәкіртақысыз гран­ты­на ие бола­ды. Жүлделі орын алмаға­ны­мен, олимпиа­да­ның жоғары деңгейлері­нен өткендерге жоға­ры оқу орнына бірінші кезекте қабыл­­дануға құқық беретін серти­фи­каттар табыс етіледі. Білім сынағы сәр­сен­бі күні сағат 12:00-15:00 аралығында Ал­ма­ты, Талды­қорған, Жаркент қалалары мен Кеген ауда­нында, Тараз қаласы мен Қор­­дай ауданы­ның орталығында, Шым­кент, Түркістан қала­ларында, Қызылорда, Қа­залы, Қар­мақшы қалалары мен Жаңа­қор­ған ауданы­ның орталығында және Өске­мен қаласын­да өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында анықталып, марапатталады. Еске сала кетейік, былтыр Ы.Алтынсарин атын­дағы олимпиадада 21 жеңімпаз Қыз­дар университеті ректорының грантын иеленген болатын.

Автор: Болатбек МҰХТАРОВ 

Алаш айнасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға